Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет100/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Terapia

Бейімдеуші ықпалдар – бұл ауруды көптеген ықпалдар қоздыруы мүмкін. Бұның негізінде біріншілік және екіншілік деформациялық остеоартрозды ерекшелейді.
Біріншілік остеоартроз – бұл түрінде, сау шеміршектік дегенеративті өзгеруі дамиды. Мысалы: мөлшерінен тыс физикалық күштің түсүі әсер етеді (спортсмендерде) немесе әйелдерде климакс кезінде. Сонымен қатар бұл ауру тұқым қуалауы мүмкін (егер анасында болса, онда бұл ауру қызына берілуі мүмкін).
Екіншілік остеоартроз – бұл тұрінде шеміршек буын жарақат алғанда өзгереді, әсіресе бұын ішінде сынық болса – гемартроз.
Клиникасы. Ең бастысы көп күш түскен бұынның зақымдануы – тізе және жамбас буындары. Қолда жиі дистальды фалангааралық бұындардың зақымдануы. Қалған бұындар патологиялық процесске кешірек шалдығады.
Бұл ауру бастапқыда моноартрит сияқты басталады, бірақ біраз уақыттан кейін симметриялық бұындар зақымдануы мүмкін. Аурудың басы байқалмайды. Науқас аурудың бастапқы сиптомдарын айта алмайды.
Негізгі шағымы – зақымданған бұынның күш түскенде қатты ауруы, бірақ тыныштықта жылдам өтіп кетеді, қозғалыс кезінде бұынның сыңғырлауы. Бертін келе ауырсыңу ұлғаяды, ол біраз ғана күш түскенде байқалады және ұзаққа созылады, кейде түнде де байқалады. Омыртқааралық бұындары зақымданғанда ауырсыңу белде байқалады, ал физикалық күш түскенде ауыр көтеруімен байланысты, басымырақ болады.
Жиі науқастар қозғалып бірінші аттағанда пайда болып, жүргеннен кейін тез тарап кететін ауырсынуға шағымданады - бұл старттық ауырсынулар. Қатты ауырсыңулар болса кейннен жүрістің бұзылуы байқалады. Кейде бұын маңайында тері температурасы жоғарлап, ісіңу пайда болады, пальпация кезінде ауырсынады.
Аурудың бастапқы кезінде зақымданған бұынның сырты өзгермейді, деформация дамуына қарай байқалады.
Аурудың ағымы созылмалы: жағдайы бір жақсарып, жаңадан қайталанады.
Диагностикасы. Қанда ешқандай ерекшіліктер білінбейді, бірақ синовиттің дамуында қабыңу процессі байқалуы мүмкін, ЭТЖ ұлғаяды.
Рентгендік зерттеулер өте үлкен үлес қосады. Аурудың алғашқы сатысында рентгенограмма анық емес, бұын қуысының тарылуы байқалады және сүйектің бұынның беткейлік шетінің жеңіл ауысуын байқайды. Кейіннен бұын қуысының тарылуы мен остеосклероздың белгілері анық білінеді. Одан кейін сүйектің беткейлік бұынының пішіні өзгере бастайды: олар конгруэнтті емес бола бастайды.
Бұл кезде сүйектің өсуі және сынықтар дамиды. Кейін әр түрлі бұын қабығының сүйектеңуі анықталады.
Емдеуі: Комплексті емдеу қолдану қажет.
Жергілікті. Ең алдымен бұынға түскен күшті азайту. Дене салмағын азайту. Ұзақ жүруді болдырмау, ауыр зат көтермеу, баспалдақпен көтерілүді шектеу. Науқасқа ескерту: жағдайы жақсаруымен - қозғалыстың көлемін кеңейтү.
Зақымданған бұынның шеміршегінің зат алмасуын жақсарту үшін бұлшық етке – румалон, буын ішіне - атрепарон.
Ауырсыңуға қарсы стероидті емес қабынуға қарсы препараттар: ортофен, индометацин, вольтарен, диклофенак, реоприн. Бұын ішіне тікелей - кеналог немесе гидрокортизон.
Кең көлемінде физиотерапиялық әдісті қолдану. Ауырсыңу кезде ультрадыбыс, ультракүлгін сәулелерін, гидрокортизон ионофорезі эффективті.
Ремиссия кезінде жергілікті жылу қолдану: бұынға озокерит, парафин аппликацияларын.
Бұлшық еттерін қатайтуға гимнастика жатады: велосипед айдау, суда жүзу, сонымен қатар массаж жасау болады.
Егер бұын анатомиялық жағынан ерекше өзгерген болса, онда хирургиялық емдеуге жол береді және санаторлы-курортты ем қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет