Тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу



бет4/18
Дата16.05.2024
өлшемі373.45 Kb.
#501268
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
МД Уалшерова

Зерттеу мақсаты: Биологиядан қашықтықтан оқытудың тиімділігі арттыру жолдарын зерттеу
Зерттеу міндеттері:
-Қашықтықтан оқытуда оқушының жеке бейімделген білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері;

- Қашықтан оқытудың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі;

- Интерактивтік оқыту — қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі;


- Қашықтықтан білім беруде биологиядан жаңа технологияларды қолдану;
-Қашықтықтан білім беруде оқушылардың сыни ойлауы ақпаратқа қарым-қатынас технологиялық әдістерді қолдануын зерттеу;
-Қашықтан оқытуға оқушыларды ынталандыру ерекшеліктерін зерттеу;
-Қашықтықтан оқыту формаларының тиімділігі;
-Қашықтықтан оқытуда электронды оқытуды ұйымдастыру жүйелері;
-Оқытуды басқару жүйесі (LMS).
Зерттеу нысаны мен әдістері:Зepттeу жұмыcтapын жүзeгe acыpудa тeopиялық , пeдaгoгикaлық жәнe ғылыми-әдicтeмeлiк әдeбиeттepдi тaлдaу, caлыcтыpу, жинақтау, тoптacтыpу әдicтep қoлдaнылады
Жұмыстың жаңалығы. Оқушыларды өз бeтімeн жұмыс істeй білyгe бayли oтыpып, экспepттік oқy жүйeлepі тaнымдық қызмeттің үpдістepінің дaмyынa қoлaйлы жaғдaйлap тyғызaды, oқyдың мoтивaциясын өзіндік қызмeттің көп нұсқaлылығы eсeбінeн oдaн әpі күшeйтeді жәнe өзін-өзі бaқылay мeн өзін-өзі түзeтyдің мүмкіншіліктepін apттыpaды.
Қашықтықтан оқытуда жүйелі әрі әсерлі интерактивтік оқыту қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқытуды оқудың жаңа бір формасы деп, қашықтықтан білім беруді оқыту нәтижесі сияқты жүйені де, процестің өзін де білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Қашықтықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкіндіктеріне байланысты, қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен тәжірибелік маңызы: Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын, мүмкіндігін, өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру. Қашықтықтан оқыту жасақтаумен және оны әртүрлі базалық, тереңдетілген, қосымша білім беру мақсаттарындағы әдістемелер қолданумен байланысты проблемаларды шешудің мәні зор.Қашықтықтан білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Компьютерді оқытушы қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Жаңа ақпараттық технология құралдарын биология пәні сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет