«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу


Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану



бет48/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі:
Білім алушы:
• Тірек сөздердің көмегімен берілген тақырыпқа әңгіме құрастырып жаза алады.
• Тыңдалған материалдың мазмұнына қатысты өз пікірін айтады.
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төселдіру;
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту;
-мейірімділікке тәрбиелеу.

1.


Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Нұрғиса
Ол өнерге ерте келген. Бес жасынан бастап Нұрғиса домбыра тартты. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбановтан сабақ алды.«Отырар сазы» оркестрін құрды.Оған жетекші болды. Дүниенің төрт бұрышын аралады. Қазақ деген халықты, оның өнерін әлемге танытты. Нұрғисаның әндері, күйлері – біздің байлығымыз.
Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Үш рет жараланып, аман-есен еліне оралды. Қолына домбырасын қайта алды.Композиторға «Халық қаһарманы» атағы берілді.Ол кісінің өлмес өнері мәңгіге қалады.

  1. өз)

Жоспар:

  1. Нұрғисаның өнері.

  2. «Отырар сазы» оркестрін құрды.

  3. Нұрғиса – өнерлі, батыр.

2


Мақсаты:мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.


Сырғанақ
Аянның мінезі қызық еді. Бірде түн ортасында, дәл ұйқыға жатардың алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен.Айлы түнде әлгі бір шана ғана өзі дірілдеп, жер көшіп келе жатқандай дүбір шығарады. Шыдай алмай жүгіріп сырғанаққа бардым. Міне, қызық, шана теуіп жүрген Аян екен. Ай жарығында анық көрінеді. Жүзі жайнаң қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі далпылдап көшенің басына қарай сүйрете жөнелді.
(70сөз)
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет