6. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз
A) алтын қол B) алтын сағат C) алтын адам D) ашық қол
7. Ауыспалы осы шақтағы сөз тіркесін табыңыз A) Ән салмақ.
B) Ұзақ қарап отырды. C) Ашық айтамын. D) Жақсы түсіндіңіз бе?
8. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !
А) қорға. В) қайтар. С) күрес D) сыйла
9. Ырықсыз етісті табыңыз:
А) жуынды В) жазылды С) кию D) күткіз
10. Осы шақтағы етістікті табыңыз:
А) Айтып кетті В) Әкеле жатыр С) Келді D) Сұрамақ
11. Өздік есімдіктерін атаңыз:
A) әне, міне, ана B) бәрі, бүкіл, түгел C) өзім, өзі, өз D) біреу, кейбір, бірнеше
12. Ғарышқа бірінші болып ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз
A) Т. Әубәкіров B) Д. Оңалбеков C) Д. Жолжақсынов D) Т. Мұсабаев
13.«Мақтау» сөзінің синонимі.
A) Тілге келмеу. B) Төбеге көтеру. C) Тіс жармау. D) Сөзге келу.
14.«Үшін, арқылы, туралы» шылаулары қай шылау тобына жататынын анықтаңыз.
А) Септеулік. В) Демеулік. С) Қарсылықты. Д) Шартты.
15. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшаны табыңыз: Бала...
А) -пан В) –жан С) -нікі Б) -қай
Оқылым 8–сынып
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Бір жолбарыс ұйықтап жатса, үстіне бір тышқан жорғалап шығып кетіпті. Оны жолбарыс ұстап алады. Сонда тышқан айтыпты:
- Ағатай, мені қоя беріңіз. Кім біледі, менің де сізге бір керегім боп
қалар. Сонда жолбарыс: «Жесем ас та болмайды, жөніне жіберейін» - деп, тышқанды қоя береді.
Әлгі тышқан баяғысынша жорғалап келе жатады. Кенет ол бір ақырған дауысты естиді. «Апырау, мынау жолбарыс қой. Үнінде бір ауырсыну бар сияқты ғой». Тышқан жорғалаған күйі солай қарай тартады. Сөйтсе, баяғы жолбарыс тұзаққа түсіп қалыпты. Жолбарысқа да жан керек, тышқанды көріп жылап жібереді.
- Ал, достым, бір амалын тауып, мені құтқар, - деп тышқанға жалыныпты. Сонда тышқан: «Асықпа, саған қарыз боп қалмаспын» - деп тұзақты тісімен кеміріп, қиып жібереді. Сөйтіп жолбарысты ажалдан құтқарды. Жолбарыс сол жолы біреуге жақсылық жасасаң, оның іссіз кетпейтінін алғаш түсініпті.
Достарыңызбен бөлісу: |