Гиполипидемиялық дәрмектердің әсер ету механизміне байланысты жіктемесі:
Атерогенді липопротеидтердің түзілуін тежейтін дәрмектер:
А) Статиндер: ловастатин (мевакор), симвастатин (зокор), правастатин, флувастатин (лескол) , аторвостатин.
Б) Фиброй қышқылының туындылары: фенофибрат, безафибрат, клофибрат, гемфиброзил.
В) Никотин қышқылы. Никотин қышықылы суға еритін витаминнің бірі, гиполипидемиялық әсері бар.
Г) Пробукол (фенбутол, лорелко)
Д) Бензафлавин
Ішек бойында холестерин сіңірілуін бөгейтін дәрмектер:
А) өт қышқылдарының секвестрандттары; холестирамин, полиспанин.
Б) b - ситостерин;
В) гуарем - өсімдік жаратылысты табиғи тағам қоспасы;
3. Липидтер алмасуының физиологиялық корректорлары; эссенциале, липостабил.
Санаторлық – курорттық ем – атеросклерозда жүргізілетін комплексті емнің маңызды шараларының бірі. Санаторий мен курорттың басты емдік факторлары: климат, теңіз ауасы, емдәм, минеральді сулар, фитотерапия, теңізге шомылу, терренкур, физиотерапия, бальнеотерапия, дене жаттығулары бұл аурудың барысына оң әсер етеді. Емге жолдаған кезде науқастың жалпы жағдайы церебральдік атеросклероздың ЖИА-ның, аяқ артериялары зақымдануының болу – болмауы ескеріледі. Санаторлық курорттық ем ең жылы маусымдарда (жазда, күздің басында) жақсы әсер етеді.
Атеросклерозы бар науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтүде мейірбикенің ісі
|
1.Атеросклероздың дамуы қандай асқынуларға соқтыратынын білу
2. Жүргенде аяқтарында ауырсыну
3.Бас ауру, бас айналу, есте сақтаудың төмендеуі
4.Ашуланшақтық, үрейленген жағдайлар
5.Төс артында ауырсыну ұстамалары
6.Дәрілерін үзбеу қабылдау қажеттілігі (әсіресе асқынған кезде)
7. Тамақтану, енбек, демалыс тәртібін сақтау қажеттілігі
|
1.Әңгімелесу жүргізу;
А) тамақтану, енбек, демалыс тәртібін сақтау туралы,
Б) шылым шегумен алкогольдің әсері туралы
В) емдәмді сақтау маңызы туралы,
Г) міндетті түрде дәрілерді қабылдау туралы және дәрігерге үзбей барып тұру
2.Емдәмді сақтауын және дәрілерді үзбей қабылдауын бақылау.
5.Дене салмағын және диурезді бақылау
|
Достарыңызбен бөлісу: |