Тіл үш түрлі қызмет атқарады: - Сөйлеудің коммуникативтік қызметі – тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі;
- Сөйлеудің сигнификативтік қызметі – адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады;
- Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді Биологиялық теориялар Қоғамдық теориялар
Биологиялық теориялар
Еліктеу теориялары
Одағай теориясы
Ымдау теориясы
Қоғамдық теориялар
Қоғамдық келісім
Еңбек теориясы
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда. - Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға — адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және адамзат коғамының пайда болуы (сопогелез) сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты. - Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға — адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, жеке-дара нақты тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бертінгі дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп, айқындай алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулердің бір өзі тіптен жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы (антропогенез) және адамзат коғамының пайда болуы (сопогелез) сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |