Ларингит
Ларингит – көмекейдің кілегей қабығының қабынуы. Негізгі, туынды, жіті жəне созылмалы түрлері болады. Көбінесе катаральды (шырышты қабының) жəне фибринозды қабыну кездеседі.
Этиологиясы. Негізгісі көмекейдің кілегей қабынуының себептері риниттегі сияқты. Туындысы жұтқыншақтың, өкпенің жəне өкпе тарамдарының қабынуында өрбиді.
Белгілері. Бастапқыда жөтел құрғақ, қысқа, ауырсынған, ал экссудат пайда болғанда – ылғалды, созылмалы, ауырсынбайтын түрде байқалады. Катаральды қабынғанда жалпы күйі аздап нашарлайды, азыққа тəбеті азаяды, дене қызуы өзгермейді. Фибринді қабынғанда жалпы нашарлағандық байқалады, азыққа тəбеті шаппайды, дене қызуы көтеріледі, демалысы ауырлап ысқырған сияқты шығады. Көмейді басқанда қатты ауырсынады. Көмейдің жіті катаральді түрде қабынуы 7-10 күнге созылады, фибринді түрі асқынып созылмалы түрге айналады.
Емі. Малды таза жылы қораларда ұстайды, көмейді жылыту, мойынды орау жақсы нəтиже береді. Қақырық түсіретін дəрілер береді (аммоний хлоридін, терпингидрат) антибиотиктер жəне сульфаниламид препараттарын қолданады.
Сақтандыру. Жануарларды суықтан сақтайды жəне ауаның тазалығына көңіл бөледі.
Өкпенің гиперемиясы мен ісінуі.
Өкпе гиперемиясы мен домбығуы (Hyperoemia et oedema pulmonum) - ӛкпе капиллярларының қанға толуымен, интерстициалдық ұлпаға және альвеолаларға транссудат жиналуымен сипатталатын ауру. Ауру ӛкпедегі газ алмасуының кҥрт бҧзылуымен ӛтеді, осы кезде ауыр тҧншығу және цианоз белгілері байқалады.
Этиологиясы. Жалпы қызу ӛтуі, күн ӛтуі мен жылу ӛтуі. Ауыр жҧмыс, ат жарыстар, ҧзақ қашықтықтарға бәйге жарысы т.б. Ыстық ауаны, кҥшті тітіркендіретін әсердегі газдарды (фосген, азот оксиді т.б.) жҧтыну. Ӛкпе домбығуының себептері жҥректің декомпенсацияланған ақаулары, перикардит, кардиофиброз, кардиосклероз, интоксикация, аллергия, уремия, ӛкпе тамырларының тромбозы мен эмболиясы т.б. бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |