Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады


Қосымша 2 1-ақпараттық мәтін



бет2/4
Дата17.10.2022
өлшемі39.45 Kb.
#462843
1   2   3   4
Дидактикалық материалдар 8 сынып 18 ғ. Қазақ хандығы Қазақ-орыс қарым-қатынастары Сабақ 1

Қосымша 2


1-ақпараттық мәтін
Қазақ-орыс қатынастарының тарихи та­мыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады. IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың 30 мамырында Тобылға бекініс салуға және Қазақстан мен Орта Азия халықтарымен «салықсыз» сауда жасауға рұқсат грамотасын береді. Бұл сауда байланыстарының жандануына септігін тигізді. 1594 және 1595 жылдары Мәскеуге Тәуекел хан Құл-Мұхаммед басқарған қазақ елшілігін жібергені белгілі. XVI ғасырда бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді турде жургізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын. Ресейдің Батыс Сібірге басып кіруі мен оны өзінің құрамына енпгіудің бас-тамасы 1581 жылы Сібір хандығының астанасы Искерді алған Ермак жорықтарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс мемлекетінің Сібірге және онымен шектес аудандарға жылжуына ыңғайлы аймақ құру бағытындағы алғашқы қадам жасауына жағдай жасады. Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ жерімен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс Сібір аумағындағы алғашқы орыс қаласы Қазақ хандығының шекара-сына жақын Ертістің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы еді. Кейін Тұмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністері (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін салды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет