«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет90/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Күтілетін нәтиже
Дүниетанудан тест жұмыстары 1-4 сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр.Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.
Сонымен бірге, жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін жан-жақты білуіне, құрметтеуіне ықпал етеді. Тест жинағы әртүрлі жұмыс түрлерімен толықтырылған. Атап айтсақ, сәйкестендіру, бақылау, білімін тексеру, ашық тест, жабық тест түрлерінің қамтылуымен ерекшеленеді.
Бұл ерекшелік, сөз жоқ, оқушыларды жан-жақты дамуға, өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, туған жердің ерекшеліктерімен жете танысуға ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.
Әдістемелік құралдан күтетін негізгі нәтижелеріміз төмендегідей:
-Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;
111
-Денелер,нәрселер,құбылыстар,олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;
-Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;
-Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;
-Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;
-Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі;
Оқушыға «5» деген баға, егер ол оқу материалын табиғаттағы құбылыстарды бақылауларды ескеріп, жүйелі де логикалы түрде байланыстыра отырып баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға, егер оның жауабы «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, дегенмен, оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарда қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушы өзі түзеткенде қойылады.
Оқушыға «3» деген баға, егер ол оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасында байланыс орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.
Оқушыға «2» деген баға, егер оқу бағдарламасының көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де тәжірибелік жұмыстарды орындай алмаса қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет