Қазақстан ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде.
Мәдени ынтымақтастыққа қажеттілік ТМД елдерінің интеграциясы үшін маңызды рөл атқарады. Посткеңестік кеңістік айтарлықтай дәрежеде орыс тілімен және тығыз ұлтаралық байланыстармен, КСРО кезіндегі мемлекеттік стандарттар бойынша қалыптасқан білім беру және техникалық мәдениетпен т.т. біріктірілді. ТМД елдерінің халықтары интеграцияға анық қажеттілікті сезінді, себебі, қоғамдық санада бұрынғыша біріктіруші ұстанымдар алдыңғы қатарда тұрды. КСРО кезеңінде «Үлкен отбасында» бірге түрған әр түрлі ұлттар өздерін жағымды жағдайда сезініп, өмір жоспарларын құрып, ұрпақ тәрибелеп, қалыпты жұмыс жасап, біраз жетістікке жеткен болатын. Мемлекеттің ұлттық саясатында көптеген қарама-қайшылықтар орын алғанымен, күллі әлем санасатын ұлы елде бірге өмір сүргендігін сезінеді.
Әлеуметтік сұрақ-жауап бойынша талдаулар көрсеткендей, Қазақстан бүгінде әлдеқайда Еуразиялық бағыт-бағдар ұстаған ел. ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандықтар шетелдерден жұмыс күшін енгізуге үзілді-кесілді қарсы емес. Олар өздері үшін айтарлықтай қауіп-қатерді сезінбейді және бәсекелестіктен қорықпайды (Қосымша, 10,11). Қай елде тұрғыңыз келеді деген сұраққа жауап бере келіп, БЭК-тің 4 елінің азаматтары әртүрлі көзқарас білдіреді. БЭК-ті қолдайтындар Қазақстан тұрғындарының ішінде басым (27%), ал Белоруссияда бұл көрсеткіш төмен (24%, 22%-ы Біріккен Еуропада өмір сүруді қалайды). Украинада да Біріккен Еуропаға ұмтылады (30% қарсы дауыс берсе, 26% БЭК үшін дауыс берді). Ал Ресейге келсек өз елінде өмір сүргісі келгендер (30%) мен қайта құрылған КСРО-да өмір сүргісі келетіндер де бар (27%). Ал БЭК пен Біріккен Еуропаны жақтаушылар әлде қайда аз (14-15%). Салыстырмалы түрде алсақ Қазақстан елдің дербес үлттық дамуын қолдайтындар саны бойынша екінші орынды алады (25%), ал Белоруссия мен Украина үшінші орында түр (20-21%). Сонымен кестеден Қазақстан түрғындарының интеграцияны қолдайтынын байқаймыз /23,47/.
Бүл объективті ортақ бағыттағы әрекет етуші үдерістің ТМД-ның дамуы үшін үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Ол халықтардың тарихи жалпылығына, әлеуметік гуманитарлық ақпараттық салалардағы көп қырлы байланыстарға сүйенеді. Гуманитарлық салада басты міндеттің бірі болып тарихи қалыптасқан ортақ білім беру, ғылым және мәдениет кеңістігін одан эрі дамыту интеграциялық үдерістерді ынталандырушы негізгі маңызды фактор ретінде қалып отыр. Гуманитарлық саладағы оңтайлы әдістерді зерттеу барысында білім беру, мәдениет, денсаулық, туризм, гидромет-рология және экология салаларында ТМД-ның үйлестіруші құрылымдары (ынтымақтастық жөніндегі кеңістіктер) құрылған. ТМД қүрылған кезден бастап оның қызметінің басты аспектісі ЕҚЫҰ құжаттары мен халықаралық қүқық нормаларымен, жалпыға бірдей танылған ұстанымдармен сәйкес келетін адам еркіндігі мен қүқығын қамтамасыз ету болып табылады. ТМД-ны дамытуда, халықтардың рухани ортақтығын сақтап және нығайтуда мэдениет саласындағы өзара әрекеттердің маңызы зор. Қоғамдық пікір мен мамандардың ойынша осы салада олардың ынтымақтастығы жемісті дамуда. Бұл өзара байланыстарды реттеудегі Келісім, ТМД аясындағы бекіген алғашқы ресми келіссөздер еді. Олар тарихи және мәдени құндылықтардың тағдырына қатысты мэселелерді шешіп, бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағатына қатысты мұрагерлік мэселелерді реттеді. 1992 жылы мамырда Ташкент қаласында ТМД мемлекеттерінің мәдени ынтымақгастығы туралы көп жоспарлы келісімге қол қойылды. 1995 жылы наурызда Минск қаласында мәдени ынтымақтастық жөнінде Кеңес қүрылып, ол ТМД органдарының бірден-бір белсенді әрі өнімді жұмыс істейтін құрылымы болды. Оның жұмысына бақылаушы ретінде кәсіподақтардың Жалпы Конфедерациясы және мәдени байланыстардың Халықаралық ассоциациясы қатысты. Кеңестің ұсынысы бойынша және оның тікелей қатысуымен Минскіде ТМД елдері мәдениет қызметкерлерінің Бірінші конгресі табысты өтті. Бірлескен бағдарлама аясында халықаралық кездесулер мен театр фестивалдары, байқаулар, көрмелер ұйымдастырылды. 1996 жылы наурыз айында қол қойылған экономикалық жэне гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы РФ, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы келісім шарттың принципті маңызы бар. Онда интеграцияның негізгі мақсаттарымен қатар азаматтарды элеуметтік қорғаудың минималды стандарттарын жасау жоспарланды; білім алуға тең мүмкіндік беру және ғылым мен мәдениет жетістігіне қол жеткізуге барынша жағдай жасау көзделіп, заңнамаларды үйлестіру қарастырылды /23,57/.
Мәдениет саласындағы ынтымақтастық көрсеткендей өзара мүдделілік пен мақсат-мүдде бір бағытта болғанда ғана мемлекет дами алады жэне бүрынғы байланыстарды нығайтады. Мәдениет саласындағы интеграциялық құрылымдардың келешектегі жұмыс бағыттары 1998 жылы 22 қаңтарда Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша "Қарапайым адамдарға қарай он қадам туралы" Мәлімдемесінің жобасын талқылаған Кедендік одақтың мемлекетаралық кеңесінің қызметінен көрінді. Сэуір айында ҚР Президенті "Қарапайым адамдарға қарай он қадам туралы" Мәлімдемені нақтылай түсіп, оны тұтас іс-әрекет бағдарламасы ретінде үсынды. 1998-1999 жылдары ТМД-ның 5 мемлекетінің басшылары бағдарламаны құраушы 10 құжатқа қол қойып, онда мынадай мэселелер қаралды: азаматтықты қабылдауда жеңілдетілген тәртіп енгізу; басқа елдің аумағында жүріп жатқан екінші бір мемлекеттің азаматына жедел медициналық көмек алудың бірдей жағдайын ұйымдастыру (1998 жылы 24 қарашада БР, ҚР, Қырғызстан және РФ үкіметтерінің арасында сэйкесті келісімге қол қойылды); Кедендік одақ елдерінің әр елінің газет-журналға еркін жазылуын және оның жеткізілуін қамтамасыз ету (сол уақытта сәйкесті хаттамаға қол қойылды); одақтың барлық мемлекеттерінде телерадио бағдарламаларды көрудің ыңғайлы жағдайын туғызу (1999 жылғы 26 ақпандағы Келісім 2000 жылы 11 ақпанда күшіне енді); орта білім туралы куәлікті, орта және жоғары білім туралы дипломды, ғылыми атақтар мен дәрежелер туралы дипломды өзара тану (1998 жылғы 24 қарашадағы келісім 1999 жылы 1 қазанда күшіне енді.
2000 жылы 23 мамырда 2000-2004 жылдарға арналған гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың Негізгі бағыттары бекітілді. Бүл бағдарламада азаматтық еркіндік пен адам құқығын қамтамасыз ету, білім және ғылым, жастар саясаты, спорт және туризм, ақпарат, медициналық, әлеуметтік қамту және халықты жүмыспен қамтамасыз ету мәселелері белгіленді. Тұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру және оның механизмдері мен жағдайларын жасау саласында негізгі міндеттер қойылды. Интеграциялық үдерістерді дамыту мен қолдау мэселесін реттеу үшін нормативті базаларды қалыптастырьш, этникалық азшылыктың мәдени мүрасын және кедендік одақ елдері халықтарының мәдениетінің ұлттық түрлерін қолдаудың да маңызы қарастырылды [296]. Сонымен қатар жекелеген елдердің аумағында барлық құзырлы институттар мен азаматтық құқықты қорғау жэне одаққа мүше мемлекеттердің кез-келген азаматының еркіндігін қорғау, кез-келген салада заңнамалық көмек көрсетуге кепілдік беру, мэдениет жэне ғылым кадрларының біліктілігін жетілдіру жэне қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру, одаққа қатысушы елдер халықтарының мәдени, діни, тарихи, ұлттық дәстүрлері туралы бірлескен телерадио бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Гуманитарлық жэне басқа да салалардагы Қазақстанның интеграцияға тигізген үлкен ықпалы мен белсенді рөлінің көрсеткіші ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998-2000 жылдары Кедендік одақтың мемлекетаралық кеңесіне төрағалық етуі болды. 2005 жылға дейін мэдениет саласындағы ТМД елдері ынтымақтастығының негізгі шараларының бағдарламасын жүзеге асырудағы бірлескен акциялар 2000 жылы маусымда Мәскеуде ТМД елдерінің үкіметі мен мемлекет басшыларының мэжілісінде қабылданып, халықтардың өзара түсінісуі мен мэдениеттердің бірін-бірі байытудағы ісіне қызмет етеді. Онда ортақ ақпараттық кеңістік құру жэне үлттық ақпараттық жүйенің өзара байланысын дамыту, нормативтік-қүқықтық базаны жетілдіру және гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылды. Бүл бағыттағы интеграцияның жаңа келешегі 2005 жылы тамызда Қазанда өткен ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуінде белгіленді [40. 2005. 24 тамыз].
Ортақ ғылыми-технологиялық кеңістікті қалыптастырудың маңызы зор. Бүл кеңістікте ТМД мемлекеттері жоғарғы техникаларды өндіру мен игеруге бағытталған келісілген ғылыми-техникалық саясат жүргізеді. Мұның өзі үлттық экономиканың оңтайлы дамуына қызмет етеді. Осыған байланыс-ты ТМД мемлекеттері үшін қазіргі кезеңдегі басты міндеттердің бірі өндірістің технологиялық базасын түпкілікті модернизациялауды келісе отырып, жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар сапалық дәрежені арттыру және өнімнің элемдік рыноктағы жэне ішкі рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің қажеттілігі туралы ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Жаһандану жэне ғылыми-техни-калық прогресс процесі, әсіресе жаңа ақпараттық және телекоммуникация-лық технологиялардың дамуы біздің аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Алайда, біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технология-ларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды» /24-66б/.
ТМД-ның біртүгас білім беру кеңістігі дегенде білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдарының ортақтығы, мемлекеттік білім беру стаыдарттарының сәйкесуі, бағдарламалардың үйлесімділігі жэне ғылыми, ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттау жэне дайындаудағы талаптың бірдейлігі айтылады. Достастыққа қатысушы мемлекеттің аумағындағы білім беру мекемелеріндегі білім алудағы азаматтардың тең құқылығын және еркіндігін ұйымдастыру да өзекті мэселе. 1998 жылы ТМД мемлекеттерінің білім министрлігінің өкілдерінің, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық үйымдардың қатысуымен Кеңестің кеңейтілген мэжілісі өткізілді. Ол білім министрлерінің конференциясын өткізудің тәжірибесін қайта жаңғыртудағы маңызды қадам болды. 1999 жылы наурыз айында-ақ Мэскеуде 6 жылғы үзілістен кейінгі ТМД елдерінің білім министрлерінің III конференциясын өткізуге бастамашы болды. Мүнда интеграцияны нормативтік-қүқықтық және оку-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету саласындағы өзара байланыстар проблемасы жан-жақты талқыланды.
1999 жылы маусымда ҚР-ның "Білім туралы" заңы қабылданды. Бұл ЮНЕСКО үсынған, білім берудің халықаралық стандарттық классификациясына сай ұлттық білім беру жүйесінің жаңа үлгісін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осыған сәйкес үзіліссіздік жэне сабақтастық ұстанымы негізінде 4 білім беру дэрежесі белгіленді. Отандық білім беру жүйесін алдыңғы қатарлы элем тәжірибесі сараптаған жүйеге жақындастыруға маңызды қадам жасалды. Астанада құрылған Қазақстандық басты жоғары оқу орны - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, М.Б.Ломоносов атындағы ММУ филиалы мен білім беру бағдарламасын әмбебаптандыру және жаңа мамандарды халықаралық стандарттар дәрежесінде, еуразиялылықтың гуманистік негізінде дайындаудағы маңызды қадам болды. 1999 жылы қыркүйекте Минск қаласында өтпелі экономикалы елдерде орта мектепті реформалау проблемасы бойынша Орталық жэне Шығыс Еуропа, ТМД елдері білім министрлерінің Халықаралық конференциясы болып өтті. Онда ортақ бағдарламаны жүзеге асырудағы келешектегі ынтымақтастықтың бағыттары анықталып, маңызды құжаттар қабылданды. ТМД-ның үкімет басшыларының Кеңесінде (ҮБК) 2001 жылы 29 қарашада 1997 жылы 17 қаңтарда қабылданған ТМД-ның біртүтас білім беру кеңістігін қалыптастырудың тұжырымдамасын жүзеге асырудағы мемлекетаралық Бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның жобасы 2000 жылы
24 мамырда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің VII мэжілісінде және 2000 жылы 10 қазанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім министрлерінің Конференциясының V мэжілісінде де бұл бағдарлама бірауыздан қолдау тапты .
Бағдарламаны Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тэжікстан қолдады. Бағдарламаның мақсаты - ТМД-ның біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру жэне басқарудың механизмдері мен шарттарын жасау, ол үшін біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; интеграциялық үдерістердің даму мэселесін реттеуші құқықтық база қалыптастыру; біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастырудың ұйымдық және оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету көзделді. Негізгі атқарушылар ТМД мемлекеттері білім беруді басқару және ғылыми, ғыльши-педагогикалық мамандарын аттестаттаудың мемлекеттік органдары, ғылым және білім жөніндегі ТМД-ның парламентаралық тұракгы комиссиясы, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясы, Универси-теттердің Еуразиялық ассоциациясы, Ғылыми жэне ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттаудың мемлекеттік органдарының халықаралық ассоциациясы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, қырғыздық-ресейлік Славян университеті және басқа органдар болып табылады. Бағдарламаның орын-далуын үйлестіруді ТМД-ның Атқарушы комитеті және білім министрлерінің Конференциясы, білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңес жүзеге асырады.
Бағдарламада мынадай шаралар белгіленген: білім беру саласындағы интеграциялық үдерістерді дамыту жэне қолдау мәселесі бойынша құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған шаралар; ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттау мен дайындаудағы талаптарды, білім берудің барлық дәрежесіндегі мемлекеттік білім беру стандарттарын келісу; ғылыми дэрежелер мен атақтар, білім туралы құжаттардың тепе-теңдігін жэне өзара тануды қамтамасыз ету; білім беру мекемелерін аттестаттау жэне аккредитациялау тәртібін келісу; біртүтас білім беру кеңістігін ғылыми және ғылыми-эдістемелік қамтамасыз ету; оны ақпараттық қамтамасыз етудің жүйесін қалыптастыру.
Маңызды шаралардың ішінен мыналарды ерекше атап көрсетуге болады: ТМД елдерінің моделді Білім беру кодексін және Түжырымдама-сының жобасын, білім беру саласындағы моделді заңнамалық актілер жобасын жасау; ТМД-ға катысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығын қолдау Қорын қалыптастыру; білім беру туралы нормативтік актілердің мемлекетаралық қорын жасау; білім беру жүйесін анықтайтын ұғымдардың келісілген сөздігін дайындап шығару; ТМД елдерінің білім беру стандарттарының мемлекетаралық банкін қалыптастыру. Бұл тұрғыда мемлекетті ассимиляция саясатын жүргізіп отыр деп кінэлауға болмайды. Этносаралық қатынастар саласындағы үкіметтің жоғары технологиялы және сауатты құрылған стратегиясы елдің өз ішінен де және шетел тарапынан да жоғары бағаланды. Бұны ұлттық азшылық ісі бойынша ЕҚЫҮ жоғарғы комиссариаты тарапынан берілген пікірлер де дәлелдейді. Бұл ұйыммен Қазақстан 1994 жылдан бері өзара белсенді байланыс ұстайды. Жоғарғы комиссар өзінің ресми баяндамасында Қазақстан үкіметінің жұмысын жоғары бағалап, былай деп атап көрсетті: "елдегі барлық этникалық топтардьщ мүдделерін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етудің жэне этносаралық қатынастарды одан әрі үйлестірудің дэйекті саясатын жүргізеді. Бүл саясатты көптеген азаматтық институттар мен азаматтардың жэне ЕҚЫҰ сияқты халықаралық қауымдас-тықтардың қолдауы елдегі этносаралық қатынасарды тұрақтандыруда берік негіз болады" /16-61б/.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жүріп өткен жол ТМД елдері үшін үлгі болуға тұрарлық: оны мекендеуші халықтардың этникалық және мәдени өзара байланыстары ерекше құбылыс болып табылады, адам өмірінің барлық саласын қамтитын - тіл, өмір сүру үрдісі, дәстүр, конфессионалдық ерекшелІк, ойлау және діл арасында өзара сыйластық, құрмет қалыптастыру этносаралық қатынас сияқты өте нәзік салада оңай іс емес. ҚР-ның үлттық саясаты нақты үстанымдарға негізделген: этносаралық өзара байланыс түрлерін іздестіру, ұлттық мәселені шешудегі эділ база ретінде қоғамдық түрақтылықка ұмтылу; заңның үстемдік құруы; мемлекеттік тэуелсіздікті нығайтып, интеграциялық саясатты жандандыру. Бүгінде ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы Қазақстан үкіметінің технологиялық тэжірибесі әлемде үлгі ретінде мойындалып, басқа елдерге ұсынылуда. Бұл елімізді халықаралық дәрежеде қабылдаудың жағымды негізі. Бүл экономика саласында инвестициялардың ағылу қарқынынан және азаматтардың ертеңгі күнге деген рухани және психологиялық сенімділігінен көрінеді.
2005 жылы 6-7 қазанда Бішкекте ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы әлеуметтік саясат жөніндегі Түрақты комиссиясы "ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерінің білім жүйесін реформалау жағдайындағы ортақ білім беру стандарттарын қалыптастыру" дөңгелек үстелі аясында ЕурАзЭҚ-тың білім туралы заңнамалық негізінің жобасын талқылады. Білім туралы қазіргі моделді зақдар тек ұсыныстық сипатта қалып жұмыс істемейтіндігі аталып көрсетілді. Білім туралы ЕурАзЭҚ-тың ұсынылған заңнамалық Негізінің жобасы парламентаралық ассамблея қабылдағаннан кейін әрбір қатысушы елде бекітіліп, одан кейін орындауға міндетті заңнамалық акті болады. Белоруссияда кеңестік білім берудің жақсы дәстүрлері сақталып, білім тегін барлық сатысында да қол жетерлік және сонымен қатар жекеменшік жоғары оқу орындары үшін де бос кеңістіктер бар. ҚР Аль-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті (Алматы) мен Л.Гумилев атындағы Еуразия университетіне шетелдік оқытушыларға ақы төлеу үшін 1 млн. доллардан бөлініп, оқытушылардың көпшілігі негізінен Ресейден алынды.
"Білім туралы ЕурАзЭҚ-тың заңнамалық негізін" жасау, ұсыныстардан ұлттан жоғары ЕурАзЭҚ-тың заңнамаларына өтуге дайындығын білдіреді. Оларды қабылдағаннан кейін және парламенттің ратификациясынан соң бұл Негіз барлық ЕурАзЭҚ мемлекеттері үшін ортақ заң болады және қатысушыларды нақты интеграцияға жетелейді. Негіздің жобасы мүндай дәрежедегі бірінші әлеуметтік саладағы заңнамалық актісі ретінде басқа осындай заңнамалық актілердің жобасы үшін өзіндік бағыт бағдар бола алады. Ортақ білім беру кеңістігі бұрынғы одақтас республикалар азаматтарына тандаулары бойынша білім алу мүмкіндігімен қоса ТМД мемлекеттері шеңберінде жұмысқа орналасуға жағдай туғызады. Задды жобаларды дайындаумен қатар ТМД елдерінің азаматтары үшін ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ашық білім беру жүйесін қалыптастырудың шаралары да қолданылу керек. Бірак, кейбір елдерде Біртұтас Мемлекеттік емтиханның (БМЕ), ал Қазақстан сияқты басқа бір елдерде Үлттық бірыңғай тестілеу (ҮБТ) жүйесінің енгізілуімен ЕурАзЭҚ-тың қандай да бір елінде кәсіптік білім алған адам екінші бір елде өзінің мәртебесін жүзеге асыруы қиын.
2005 жылы қыркүйекте жоғары білім туралы дипломды ресмилендіру (нострификациялау) тәртібі туралы ЕурАзЭҚ-тың елдері арасындағы келісімге қол қойылды. Шетелдік профессор-оқытушы мамандарын тартудың тәжірибесі және ҚР-да білім мекемелері үшін жүргізіліп жатқан салықтық жеңІлдіктер қауымдастықтың басқа да мүшелеріне үсынылды. РФ ТМД және Балтық жағалауы елдері азаматтары үшін арнайы бағдарлама әзірлеп, Ресейдің жоғары оку орындарында оқуға жэне жоғары оқу орынынан кейІн білім алуға гранттар бөлді. Мұндай гранттар бұрынғы одақтас республикаларға бөлгенде оннан аспайды. Ал посткеңестік кеңістікке деген өз кызығушылығын жасырмайтын кейбір мемлекеттер (АҚШ, Түркия т.б.) өздерінің оқу орындарынан Қазақстан азаматтары үшін тегін білім алуға жүздеген және мындаған орындар бөледі. Сондықтан форумда Ресей Мемлекеттік Думасына 2006 жылғы бюджетті өсіруге үсыныс жасалып, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттерінің азаматтарымен шектелмей, кеңірек, ТМД жэне Балтық жағалауы елдері азаматтары үшін Ресейде білім алуға гранттарды екі есе көп бөлу ұсынылды /18-78б/.
Посткеңестік жылдардың өн бойында халықтың денсаулығын нығайтып сақтауда өзара көмек көрсетудің бұрынғы дэстүрін сақтап, өрістетуге эрекет жасалды. 1992 жылы маусымда үкімет басшылары келісімге қол қойысып, ондаған мемлекетаралық құжаттар дайындалып, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бойынша Кеңес құрылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан ұсынылған Еуро-Азиялық одақ кұру арқылы жүргізілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында ТМД мемлекеттерінің өзара қатынастарын концептуалды, саяси құқықты, әлеуметтік ментальды және мәдени қайта қалыптастыруда бірден-бір өзекті рөл атқарғанын айтқымыз келеді. Ол сапалық тұрғыдан қайта ой елегінен өткізілген Еуразиялық тұжырымдамаға негізделеді. Өйткені жүз жылдықтың басында, оның қалыптасу кезеңінде ұлаңғайыр континенттің болашағын халықтардың және мәдениеттердің тарихи қалыптасқан көп жақты байланыстарымен сабақтастыра қарастырып, бұрынғы Ресей империясы мен КСРО-ның кұрамындағы халықтардың тарихи ортақ тағдырына арқа сүйеді. Жаңаша ой елегінен өткізілген Еуразиялылық идея жаңа дәуірдің талабы ретінде Қазақстан Республикасының халықаралык идентификациясы мен посткеңестік жаңару проблемаларын шешуде негізгі доктрина болды. Ежелгі дәуірде және орта ғасырда көшпелі, отырықшы мәдениет қатар қолданылған аймақтың экономика-жағрафиялық бірлігі тұтас шаруашылық жүйесін қалыптастыру қажеттігін анықтады. Бұнда екі мәдениет бір-біріне қарсы келмей, керісінше бірін-бірі толықтыра отырып дамыды. Көшпелі өркениет Еуразиялық бірліктің тарихи негізінің қалыптасуында зор рөл атқарды. XX ғасырда бұрынғы кеңестік одақ аумағында бұрын әлемдік тәжірибеде болмаған белсенді мәдени даму жүзеге асырылды. Нәтижесінде Қазақстанның және бұрынғы кеңестік республикалардың жаңа тарихында айрықша маңызды, жаһандану дәуірінің талаптарына жауап беретін жаңа сападағы интеграцияның алғышарттары калыптасты. Қазақстанның мултимәдениеттілігін күшейтудің тарихи үрдісі өте маңызды рөл атқарып, нәтижесінде оның халқының кұрамын ұлттық күрделендіре түсті.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан дипломатиясының күшімен Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің халықаралық кепілдігін камтамасыз ететін көпвекторлы сыртқы саяси бағыты бекіді. Көптеген мемлекеттердің толық қолдауына және мойындауына ие болған Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болды. Екінші мыңжылдықтың аяғында биполярлы әлемнің күйреуі, жалпы әлемдік құрылыстың өзгеруі, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму саласында жаңа жаһандық кұбылыстардың пайда болуы қазіргі қоғамды өтпелі жағдайға алып келді. Жаһандану мен аймақтанудың әлемдік үдерісі тұрғысында ТМД кеңістігіндегі интеграция бас тарта алмайтын қажетті құбылыс болды.
Осы тұста Қазақстан үшін Орталық Азия елдері мен көршілес Ресей басым мәнге ие. Халықтардың даму болашағын мақсат тұтқан экономикалық, технологиялық, әскери, мәдени интеграция объективті қажеттілік бола тұра бұл бағыттағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарды ескермеуге болмайды. Олардың ішінде ТМД елдерінің құрылысы мен саяси-құқықтық мәдениетінің әр түрлілігін, осы елдерде жүргізіліп жатқан реформалардың сипаты мен қарқынының сәйкес келмеуін, жалпы бұл үдерістің көп жағдайда ТМД басшылары көзқарастарының қиыспаушылығын атап өтуге болады. Сондықтан да бұрынғы кеңестік республикалар қарым-қатынасының жаңа түрінің жолына қарай алғашқы қадамды Қазақстан жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласына Н.Ә, Назарбаевтың ұсынысымен жиналған бұрынғы кеңестік 11 республиканың басшылары жаңа бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаған қүжаттың бірі Декларацияға қол қойды. ҚР-ның Президенті бұрынғы барлық кеңестік республикалардың ТМД-ға тең құқықты қатысуын ұсынды.
Тарихта және қазіргі кезенде болашағы зор экономика, әлеуметтік, саяси, көп қырлы мәдениет салаларындағы өзара байланыс пен өзара ықпал, мемлекеттілік және басқару жүйесіндегі дәстүр мен тәжірибе алмасу -мемлекет пен қоғамды байланыстыру үшін салмақты алғышарт болды. Қазақстанның ТМД елдерімен, әсіресе Ресеймен және Орталық Азия елдерімен қатынасының геосаяси, экономикалық мэні өте ерекше және болашағы зор. ТМД елдері - сабақтас мүдделердің табиғи аймағы. ТМД-ның жекелеген облыстары мен аймақтарының куш біріктіруінің өзі бұл елдердің және Қазақстанның салмағын халықаралық қатынастарда арттырады. Ал өзара экономикалық байланыстарды белсенді кеңейту олардың экономикалық дамуындағы маңызды фактор бола алады.
XX ғасырдың 90 жылдарындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарға қарамастан, ТМД ұлы державаның кұлауы себебінен туындыған объективті зардаптарды азайту тәсілі, сонымен қатар жаңа мемлекеттер арасындағы катынастың жаңа тұрпаты ретінде қалыптасты. Өйткені, әр түрлі формадағы экономикалық теңелу көптеген посткеңестік республикаларға қажет болды. Бұл фактор ұзақ мерзімді сипатта болды. Сонымен қатар Еуропадан айырмашылығы, бұнда бір жолды қайта жүрудің қажеттілігі жоқ, себебі ТМД мүшелері бұрыннан біртұтас экономикалык, саяси және мәдени кеңістік болды да бұл мұраның маңызды элементтері сақталды. Іс жұзінде бұрынғы кеңестік республикалардың саяси тәуелсіздігін сақтау жағдайында посткеңестік кеңістік бөлігінің экономикалық сәйкессіздік туралы болып отыр. Олардың арасындағы нарықтык қатынастарды, бірінші кезекте ЕурАзЭҚ пен БЭК және ШЫҰ-ы шеңберінде қалыптастыру да маңызды іс болды.
Тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуына орай ТМД елдерінің басшы топтарының теңелу олардың егемендігіне қауіп төндіреді деген қорқынышы сейілді. Үшінші елдің рыногына отын-шикізат экспортын одан әрі бағдарлау есебінен тұрақты валютаға енуді күшейту мүмкіндігі бірте-бірте күн тәртібінен түсті. Әлемдік рыноктағы катаң бәсекенің және ТМД елдерінің өндірісінде жасалған өнімдердің бәсекеге қабілетінің төмендігінен ТМД-дан сыртқа шығатын дайын өнімдер экспортын ұлғайту әлеуеті шектеулі болды. Сонымен катар ТМД елдерінің арасындағы сауданы кеңейту мүмкіндігі әсіресе дайын бұйымдармен сауда-саттық маңызды болып қала берді. Технологиялық еңбек бөлінісі және кеңестік кезеңнен мұраға калған бірыңғай стандарттар, бір-бірінің өнімімен таныстық, қызметкерлер құрамының инженерлік дайындығының ортақ сипаты және т.б. өзара айырбасты кеңейту үшін қолайлы мүмкіндік туғызады. Достастық шекарасындағы сауда-саттык азаматтық және әскери бағыттағы өнеркәсіп, жеңіл, азық-түлік өндірісінің бөлігін қолдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік- экономикалық дамудың деңгейіндегі нақты әр түрлілік және Достастық елдеріндегі қалыптасқан шаруашылық механизмдерінің сипаты қиын кедергілер туғыза қоймайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамудағы үлкен айырмашылық (мысалы, Мексика мен АҚШ, Португалия мен Германия жэне т.б.) өзара белсенді экономикалық байланыстарға кедергі келтірмеді.
Бірігушілік үдерісіне әртүрлі қарқындағы кейбір жандану мен түрлендіру енгізіп, соның нәтижесінде әртүрлі деңгейде елдер одағы құрылды. Шындығында, Н.Ә Назарбаевтың жобасындағы Еуразиялық идеяның тууымен ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы мемлекетаралық байланысты дамыту және күш біріктіру ісінде бір орыннан жылжытуға мүмкіндік туды. Бұл Кедендік одақ, сонымен қатар Орталық-Азиялық экономикалық одақ туралы келісімдерге қол қоюға алып келді. 1995 жылы Кедендік одақ қалыптаса бастады, оған Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кірді. Одақ біртұтас кедендік кеңістік құру мақсатын ұстанды және үшінші елдерге қатысты сауда тәртібін реттеуді, шаруашылық құқығын үйлестіруді, валюталық және қаржы-несиелік саясатты келісуді көздеді. Дегенмен келісімді жүзеге асыру техникалық, сонымен қатар экономикалық сипаттағы қиындықтарға кез болып, өйткені нақты салалардағы қатысушылардың мақсат мүдделері сәйкесе бермеді. Сондықтан да нәтиже күткендегідей болмады.
2000 жылдың қазан айынан Кедендік одақ Еуро-Азиялық экономикалық қауымдастық ұйымы болып қайта құрылды (ЕурАзЭҚ). Бұл ұйым оның мүшелері - ТМД елдеріндегі өзара қарым-қатынастарды тездетудің басты факторы болып, айқын ілгері басушылықты көрсетеді. ЕурАзЭҚ экономикалық саланы гуманитарлық саланың (ғылым, білім беру, мәдениет және т.б.) ынтымақтастығымен толықтырды. Тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік саясатты да үндестіру көзделді.
Аймақтық байланыстарды дамытудағы ортақ мүдделер Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркіменстаннын арасында Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымын құруға алып келді. Оның басты мақсаты кеңестік кезеңде тарихи қалыптасқан байланыстар мен еңбек бөлінісі, мәдени жақындық және аумақтық негізде экономика мен қорғаныс саласындағы саясатты үйлестіру болды. 2005 жылдың қазанынан бастап Ресей ОАЫ-ның мүшелігіне өтті, сонан кейін ОАЫ ЕурАзЭҚ-тың құрамына бірікті. Бұл Еуразиялық интеграция контексі тұрғысынан ойластырылған қадам болды және зерттеліп отырған кезеңдегі ТМД шеңберіндегі өзара байланыс тәжірибесінің жинақталуы еді.
2003 жылдың қыркүйегінде Белоруссия, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері өзара келісілген экономикалық саясат арқылы келісімнің қатысушылары арасындағы жұмыс күші мен капиталдың, тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.
Достастық аясындағы ортақ үдерістерді аймақтандырудың ықпалы барлық елдерге бірдей емес. Бір жағынан ол біртұтас кеңістікті бөлшектейді, екінші жағынан ТМД кеңістігінде ортақ жағдайы қиындаған кезде «кішігірім» интергацияға мүмкіндік туғызады. Кейбір жағдайларда әр түрлі жылдамдықтағы интеграция жалпы интеграциялық үдерістерге жағымды әсер етіп, «тазарған аймақ» қалыптастырып, басқа да елдерді ынтымақтастықтың ортақ шеңберіне тартады. ТМД шеңберіндегі аймақтандырудың позитивті сәттері баршылық. Олар ортақ интеграциялық үдерістермен кірігіп кете алады, ал кей сәттерде оларды ынталандырып та отырады. ТМД кеңістігіндегі интеграциялык және дезинтеграциялык үдерістердің өзара байланыстарының түпкілікті нәтижесі көптеген жағдайларға тәуелді. ТМД елдерінің дамуындағы ең қиын да күрделі 90 жылдардағы тарихи тәжірибе олардың бір-біріне қажеттілігін көрсетті. Кеңестік кезеңдегі республикааралық тауарларды жеткізумен және сыртқы экономикалық байланыстардың, үшінші елдерге бет бұруымен салыстырғанда өзара тауар айналысының заңды кысқаруы ТМД елдерінің байланысы үшін объективті базаның жойылуын білдірмейді. Көбіне қарым-қатынастағы киындық бұрынғы еңбек бөлінісіндегі үйлеспеушілікке, өтпелі кезеңдегі тереңдеген қиындықтарға және ТМД елдерінің саяси дамуындағы ерекшеліктерге деген қатынасынан болды. Бірақ қазір бүл бағыт-бағдар кеңейіп, интеграцияның құрамында саяси, әлеуметтік, өндірістік, экономикалық, қаржылық, мәдени, ғылыми, білім беру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бар. Сонымен катар 2005 жылы әлсіз ұйымдасқан күйде болса да, барлық бағыттағы интеграциялық үдерістердің біршама өрістеуі жүрді.
Қарастырыпотырған кезеңде Қазақстанның ТМД елдерімен өзара қарым-қатынасының дамуының бірнеше кезеңдерінен өтті.
XX ғасырдың 1990-ы жылдардың аяғында Қазақстан, Ресей және Белоруссия, сонымен қатар ТМД-ның кейбір басқа елдері нақты теңелудің екінші кезеңіне шықты. Ынтымақтастықтың жүйелі бағыттары, әсіресе бір-біріне деген өзара тәуелділік, өзара қатынастың дарашылдық сипатынан арылу жэне ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттарын жасау, ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімді сақтау алдыңғы қатарға шықты. Бұл тұста келісімнің сақталуын бақылау ортақ ұйымдарды кұрмай-ақ тараптар арасында бөлінетін болды.
ТМД кеңістігіндегі интеграцияның жетістігін былай атап көрсетуге болады: дезинтеграция және шиеленістерді тоқтату, интеграцияланудың қажеттігін түсіну жіне талпынысын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ортақ механизмін қалыптастыру, еркін сауда аймағын, еркін ілеуметтік кеңістік құру. Жүйелі реформаларды табысты аяқтау жағдайында және достастық елдерінің экономикасының тұрақты өсуінің басталуымен әлдеқайда тығыз интеграция үшін объективті алғышарттар күшейе түседі. Бұған Қазақстан айқын мысал бола алады. Соңғы жылдар бойына интеграциялық механизмдер мен құрылымдардың артықшылығына, мүмкіндігіне сүйене отырып, экономика келешегі мен кешенді реформалау міндеттерін өзара байланыста шешуде.
Бітіру жұмысының қарастыру кезеңіндегі ТМД мемлекеттерінің қызметі - қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды реттейтін және мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерін орындау жауапкершілігін бақылайтын тиісті механизмдері калыптаспаған, дағдарысты күйдегі енжар ұйым ретінде сипатталады. Бұл мемлекет басшыларының Қазанда өткен саммитінде атап өтілді. Онда 2004 жылдың 16 қыркүйегіндегі ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі шешімін жүзеге асыру туралы ақпарат таратылды. ТМД аясындағы көп жақты сауда экономикалық мәселелерін шешу туралы да ақпарат берілді. Тұтастай алғанда ТМД шеңбері Еуропалық одақтан анағұрлым төмен екендігін көрсетті.
Ортақ экономикалық кеңістік іс жүзінде сақталмады, валюталыкқодақ та болмады. Ұлттан жоғары құзыры бар орган ретіндегі ЕО институттары, тікелей сайлау арқылы сайланатын парламент, тікелей әрекет ететін құқықтық актілерді айтпағанның өзінде ТМД-ның сыртқы шекарасына бақылау орнату бағытындағы ынтымақтастық та әлсіз болды. ТМД-ға мүше мемлекеттер үшін жарғылық мақсаттар мен ұстанымдар мағынасын жоймағанымен қатысушы мемлекеттер кейбір мақсаттарға жетуге әлі толық кірісе де қойған жоқ.
1991-2005 жылдар аралығындағы ТМД қызметіне талдау жасар болсак, қатысушы мемлекеттер мүдделері тұрғысынан алғанда барлық мақсаттардын тең деңгейде жүзеге асуы мүмкін де емес еді. Саяси айырмашылықтардың орын алуына қарамастан ТМД елдерінің арасында интеграцияға деген объективті қажеттілік болды, әсіресе бұл экономикалық және социомәдени салада айқын байқалады.
Барлық Достастық аясындағы экономикалық саладағы әр түрлі қарқындағы интеграцияны ескере отырып, бүгінгі таңда экономикалық одақты дамытуды ұсыну жөнсіз болар еді. Бұл рөлге әскери-саяси ынтымақтастық мақсаттары да бәсекелесе алмайды.
Дей тұрғанмен, бүгінгі танда гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсаты өзекті болып қана қоймай, сонымен қатар оны жандандырудың объективті алғышарттары пайда бола бастады. Ішінара елдер болмаса, ТМД кеңістігіндегі барлық мемлекеттер дерлік осы кеңістіктегі азаматтардың мүдделері мен заңды құқықтарын қамтамасыз ету қажеттігін ресми деңгейде жоққа шығармайды. Әсіресе еңбек миграциясы, әлеуметтік құқық мәселе-лерінде гуманитарлық ынтымақтастықты терендетуді мойындайды. Қазан қаласында 2005 жылы 26 қазанда өткен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы Келісім сияқты негізгі құжаттардың қабылдануы ерекше қызығушылық туғызады.
ТМД-ғы кеңістігіндегі интеграциялық басым бағыт ретінде ортақ рынок құруды атауға болады. Бұл заңнамаларды бірыңғайлауды, нормативті актілерде кездесетін әр түрлі кедергілер мен шектеулерді алып тастауды, жеке меншік құқығы мен инвестициядағы шектеулерді жоюды, үшінші елдерге қатысты ортақ сауда тәртібін құруды ұсынады.
Қарастырылып отырған кезеңде құқықтық ынтымақтастық саласында да нақты алға басу байқалады. Мәселен, ТМД-ның мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен (Қазан, 26 тамыз, 2005 ж) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлігі басшыларының Кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын сәйкесті ұсыныстар жасау арқылы үйлестіруге ұмтылысы; Шешімге қол қойған мемлекеттерді заңнамалар туралы, құқықтық саясат қалыптастыру туралы және оны жүзеге асыру жөнінде ақпарат айырбастауға көмек беру. Ақпараттық айырбас, қылмыс жасаған кінәлілерді және күдіктілерді ұстап беру сияқты дәстүрлі мәселелер бойынша әділет министрлерінің ынтымақтастығы қалыптасты. Кеңес қүру фактісінің өзі және Кеңестің негізгі мақсатын анықтау - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңнамаларын үндестіру болып табылады. Бұл да ТМД-ның құқықтық жүйесін дамытудың жаңа келешегіне қарай позитивті қадамдардың бірі.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өз тарапынан ТМД шеңберінде ЕурАзЭҚ-тан БЭК-ке дейінгі интеграциялық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесінде түрақты қолдау көрсетті. 2003 жылы 19 қыркүйекте Белоруссия, Қазақстан, Ресей жэне Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру туралы келісімге қол қойып, 2004 жылы сәуірде оны төрт елдің парламенті бекітті. Құжат қатысушы мемлекеттер аумағында еркін сауда аймағын шектеусіз қалыптастыруды, жұмыс ұстанымдарын бірыңғайлауды, техникалық мөлшер мен стандарттарды қолдануды, макроэкономи-калық саясат пен заңнамаларды үндестіруді қарастырды,
Біртұтас экономикалық кеңістік ТМД кеңістігінде жетілген түрі ретінде жүзеге асыруға болатын бірден-бір қадам болды. Экономикалық дамудың әр түрлі саласындағы дайындық мөлшеріне қарай БЭК туралы келісімге қатысушылардың қосыла алатындығы маңызды болды. Н.Ә. Назарбаев ұлттық тарифтік тәртіпте сауда-саттықтың өсуіне басты кедергілерді жою үшін шекараны кесіп өтетін тауарлардың ставкасын реттейтін үкіметтен тәуелсіз орган ұйымдастыруды талап етті. Ресей жағы еркін сауда тәртібіне өтуге дайын болмады, яғни бұл жерде жылына 1 млрд. долларға жуық қаржы жоғалтар еді. БЭК-тің табысты дамуын басынан бастап, өз егемендігін қорғау мақсатымен, қандайда бір экономиканы басқаратын ұлттан жоғары органдарды құруға барынша қарсылық көрсеткен Украинаның екі жақты позициясы кідіртті.
2000 жылдардан кейінгі кезеңдерде қалыптасқан толыққанды, көп бағытты халықаралық байланыстың бірі ретінде - Шанхай ынтымақтастық үйымын атауға болады. 1996-1997 жылдардағы келісімдерді жүзеге асырудағы бірлескен жұмыстар - бір-бірінің ішкі ісіне араласпау және мемлекеттік шекараның беріктігі, қол жеткізілген келісім-шарттарды орындаудағы өз еркімен келісу, келісім арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу, өзара кеңес, бір-бірінің көзқарасына деген сыйластық, тепе-теңдік, өзара сенім мен тиімділік "Шаңхайлық рухтың" қызметінің негізін қалайды. Шындығында осы факторлар Қазақстанның бұл ұйымға деген көзқарасын нақтылай түседі: өзінің геосаяси жағдайына сүйене отырып, республика бір бағытта саясат жүргізіп, қандай да бір күшке арқа сүйей алмайды. ШЫҰ-на Қазақстанның қатысуы XXI ғасырдың басындағы заңсыз миграция ағымы, қару-жарақ жэне есірткі контрабандасы, радикалды исламның "экспорты", халықаралық лаңкестік сияқты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін замана талаптарына сай жауаптар табуына мүмкіндік береді. ШЫҰ аясындағы өзара байланыс Қазақстанға даулы территориялық мәселелерді реттеуге, жоспарлы және ашық түрде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқартуға, әскери-саяси шиеленістің қалдық элементтерін сейілтуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |