Timss халықаралық зерттеуінің тест тапсырмаларының Үлгілері



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата17.05.2024
өлшемі1.06 Mb.
#501348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
TlMSS тест тапсырмасының үлгілері (1)

 
Сүтқоректілер 
 
 
Қосмекенділер 
 
Балықтар 
 
Құстар 
Сүт бездері 
Қабыршақ 
Қауырсын 
Ылғалды тері


Желбезек 
Түк 
9-
тапсырма. 
Суретте Мэнкс тұқымды екі мысық бейнеленген. Бұл мысық 
тұқымының құйрықтары болмайды немесе құйрықтары өте қысқа 
болады. 
Мэнкс тұқымды мысықтардан ұзын құйрықты мысықтар пайда 
болады ма? 
Бір торкөзді белгілеңіз. 
Иә 
Жоқ 
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 
10-
тапсырма. 
Көптеген өсімдіктердің тұқымдары қараңғыда және жарықта өсе 
алады. Тұқымдардың өсуіне қажетті екі жағдайды атаңыз. 
1. 
2. 


ФИЗИКА 
 
1-
тапсырма. 
Ер адам биік таудың үстіне көтерілді. Таудың үстінде болған кезде 
пластикалық бөтелкенің ішіндегі барлық суды ішіп, қақпағын жауып 
қойды. Лагерьге келгенде бос бөтелкенің майысқанын байқады. 
Төменде көрсетілгендердің қайсысы неліктен былай болғанын 
жақсы түсіндіреді? 
А. Таудың етегінде таудың шыңына қарағанда температура төмен. 
В. Таудың етегінде таудың шыңына қарағанда температура жоғары. 
С. Таудың етегінде таудың шыңына қарағанда ауа қысымы төмен. 
D. 
Таудың етегінде таудың шыңына қарағанда ауа қысымы жоғары. 
2-
тапсырма. 
 
Суретте ыдыс ішіндегі электр қоңырауы көрсетілген. Электр 
қоңырауы қосылады және сыңғырлы дыбыс естіледі. Содан кейін 
ыдыстан ауа сорылады. 
Ыдыстан ауа сорылып шыққанда қоңыраудың дауысы қандай 
болады? 
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 


3-
тапсырма. 
Ыстық күні шыны құмыраға мұздай су құйылды (1-сурет). Біраздан 
соң құмыраның сыртында тамшылар пайда бола бастады (2-сурет). 
Құмыраның сыртында тамшының пайда болуына әсер еткен 
үрдісті сипаттаңыз. 
4-
тапсырма. 
Х заты А сұйықтығында қалқып жүр. Суретте көрсетілгендей, ол 
сұйықтыққа жартылай батып тұр. 
В және С суреттері, Х заты, А Сұйықтығы мен В Сұйықтығында 
қалқып жүргенін көрсетіп тұр. 
Қай сурет дұрыс? 
Бір торкөзді белгілеңіз. 
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 


5-
тапсырма. 
Бөрене жолды жауып қалды. Бөренені жолдан дөңгелетіп әкету 
үшін Ерлан тас пен берік темір шыбықты қолданды. 
Темір шыбық, тас пен бөрене қалай орналасқан жағдайда, Ерлан 
бөренені минималды күшпен дөңгелетіп әкете алады? 
6-
тапсырма. 
Сызбада көрсетілгендей, үш бірдей шам батареяға жалғанған. 
Бағдаршаның бағыты электр тогын көрсетеді.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы дұрыс анықтама болып 
табылады? 


А. 1-шамдағы тоқ қуаты 2-ші шамға қарағанда көбірек. 
В. 1-шамдағы тоқ қуаты 3-ші шамға қарағанда көбірек. 
С. 2-шамдағы тоқ қуаты 3-ші шаммен бірдей. 
D. 2-
шамдағы тоқ қуаты 1-ші шаммен бірдей. 
7-
тапсырма. 
Төмендегі суретте перископ көрсетілген. Майра оны қабырғаның 
жоғарғы жағын көру үшін қолданады. Перископ арқылы өтетін жарық 
сәулелерінің жолын сызыңыз. 
Жарық 
сәулелерінің 
қозғалыс 
бағытын 
бағдаршалармен 
көрсетіңіз. 
8-
тапсырма. 
Төменде берілгендердің қайсысынан жарық тез өтеді? 
А. Ауа 
В. Шыны 
С. Су 
D
. Вакуум 


9-
тапсырма. 
Әлібек найзағай кезінде жарқылдаған оттарды көрді және күн 
күркірегенін естіді. 
Неге ол күн күркірегеннен бұрын жарқылдаған оттарды көрді? 
10-
тапсырма. 
Суретте судың бактан ағып, дөңгелекті айналдырып тұрғаны 
бейнеленген.
А. Бактың ішінде болған кезде судың қандай энергиясы болады? 
В. Дөңгелекке түсер алдында судың қандай энергиясы болады? 
С. Дөңгелек жылдамырақ айналу үшін, осы жүйеге енгізуге 
болатын бір өзгерісті жазыңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет