Timss тест тапсырмаларының жинағЫ: 4-сынып



Pdf көрінісі
бет4/58
Дата01.04.2023
өлшемі3.1 Mb.
#471545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
TIMSS-2020

Кіріспе
Математика және жаратылыстану ғылымдары әр адамның өмірінде ерекше рөл 
атқарады. Осы бағыттарда білім мен дағдыларды қолдануды талап ететін міндеттер 
кәсіби және күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сондықтан математика және 
жаратылыстану жағынан мықты
және сапалы білімі бар адамдарда өмір сүру жағдайын 
жақсарту және әлеуетін толық іске асыру мүмкіндігі көбірек болады.
Математика және жаратылыстану білім сапасын бағалау мүмкіндігін TIMSS (Trends in 
International Mathematics 
and Science Study) халықаралық зерттеуі ұсынады. TIMSS 
зерттеуі алғаш рет 1995 жылы өткізілді және содан бері әр төрт жыл сайын 4-ші және 8-
ші сынып оқушылары арасында циклдармен жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні TIMSS-тің 
жеті циклі өткізілді. Осы кезеңде зерттеуге TIMSS нәтижелерін өз білім беру жүйесінің 
тиімділігін мониторингілеу үшін пайдаланатын 50-ден астам ел қатысты. 
TIMSS зерттеуінің бірегей ерекшеліктерінің бірі – әрбір жаңа циклда оқушылардың бір 
жиынтық тобын бағалау. Мысалы, TIMSS-тің бір циклына қатысқан төртінші сынып 
оқушылары төрт жылдан кейін жаңа циклда сегізінші сынып оқушылары болады. 
Осылайша зерттеу бастауыштан (4-сынып) негізгі мектепке (8-сынып) ауысқан кезде 
оқушылардың математика және жаратылыстану бойынша оқу жетістіктерінің 
өзгерістерін қадағалауға мүмкіндік береді. 
Осындай кең ауқымды зерттеудің үйлестірушісі – ұлттық зерттеу институттары мен 
мемлекеттік зерттеу агенттіктерінің тәуелсіз халықаралық бірлестігінен тұратын IEA 
білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы (International 
Association for the Evaluation of Educational Achievement). 
IEA өзінің зерттеулерін 
Бостон колледжінің халықаралық оқыту орталығы (ISC – International Study Center, 
Boston College, АҚШ), Білім беру саласындағы тестілеу қызметі (ETS – Educational 
Testing Service, АҚШ), Деректерді өңдеу орталығы (IEA Hamburg, Германия) және 
Канадалық статистика орталығы (Statistics Canada, Канада) сияқты ұйымдармен 
бірлесіп жүргізеді. IEA 1959 жылы құрылған кезден бастап әлемнің түрлі елдерінің 
білім саясатын зерттеуге мүмкіндік беретін бірқатар зерттеулер жүргізді. 
Қазақстан алғаш рет TIMSS-ке 2007 жылы қатысты – бұл жалпы зерттеудің төртінші 
циклі. TIMSS-тің бірнеше циклына елдердің, соның ішінде Қазақстанның үздіксіз 
қатысуы өткен циклдердегі халықаралық және ұлттық нәтижелермен салыстырғанда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет