3.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы
4.12 қазандағы №563 бұйрығымен бектілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары
5."Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 207 бұйрығы.
6.Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары ҚР Білім және ғылым министрінің 28.08.2020 № 374 бұйрығы.
Анықтамалар
Қашықтықтан оқыту дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту
Кейс-технология - қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелікматериалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білімалушыларға жеткізуге негізделген технология.
Компьютерлік оқыту дегеніміз- оқытудың техникалық құралдарының бірі компьютер мүмкіндіктерін қолдану болып табылады. Оны қазіргі уақытта электронды оқыту деп атауда.
Электрондық оқулық – ғылыми - педагогикалық құрал
Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын білімді қабылдау түрі болып табылады.
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экраннан көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен электрондық пошта, WhatsApp мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |