«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет55/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Диктант № 7
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Қаңтар айында көптеген аң ұзақ ұйқыға беріледі. Ағаштың қуысына кіріп алып, жарғанат та ұйықтайды.Сарышұнақ,атжалман,суыр,қосаяқ сияқтылар өздерінің інін паналайды.Қар үстінде көзге түсе қоймайтын ақ тышқандар жорғалайды.Оларды аңдып жүрген сасықкүзен жем етеді.Балықтар да бұл кезде ұйықтап тұрады. Көксерке балық ұйықтаған күйінде судың ішінде тұрады.Құстар күздігүні жылы жаққа ұшып кеткендіктен,аз болады.Олар қар қалыңдаған кезде жемді ауыл маңынан іздейді.
Ал кейбір аңдар,мысалы,борсық,қоңыр аю, қыстың жылы кезеңдерінде анда-санда ұйқыдан тұрады.
(78 сөз)
Грамматикалық тапсырма



Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1.Мәтінге тақырып қой.

-мәтіннің негізгі ойын анықтай алады;мазмұнына байланысты мәтінге ат қоя алады;

1

«Жарғанат» сөзінде үндестіктің қай түрі бар ?

-буын үндестігі жайлы біледі, буын түрлерін ажырата алады;

1

3-сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;



1

4.Мәтіндегі негізгі ойды анықта,оны жаз.



мәтіннің негізгі ойын анықтай алады, мазмұның өз ойымен жаза алады;

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет