Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет8/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Ринит.

Ринит (Rinitis) – мҧрынның кілегейлі қабатының қабынуы. Ол біріншілік (паразиттер, механикалық зақымдалулар) және екіншілік (оба, вирусты гепатит), жедел және созылмалы; катаралды, крупозды (фибринозды) және фолликулярлық тҥрдегі ағымда өтуі мүмкін. Риниттер, әсіресе созылмалы түрі, көбіне екіншілік сипатта байқалады. Біріншілік риниттер суынудан, шаңды, газды ауаны жҧтынған соң т.с.с себептерден байқалады. Мұндай жағдайларда кілегейлі қабаттың домбығып ісінуі байқалады, жануардың тыныс алуы қиындайды. Қабыну ӛнімдері интоксикация, жалпы күйзеліс, қызба реакцияларын тудырады. Қабыну жанама қуыс-қойнауларға, жҧтқыншаққа, көмейге таралуы ықтимал.
Белгілері. Ауру жануарлар түшкіреді, пысқырады, кейде мұрындарын үйкелейді, дем алысы пысылдайды, дем алуы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танаудың кілегей қабықтары қызарып, домбығады, кейде қан құйылады. Оның үстіңгі қабаты сұйық жұқа секретпен (серозды экссудатпен), сонан соң ұйымалы-сарысумен (қатпарлы экссудатпен) жабылады. Іріңді ринитте экссудат сары-жасыл түсті, қоймалжың əрі иісі сасық болады. Жануар жіті түрде өтетін негізгі риниттен 10-15 күннен кейін сауығады. Туынды риниттің ақыры негізгі ауруға байланысты болады.


Емі. Танау қуыстарын жылы асептикалық ерітінділермен (бикарбонаттың, бор қышқылының 2-3 % ерітінділермен, 0,1 % калий 83 перманганатымен, этакидин лактанымен жуып-шаяды), танауына стрептоцид, норсульфазол ұнтақтарын үрлеп себеді.


Диагноз анамнез бен аурудың симптомдары негізінде қойылады.


Сақтандыру. Жануарларды суықтан сақтайды, газдалған ауаны болдырмауға көңіл бөледі.



  1. Фронтит

Фронтит - мандай қуысынын кілегейлі кабыкшасынын қабынуы.
Этиологиясы.Аурулар байкалуына себепкер болады салкын тию және гиповитаминоздар.сондай-ак куыстар кабықшалары қабынуы ринит, ларингит. фарингит, беттін сүйектері остеомиелит, тіс шірігі аурулары таралуында дамуы мүмкін.
Патогенез. Осы косалкы куыстарда кілегейлі немесе кілегейлі - шырышты экссудат жиналу салдарынан және кабыну өнімдері уландыру әсерінен тыныс алу, кан айналым кызметтері бұзылуға ұшырайды.
Ауру белгілері. Гаймориттер мен фронтиттер созылмалы өтуінен ауру белгілері байқалмау мүмкін. Бірақ өзіне тән болып, бір жақты санылаудан кілегейлі немесе кілегейлі-шырышты экссудат(жағымсыз ністі) бөлінеді. Содан малдар тынышсыздануы, жалпы әлсіреуі, тәбеті азаюы, өнімділігі төмендеуі байкалады. Дене кызуы калыпты манайында немесе шамадан тыс артык. Екі куысты сипалау кездерінде малдар тынышсызданып ауырсынады. Кейбір жағдайларда қосалкы куыстар манайындағы сүйектер пішіні өзгергені сезіледі.
Емі.Қосалқы қуыстар қабықтарының қабынуын жоюға бағытталады. Ауру жіті өткен жағдайда қолданатын емнен жаксы нәтиже алу үшін аурудың бастапқы кезеңінде оны тудырған себептерді жойған жөн. Созылмалы түрде өтетін қабынуда хирургиялык ем қолданылады: жак және мандай куыстарын, жылкыларда болатын ауалы капшыктарын теседі. Тескен тесіктер аркылы жиналган экссудатты сыртқа шығарып, куыстарды бірнеше кайтара микробтарға карсы колданылатын дәрілермен 0,2 %-ды этакридин ерітіндісімен жуып-шаяды. Осы әрекеттермен катар бір дүркін антибиотиктер және сульфаниламид препараттарымен емдейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет