Тірек, қимыл-қозғалыс аппаратының аурулары.
Ревматоидті артрит.
Ревматоидті артрит – бұл бұындардың зақымданып толық деформацияға ұшырап және қызметтік қабілеттерінің бұзылуына әкеліп соғатын иммунды - қабыну созылмалы ауруы.
Ревматоидті артритпен адамдар 20-50 жас аралығында, әйелдер ерлерге қарағанда жиі аурады. Бұл ауру өте кең таралған, науқастар мүгедекке ұшырайды, жұмысқа жарамдылығы жойылады.
Этиологиясы. Бұл аурудың негізгі себебі анықталмаған. Бірақ ауырған науқастың ағзасында ерекше белок ревматоидті фактор (РФ) анықталған. Бұл белок басқа да қан сарысу белоктары мен қосылып, бұынның синовальды қабатында жинақталып қабынтады. Сонымен қатар бұл комплекстер ішкі мүшелердің ұсақ қан тамырлар қабырғасына да жинақталады (бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе) және ол жерді де зақымдайды.
Бейімдеуші ықпалдар. Бұл аурудың дамуына инфекциялар (баспа, ЖРВИ, тонизилит) суық тию себеп болады. Жиі климаты суық ылғал жерде, жұмыстық жағымсыз жағдайда: күні бойы суық және ылғалды бөлмеде, ауыр физикалық жұмыспен айналысу. Және тұқым қуалау жолымен берілуі тиіс.
Клиникасы. Аурудың бастапқы сатысында дененің қызуы жоғарлайды, бұындары қабынып өзгереді және ауырсыну пайда болады. Қолдың ұсақ бұындары зақымданады. Бұындардың көлемі ұлғаяды, үстіндегі терісі қызарып, қызуы көтеріледі, қимылы ауырсынып шектеледі. Ертеңгісің бұындары тырысып тұрғандай сезіледі, бірақ күннің ортасына дейін немесе аяғына таман жойылады. Егер тырысу ұзақ уақытқа сезілсе, онда аурудың ағымы ауыр болады.
Ауру толқын тәрізді ағыммен мінезделеді: рецидив жағдайы ремиссия кезеңімен ауысады, ол уақытта қабыну өзгерістері тынышталады, дене қызуы қалпына келеді, буындардың ауырсынуы басылып қимылы жақсарады.
Ішкі мүшелер: жүрек, бүйрек, бауыр, өкпесінің жергілікті зақымдануы байқалады.
Объективті. Зақымданған бұынның пішіні өзгерген, терінің ісінуі және гиперемиясы байқалады. Бұнда пальпация кезінде ауырсыну және одан барып қозғалыстың шектелуі болады. Аурудың алғашқы сатысында бұынның өзгеруі ревматизмге өте тән келеді, бұл қатаң диагноз қоюға әкеледі. Кейіннен терапияның әсерімен жақсарады. Бірақ бұл ауру созылмалы болғандықтан қайталанып рецидив беріп тұрады, бұл кезде жаңа бұындар зақымдана бастайды. Кейін барлық бұындар зақымдануы мүмкін. Кейде 2-3 бұын ғана зақымдалады. Әр рецидивтен кейін буындарда өзгерістер қалып отырады, анкилоз дамиды да бұындар қатып қалады және бұлшық ет атрофиясы дамиды да, қолы «морж сүзбеқанатына» ұқсап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |