Тік ішектің хирургиялық аурулары


Жіктемесі: клиникалық ағымның сипаты бойынша жедел жəне созылмалы (сызат 2 айдан ұзақ жазылмаса). Қауіп-қатерлі факторлар



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі1.7 Mb.
#493608
1   2   3
тік ішек

Жіктемесі: клиникалық ағымның сипаты бойынша жедел жəне созылмалы (сызат 2 айдан ұзақ жазылмаса).
Қауіп-қатерлі факторлар: жиі іш қатулар, диарея кезінде жиі үлкен дəрет, тағамдық талшықтарды аз мөлшерде қабылдау.
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: үлкен дəретке барған кезде ауыру, қан кетулер пайда болады. Ауырсынулар үлкен дəреттен соң ашытып, қадалып бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға дейін созылады, олардың интенсивтілігі өте маңызды.

Физикалық тексеру: артқы өтістік өзек қабырғасының дефекті сызықтық немесе пішіні үшбұрышты, ұзындығы 1-2 см, Хилтон сызығынан жоғары ауыспалы қатпарға
жақын орналасқан жəне тікішек - артқы өтістік сызыққа дейін немесе одан жоғары жайылған сызат; дефекация актінің қиындауы, артқы өтістік қысқыштың спазмы; қан кетулер. Егер сызат орталық сызық бойынша орналаспаса, онда Крон ауруына күдік туады.

Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.

Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы талдауы (гематокрит, гемоглобин, ЭТЖ).
2. Мерез жəне АИВ қан талдауы.
3. Нəжістің құрамында жасырын қанды анықтау.
4. Ректоскопия.
5. Ректороманоскопия.
6. Тоқішектік эндоскопия.
7. Тік жəне жиек ішетерді қатар констрасттау.
8. Іш қуысының төменгі жағының рентгенографиясы.
9. Ирригоскопия.
10. Тоқ ішекті рентгеноконтрастты зерттеу.


Емдеу тактикасы: Ісік, ішек аурулары, дивертикулез, көтеу кезінде спецификалық ем қажет.

Ем мақсаты: ауыру сезімін басу, ішектің қызметін қалпына келтіру, ішкі қысқыш спазмын жою, артқы өтіс сызаты жəне геморроидалдық өрім аймағында микроциркуляцияны жақсарты, емдеудің жанама əсерлерін азайту.

Дəрі дəрмексіз ем:
Консервативті емге диета, басым жағдайда ащы, тұзды тамақтарды шектеумен, қышқылды сүтті-өсімдікті диета. Əлсіз антисептикалық ерітінділермен жылы отырушы ванналар (түймедақ, шалфей, перманганат калий, метилурацилді свеча, проктоседилді, облепиха майымен микроклизма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет