Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет26/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Terapia

Клиникалық көрінісі. Атеросклероздың клиникалық көрінісі патологиялық процестің даму деңгейінен гөрі оның орналасқан аймағына тәуелді. Атеросклероз жайылма склероз бола тұра бір немесе бірнеше аймақтың тамырларын басым зақымдайды.
Аурудың түрлері.
1. Ми қан тамырларының атеросклерозы: бас айналу, бастың ауруы, қулақтың шулауы, ұйқының бұзылуы, ұмытшақтық, біртіндеп деменция (жарыместік) дамиды, артериальды қысымның көтерілуі, ми инсульті.
2. Жүрек тамырларының атеросклерозы: жүректің ишемиялық ауруына әкеліп соқтырады.
3. Аорта атеросклерозы – ең жиі түрі. Көбіне зақымданатыны аортаның доғасы мен түбірі, кеуделік және құрсақтық аорта.
Аорта доғасының атеросклерозында мидың, жүректің, қолдардың қан айналымы бұзылады, сондықтан бас айналу, талмалар, қолдардың ұйып әлсізденуі, пульсті әртүрлілігі байқалады.
Кеуделік аортаның басты белгісі аорталгия – төс артының күйдіріп, батып ауруы.
Құрсақтық аортаның атеросклерозы іш қыспасымен білінеді: көбіне тамақты тоя ішкеннен соң іштің ұстамалы түйіліп ауырсынуы, ішектің дисфункциясы, арықтау, эпигастрий аймағындағы тамырлық шулар, метеоризм, перистальтиканың баяулануы және нитроглицериннен басылатындығын ескеру қажет.
4. Бүйрек тамырларының атеросклерозы: бүйрек жұмысы нашарлап, зәр аз бөлінеді, кейде шықпай қалады ( анурия), адам ісініп азот шлактарымен уланады (уремия), созылмалы бүйрек шамасыздығы дамиды.
5. Аяқ тамырларының атеросклерозы: ауру көбінесе еркектерде болады: темекі шегетіндерде, отырып жұмыс істейтіндерде. Аяқтар тоңғыш болады, жансызданады, науқастардың бір қатарында ұстамалы ақсақтық пайда болады. Аяқтардың ұшы жылымайды, түсінің қуқылдығы назар аудартады, кейде гангрена дамиды. Ақсақтық ұстама белгісін тұңғыш суреттеген француз студенті Баули (1863 ж.) Болашақ ветеринар сан артериясы тарылған аттың шамалы шабыстан кейін жай жүріске көшіп, ақсаңдай басуына көңіл аударып түсініктемесін берген.
6. Көздің тамырларының атеросклерозы: көздің көруі нашарлайды, ауыр жағдайда көзі көрмей, соқыр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет