Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Мағынаны тани білу сатысы



бет5/6
Дата08.06.2016
өлшемі1.68 Mb.
#122381
1   2   3   4   5   6

Мағынаны тани білу сатысы

«Түртіп алу» стратегиясы қолданылып, талдау нәтижесі берілген сызбада белгіленеді (2-сурет).


Лирикалық өлеңді талдау сызбасы




autoshape 23autoshape 24autoshape 25autoshape 26autoshape 27autoshape 28autoshape 29autoshape 32

Лириканың түрлері

1.Саяси-әлеуметтік 2.Махаббат 3.Табиғат 4.Философиялық

5.Көңіл-күй

Өлеңнің жанры

1.Баллада

2.Толғау

3.Арнау

4.Жоқтау

5.Мысқылдау

6.Мадақтау

7.Бейнелеу

8.Ой өлең

9.Сонет

10.Ән өлең


Өлеңнің буын саны

1.Он бір буынды

2.Он буынды

3.Тоғыз буынды

4.Сегіз буынды

5.Жеті буынды

6.Алты буынды

7.Аралас буынды

8. Көп буынды

Шумақ түрлері

1.Екі тармақты

2.Үш тармақты

3.Төрт тармақты

4.Бес тармақты

5.Алты тармақты

6.Жеті тармақты

7.Сегіз тармақты

8.Ерікті өлең


Ұйқас түрлері

1.Қара өлең

2.Шұбыртпалы

3.Ерікті

4.Кезекті

5.Шалыс

6.Егіз

7.Аралас

Бунақ түрлері

1.Бір бунақты 2.Екі бунақты 3.Үш бунақты 4.Төрт бунақты



Соңғы ұйқастық буын сандары

1.Бір буынды

2.Екі буынды

3.Үш буынды

4.Төрт буынды

5.Бес буынды

6.Алты буынды

7.Жеті буынды

Өлеңді айшықтау

1.Арнау а)жырлай ә)сұрай б)зарлай

2.Қайталау а)жай ә)еспе б)әдепкі в)кезекті

3.Шендестіру

4.Дамыту

5.Түйдектеу баяндату

6.Эллипсис

7.Инверсия

8.Егіздеу

Өлең тілі

1.Синоним, омоним, антоним

2.Архаизм, неологизм

3.Жергілікті тіл ерекшеліктері

4.Мақал-мәтелдер

5.Идиома-фразалар

6.Авторлық афоризмдер

Өлеңді ажарлау

1.Өлең интонациясы

2.Ассонанстар

3.Тың эпитеттер

4.Соны теңеулер

Өлеңді құбылту

1.Ауыстыру (метафора)

2.Әсірелеу (гротеск)

3.Кішірейту (литота)

4.Кейіптеу

5.Пернелеу (аллегория)

6.Астарлау (символ)

7.Алмастыру (метонимия)

8.Мегзеу (синекдоха)

9.Әзіл (юмор)

10.Кекесін (ирония)

11.Мысқыл (сарказм)

12.Ұлғайту (гипербола)



2-сурет – Лирикалық өлеңді талдау сызбасы
Ой толғаныссатысы- сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда,қалай қолдану керектігін үйренеді. «Бес жолды өлең» стратегиясы

  • Зат есім

  • Сын есім,сын есім

  • Етістік, етістік, етістік.

  • Бейнелі сөз.

  • Синоним.

  • Тәуелсіздік

  • Қастерлі, қасиетті

  • Келді, орнады, қалыптасты

  • Ұлы арман

  • Азаттық

«Тәуелсізбін» өлеңін бекіту кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолданып, «Қазағым менің тәуелсіз» тақырыбына ойтолғау жазып, оқушыларды шығармашылыққа баулып, өз ойын еркін қағазға түсіртемін.
Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттау.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда сыныптан тыс ұйымдастыратын жұмыстардыңжұмысын жандандырып, оқушыларңа ЖОБА әдісі арқылы өз бетімен әзіденіп, нәтижесін әдеби кештер, қаырға гажеттері, слайд-фильмдер, анимациялық фильмдер, бейнефильмдер, репортаждар түрінде қорытынды сабақта есеп беруін ұйымдастыру тиімділік береді.

Сондай сыныптан тыс жұмыстардың бірі ретінде «Тәуелсіздігіміздің тұғыры мызғымасын»әдеби-музыкалық кештің әдістемелік сценарийі көрсетілді.
«Тәуелсіздігіміздің тұғыры мызғымасын!»
Тәуелсіздік күніне арналған әдеби кештің әдістемелік сценарийі
Мұғалім: Құрметті оқушылар!Жер бетіндегі әр ұлттың, әрбір мемлекеттің өзінің өшпес тарихы бар. Сол тарихи жолдың ішіндегі ең зоры мен ең маңыздысы – Тәуелсіздік.Тәуелсіздік – адамзаттың мәңгі ұмтылатын, мәңгі аңсайтын қуат көзі.Осындай ата-бабаның аңсаған арманы орындалған ел – Тәуелсіз Қазақстан. Біз осылай мақтанышпен айта аламыз!

Аңсаған Тәуелсіздікке дана басшының данышпан көрегендігі жол бастап алып келді. Тәуелсіздікке қуғын-сүргінсіз, ақыл мен жүректің, қайраттың бірлігі алып келді.Осындай адаспай тапқан Ел бақыты – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Қазақтың киелі ақ сауыты елімізді тарихтың талай соғысынан сақтап келді.Халықтың қырық қабырғасын қаусатқан талай апаттардан аман сақтап қалды.Кезінде қапыда басқа елге бодан болып кете барған Қазақ елі 261 жылдан соң еркін елге айналды.

Мемлекетіміздің алғашқы Тәуелсіздік минуттары – біздің, келер ұрпақтарымыздың қасиетті тарихына айналды.Отанын ақылымен, жан-жүрегімен сүйген Елбасының әр қадамы – тұтас Қазақстанның тарихтағы қастерлі ізіне айналды.Қазақстан Республикасы болып дүниежүзілік сахнаға жарқын келбетімізбен шыға алғанымыз – тарихымыздың тағылымды тамырлы болуынан.

Әлемдегі озық ел қатарына кіруіміз – экномикалық және мәдени әлеуетіміз қуатты болуынан.Болашаққа сеніммен келе жатқанымыз – халқымыздың бейбітсүйгіш болуынан.Оған қоса, Қазақстан тауларының әрбір тасы, өзен-су-көлдерінің әрбір тамшысы, шөлінің әрбір қиыршық құмы, даласының әрбір талы мен шөбі – Тәуелсіздігімізге тілекші болған киелі тұмарларымыз.

Тәуелсіздік үшін күрес біткен жоқ. Тәуелсіздікті алу бар да, оны қорғау мен сақтау бар.

Тәуелсіздігімізді тұғырына орнатқан – еліміздің ақылы асқан қырандары. Сол асыл ізді Қазақстанның кең арналы даму жолына айналдыру – бүгінгінің ғана емес, болашақтың ісі.

Осы Тәуелсіздіктің құнын түсініп, оны қорғауға сәби кезден дайындалатын асыл ұл мен қыз өсіру – қазіргінің басты міндеті.Отанды сүю, Тәуелсіздікті қорғау, сақтау, дамыту – аса саналы, текті ел азаматының бойынан табылатын қасиеті.

Осындай асыл тектілік ұрпағымыздың, мына сіздердің бойларыңызда өркен жайып өсе берсін! Өзімізді өзіміз тануға, бізді әлем тануына жеткізген Тәуелсіздігіміз дүние тұрғанша тұрсын!

Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын!
1-оқушы. Отан

Несіпбек Айтұлы
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.



Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!



Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,
Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.
Отан өлсе, опырылып түскенің,
Күңіреніп көрге бірге құларсың.



Біздің Отан өліп, қайта тірілген,
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.
Опат болған ерлер рухы оянар,
«Отан» деген лебіз шықса тілімнен.



Отанменен аспандағы Күн егіз,
Екеуінің амандығын тілеңіз.
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,
Отансыз боп көрген біздер білеміз!



Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!

2-оқушы Отаным менің!

Сайын Назарбекұлы

Алтын күн шуағын Көк Байрақ шашатын,

Жатсынбай әлемге құшағын ашатын,

Қазақтың терінен нер алған даласы –

Тәуелсіз бейбіт ел!.. Мәңгіге жасасын!
Отаным сеземін өзіңмен

Шаттық пен бақыттың не екенін!

Сақ етіп, түркі деп, қазақ қып

Жаратқан ұлдарын мекенім!.

Азаттық бесігі бөбегін тербеген,

Шынайы сезімге шомылды ел деген!

Болашақ күтеді бақ қонған ұрпақты –

Біліммен өрлеген!.. Еңбекпен терлеген!..
Мақсатты бүгіні, ғажайып ертеңі,

Шындыққа айналды қаншама ертегі!

Бірлік деп қазаққа, достық деп бар елге –

Әлемге жар сала домбырам шертеді!..
3-оқушы Тәуелсіз Қазақстаным
Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!

Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.

Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,

Алатау, Алтай, Қаратау айбындарыңды.
Ұлытауыңды көрдім мен, Шыңғыстауыңды,

Абайдың жыры оқылған мың қыстауыңды.

Гүлденді қазір кең далам, киесі қолдаған.

Махамбет сөзі лаулаған, Қараойды көрдім.
Мағжан боп зі лаулаған Дара ойды көрдім.

Мұстафа, Халел, Жақып пен Әлімхандарың

Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек, Әлихандарың…

Бауырыңа қайта оралды өз арыстарың,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Көне ғасырлар сыр ашты, гүлге орандың.

Пырағы жетті Күлтегін, Білге Қағанның.

Рухсыз жүдеп тұр еді, жұтап даласы,

Қайта жаңғырды Отырар кітапханасы.
Түркістаным, тайқазан – құтым оралды.

Көне Таразым жинады бүкіл адамды.

Тарихтың дариялары, терең өрілді.

Арыстан баб пен Иассауи жебеді елімді.
Естілді қайта жаңғырып, көне сарындар,

Бабыр, Фараби, Қашқари, Баласағұндар.

Ұрпаққа жетті өзгермей, бәз алыстағы үн,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Құлпырды жерім, қызғалдақ нұрға кеніліп,

Ақындар өлең оқыды жырға бөленіп,

Күйшілер шертті тәтімбет, Құрманғазыдан,

Домбыра – дала шанағына тұнған қазынам.
Ынтымақ, арыс күйлерін шертіп аймағым,

Қырандай қанат қағады еркін ойларым.

Тәуелсіздіктің әншілері шырқады әуендерін,

Қазақстаным не еткен, тұлпар ел едің?
Алтын күн алытн далама құйыпты нұрын,

Желбіреп тұр, көк туым – биік тұғырым.

Оралып батыр, билерім, хандарым ойға,

Іргеміз бүтін ел болдық, тәуба Құдайға!
Қазақстан, Астана, өзен-көл, тау-тасым енді,

Әлемнің барлық жаңарған картасына енді.

Бостандығымның күн санап асқақтап әні,

Нұрлы болашаққа рухымыз бастап барады.

Ғаламға жайдың аспанға қазақ ұшқанын,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
4-оқушы. Сенім жыры

Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп
Менде шыңға шығамын!


Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты .
Мен – әлемге танытам,
Қазақ деген халықты!


Бірлігіміз жарасқан
Бірлігіміз жарасқан,
Арманымыз тау асқан.
Туған жердің шыңдары,
Көк аспанмен таласқан.


Аймалаған күн нұры,
Лайланбасын тұнығы.
Берік болсын мәңгілік,
Тәуелсіздік тұғыры.


Ел мерейі еңселі,
Жарқын өмір – ертеңі.
Айналғандай шындыққа,
Бір ғажайып ертегі.

5-оқушы. Менің атамекенім

Атамекен – тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым.
Көк байрағым – айбыным,
Қасиетті тұмарым.

Сая болған баршаға,


Байтақ жерім қаншама –
Атыраудан Алтайға,
Жетісудан Арқаға!

Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы. Орындалған арманның ұзағынан болуы – одан өткен арман. Сондықтан ата-бабамыздан және Елбасымыз Н.Назарбаевтың, қазіргі қазақ данышпандары мен ғұламалары өрнектеген Тәуелсіздік туралы ой маржандарын иллюстрацияларды қарай отырып, интерактивтік тақта арқылы музыкамен безендірілген диктордың оқуында зейін қойып тыңдаңыздар.

Интерактивтік тақта арқылы «Тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдермен және қанатты сөздермен жұмыс» жүргізіледі.

Тапсырма:а) тыңдау; б) оқу; в) жатқа жазу.
1-слайд




  • Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы -қаhарман.

  • Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!

  • Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.

  • Ең қасиетті күрес – тәуелсіздік күресі!

2-слайд




  • Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан ол қасиеттің тізгінінен айрылма! Айрылсаң – ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!

  • Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы айрылмайды.

  • Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды.

Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!


3-cлайд





  • Тәуекел – ердің қанаты.

  • Ел ағыны мен су ағыны – бір.

  • Ел ауырын ер көтереді.

  • Ел бақыты – әділдік.

  • Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ.

  • Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.


4. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді зейін қойып тыңдаңыз. Одан кейін өз бетіңізбен оқып шығыңыз. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтінді әр бөлігі бойынша мазмұндаңыз.

а) тыңдау; ә)оқу; б)сұраққа жауап; в) мазмұнын баяндау.

«Тәуелсіздік туралы» Заң қалай қабылданды?
Шерхан Мұртаза Қазақстанның Халық жазушысы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында Қазақстанның тәуелсіздігі туралы мәселе қаралды. Бұл өзі басы ашық нәрсе ғой, айтыс-тартыс бола қоймас. Бұрынғы Одақтағы республикалардың бәрі өз тәуелсіздігін жариялап алды.

Заң тез қабылданатын шығар деп сенгенбіз. Сөйтсек, көп екен көргеніңнен көрмегенің дегендей, дау-дамайдың көкесі алда тұр екен. Ә дегеннен осы Заң керек пе өзі? – деп депутат Чернышев шықты. – Бұрынғыдай империя жоқ, сонда Қазақстан кімнен тәуелсіз болғысы келеді? Бұл әңгімені қозғамай-ақ қояйық.

Депутат Козлов: – Мұны бүкіл халық шешсін, референдумға қояйық, – деді. Депутат Водолазов: – Асықпайық, – деді. Депутат Потапов: – Мемлекеттік тілдер қазақ тілі мен орыс тілі болсын, – деді. Депутат Жаворонкова: – Мемлекеттік тіл үшеу болсын – қазақ, орыс, ағылшын тілдері,– деді. Депутат Сухов: – Қайда шапқылап барамыз, – деді.

Міне, осылардың кебінін кимес үшін Қазақстан тәуелсіз мемлекет болсын дедік. Мұны, бұл ізгі талапты, адал ниетті депутаттар түгел түсінеді, қолдайды деп үміттендік. Обалы не керек, депутат Княгинин сияқты түсінгендері де бар. Ал, бірақ осы басы ашық талассыз ақиқат додалы көкпарға ұласады деп кім ойлаған.

Жүздеген жылдар бойы азаттықты аңсаған Қазақстанның тәуелсіздік толғағы тым ұзаққа созылып, алапат азаппен келді.

Биғали Қаюпов1990-1994 жылдар аралығындағы ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты:–1991 жылдың 16 желтоқсаны… Сол күні Жоғарғы Кеңес депутаттары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады. Бұл шын мәнінде бүкіл республика халқы үшін нағыз ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Ал тәуелсіздікке біздің қалай қол жеткізгендігіміздің қадір-қасиетін әсіресе, менің замандастарым, сол күнгі мәжіліс залында отырған менің әріптестерім жақсы түсінеді.Тәуелсіздік–біздің бойтұмарымыз!
«Тәуелсіздік туралы» Заң еліміздің одан әрі өркендеуіне жаңа тыныс, жаңа жол ашты. Осы Заң мемлекеттік өкімет органдары, тәуелсіздіктің экономикалық негіздерін қалай жүйелеу қажеттігімен қатар, республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге де басты негіз болды. Заңға Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Мен сол залда еліміздің ардақ тұтар азаматтары Марат Оспанов, Сауық Тәкежанов, Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, Өмірбек Жолдасбеков, Николай Акуевтермен бірге отырғанымды және ел сенім көрсеткен депутат ретінде «Тәуелсіздік туралы» Заңды қабылдауға хал-қадірімше себепкер болғандығымды да әркез балаларыма, немерелеріме айтып жүремін. Ал тәуелсіздік Заңын қабылдаған күн – менің өмірімдегі ең елеулі оқиға.


Академик Сұлтан Сартаев:– Біз 1991 жылы шілде айында өз бастамамызбен заң ғылымының кандидаттары Еркеш Нұрпейісов және Талғат Данақов – үшеуміз «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеп, оны Жоғарғы Кеңестің Төралқасына тапсырдық. Араға уақыт салып, 9 желтоқсан күні Төралқа мәжілісінде депутат Манаш Қозыбаев екеуміз бұл заң жобасын қабылдау қажеттігі хақында ұсыныс жасадық. Талқылау мәжілісінде мені баяндамашы етіп белгіледі. Бұл заң жобасын талқылау 15 желтоқсан күні басталды. Келесі күні, яғни 16 желтоқсан күні 18 сағаттан 14 минут өткен кезде біздің еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы Заң қабылданды. Дәл сол кездегі қуанышты көрсеңіз, оны сөзбен жеткізе алмайсың. Депутаттар орнынан тік тұрды. «Тәуелсіз Қазақстан жасасын!» деген ұрандар тасталып жатты. Көңіл күйіміз аспандап кетті. Бір бақытты өмірдің есігін ашқандай едік…Төрткүл дүниеге де жетті бұл хабар. Тарихи заң қабылданған уақыттан 30 минут өткенде біздің елдің тәуелсіздігін ең алғаш Түркия мемлекеті таныды. Тарихи осыншама жылдамдықпен мемлекетті тәуелсіз деп мойындау бірінші рет болды ғой деп ойлаймын. Мұндай жағдайды тарихтан әлі кездестірген жоқпын. Осы Тәуелсіздік туралы заңды қабылдауға 360 депутаттың (арасында сол мәжіліске түрлі себеппен қатыспағандары да бар) 12 депутаты қарсы болды. Мен осы кезге дейін сол депутаттардың не себепті қарсы болғанын түсінбеймін.

Бұл келешек егемен елдің өз Конституциясына кірпіш болып қаланған заңы еді. Ол 1993 және 1995 жылғы Ата Заңымызда көрініс тапты.
Біз саяси күресті ақылға салып жеңдік деп санаймын. Тұлғалы азаматтарымыздың тарихи тұрғыда танылған тұсы да осы кезең деп білемін.


Мәтінге сүйеніп және берілген тірек сөздерді қолданып, «Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет» деген тақырыпқа эссе жазу (3-кесте).
3-кесте – Тірек сөздер


Зат есімдер

Сын есімдер

Етістіктер

Тәуелсіздік

Тәуелсіз

Орнады

Жоғары Кеңес

келешек

Қабылдады

оқиға

елеулі

Қаралды

Заң

жарқын

Таныды

Конституция




қаланды

мемлекет







болашақ







Тарих







әлем








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет