Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері


Бронхит Бронхтың қабынуы (бронхит)



бет2/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Бронхит



Бронхтың қабынуы (бронхит) – кеңірдектің өкпеге енген тарамдарының, яғни бронх кілегей қабығының қабынуы. Бұл кеселмен малдардың барлық түрлері, әсіресе жас мал, кәрі мал және әлсіреген мал жиі ауырады.
Этиологиясы. Негізгі дəрежедегі қабыну малдың организміне суық тиюдің əсерінен, оларды төсемсіз цементті еденде ұстаудан, қорадағы ауаның ылғалдылығының артуынан, суық сумен суарудан, көгерген көмірсутекті аммиакты ауамен дем алудан пайда болады. Туынды бронхит туберкулез, маңқа, диктиокаулез, аскаридоз жəне т.б. ауруларда қосарласа жүреді. Құнарсыз азық жəне малды дұрыс байлап ұстамау аурудың дамуына ықпалын тигізеді.
Симптомдары. Жӛтел, полипноэ, спазмофилия, субфебрилдік қызба байқалады. Аускультация кезінде қырылдар, везикулярлық қатты тыныс алулар естіледі. Аурудың қолайлы ағымында жедел бронхит 1-2 апта аралығында сауығумен аяқталады; қолайсыз жағдайларда жануардың арып жҥдеуі, физикалық кҥшінің тӛмендеуі, жӛтел мен экспираторлық демігу бейнесінде созылмалы ағымына ауысуы байқалады. Созылмалы бронхит бронхоэктазиямен, ателектаздармен, эмфиземамен және катаралды бронхопневмониямен асқынады.
Диагнозын анамнез бен клиникалық зерттеулер негізінде қояды. Созылмалы бронхитте рентгенограммада бронхиалдық сурет (перибронхит) пен эмфизема ошақтары кӛрініс табады.
Емі. Ауруды тудыратын және оған ықпал ететін себептер жойылады. Қабыну экссудатының кері шығарылуын жылдамдату ҥшін бронхолитиктер, қақырық тҥсіретін дәрілер қолданылады – термопсис шӛбі, ипекакуана, жалбызтікен, мия, истод тамыры; жолжекен жапырағы, ӛгейшӛп; тасшӛп; анис, фенхель дәндері; пертусин, терпингидрат, натрий кофеин бензоаты. Жӛтелге қарсы кодеин, дионин қолданылады. Кең әсер ету ауқымындағы антибиотиктер мен сульфаниламидтер тиімді әсер береді. Аллергиялық жағдайларда фенкарол, кортикостероидтар, мукалтин, беру ұсынылған. Физиотерапия (УК-сәулелеулері, УЖЖ, соллюкс, инфраруж) жақсы нәтиже береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет