Рибонуклеоза –ферменті дәрі ірі малдың ұйқы безінен алынған,
РНҚ деполимеризация арқылы моно- және олигонуклеотидтерге
дейін бұзады, сондықтан бұл іріңді, қою және жабысқақ - баттасты
қақырықты сұйылтып, одан әрі қабыну үрдістерін де тоқтатады.
Бұл дәрінің бір жақсы қасиеті РНҚ-ы бар
вирустардың көбеюін
тоқтатады. Негізі трипсинге ұқсас болғандықтан, сол дәрі сияқты
пайдаланып отырылады.
Бұның мөлшері 0,01; 0,025 және 0,05 г-нан жергілікті ұнтақ
түрінде, аэрозоль және егу түрінде де қолданады.
Rp.: Ribonucleasae 0,01
D.t.d.
№ 6 in amp.
S. Ингаляция ретінде 5-10 мл.