Тиімділігі негізіндегі технологиялар



бет5/6
Дата22.10.2022
өлшемі34.31 Kb.
#463278
түріОқулық
1   2   3   4   5   6
СОЖ 1

Дифференциалды оқытуда талдап-жинақтай баяндау элементтерін пайдалану, ұқсастықтар, қорытындылаулар, нақтылаулар, модельдеу және ой елегінен өткізулер арқылы өздігінен білімдерін жетілдірулер, оқу материалдарын қысқаша конпектілеу, тірек конспектілер жасау, негізгілерін ықшамдап жазу, келелі мәселелер ұстанымын пайдалану табысқа жеткізетінін ескеру нәтижесінде шәкірттерді сенімді көмекші ете білу мен табыс көзі болып саналады. Дарынды шәкірттерді даралауда дифференциалды оқытуға баса назар аудару – болашақ ұрпақтың білікті маман болуына жол ашылады.

  1. Ұжымдық оқыту технологиясы

Мақсаты:
Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылықдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі:
Жекелей оқыту.
Жұптық оқыту.
Топтық оқыту.
Ұжымдық оқыту.
Оқушы-оқушы.
Оқушы-оқытушы.
Оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады.
Талаптары:
Әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.
Өзінің ғана емес басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау.
Өзі оқи отырып, өзгені оқыту.
Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Технологияның жүргізілу кезеңдері:
Тапсырмаларды даярлау кезеңі:
берілген тапсырмамен танысу;
шағын бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою;
жоспар құру;
жоспарға сүйене отырып, текст мазмұныны меңгерту;
тексеру сұрақтарын даярлау.
Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:
тақырыптың мақсаты не?
жоспармен таныстыру;
мазмұнын түсіндіру;
бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу.
Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.
Тәрбиелік мәні:
өзін-өзі басқару;
өзіне-өзі қызмет ету;
жауапкершілікті сезіну;
басқаның еңбегін бағалай білу;
ұқыптылық;
белсенділік;
адалдылық;
байқампаздық;
зейінділік;
ынтымақтастық;
ұжымдық;
бірі бәрі үшін,бәрі бірі үшін принципінің орындалуы



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет