Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет57/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105
Terapia

Созылмалы колит.
Созылмалы колит – тоғышектің кілегей қабығының қабыну-дистрофиялық өзгерістерімен және функциялық бұзылыстарымен сипатталатын ауру.
Этиологиясы.
1. Инфекция - дизентерия, иерсиния, шигелла, іш сүзегі протей,т.б.
2. Ішек қурттары – амебиаз, лямблиоз, гельминтоз, трихомонодиаз, балантидиаз.
3. Ұзаққа созылған дисбактериоз.
4. Ұзақ қолданған дәрмектердің әсері – антибиотиктер,іш айдағыштар, салицилаттар, иммундық депресанттар.
5. Тағамдық, бактериялық, дәрмектәк аллергия.
6. Тамақтану кемістіктері – гиповитаминоз, сапасыз тағам, ауыр қорытылатын тағамдар, өсімдік клетчаткасының тапшылығы, ішімдікке салыну.
Клиникасы. Созылмалы колит көбіне 40-таң асқан шақта пайда болады. Аурудың белгілері жергілікті және жалпы болады: жергілікті – іштің төменгі бөліктерінің және мықын аймақтарының ауруы; дәреттің бұзылуы, іш бір өтіп бір қатады. Іш өтсе, жиі-жиі, бірақ аз-аздан өтеді және тамақты іше сала дәретке жүгіру болады. Нәжісінің түрі өзгереді «қой қумалағындай» болады, іші кебеді, үлкен дәретке отырғысы келетін жалған сезім «тенезмдер», үлкен дәретке отырғаннан кейін ішегі толық босамағандай сезім, нәжісте патологиялық қоспалар – кілегейлі шырыш. Жалпы белгілер – ашуланшақтық, ұйқысының бұзылуы, бас ауру, көңіл күйінің төмен болуы,тәбеті төмендеген, жүрек айну кейде қусу. Ауыр түрінде қалтырау, шамасыздық, қан кету, перфорация.
Тексергенде.Пальпацияда тоқ ішектің бойында ауырсыну, соқыр ішектің маңайында қурылдау, сигма ішектің тұсында түйілген ауырсынулар.
Копрограммада – көп мөлшерде клетчака, дисбактериоз.
Рентгенде – гипо- және гипермоторлы дискинезия белгілері.
Эндоскопияда – қабыну өзгерістері, атрофия ошақтары.
Қанда – анемия.
Емі.
1. №4 емдәммен емдеу. Сүтті, қара нанды,майлы немесе өткір тағамдарды және метеоризмде бұршақтан, капустадан дайындалған және қанты мол тағамдар берілмейді.
Антибактериялық дәрмектер –аминогликозидтер (канамицин, неомицин), фурозалидон, метронидазол, сульфаниламидтер (фталазол, сульгин), левомицетин.
2. Антибактериялық емді аяқтағаннан кейін колибактерин, лактобактерин, бифидум-бактерин,бифиформ, линекс.
3.Пробиотиктер: хилак форте.
4.Спазмолитиктер: дюпасталин, но-шпа, галидор.
5.Микроклизмалар: гидрокортизон, сульфасалазин, күнбағыс, жүгері, балық, қымыздық майлары.
Алдын алу.
1. Құнарлы тамақтану,ішімдіктің алдын алу, дер кезінде жедел энтероколиттерді, ішек инфекцияларын, эндокринді жүйенің, зат алмасудың, асқазанның, ұйқы безінің ауруларының, бауыр , бүйректің ауруларын емдеу.
2.Антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, ішті жұмсартатындарды,қабынуға қарсы препараттарды ретсіз және себепсіз қабылдамау.
3. Аллергиялық факторларды жою.
4. Диспансерлік тіркеуге алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет