Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит


Ангиотензин –1 рецепторларының антогонистері



бет33/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Terapia

Ангиотензин –1 рецепторларының антогонистері. Бұл жаңа топ препараттары АҚ-ды көтеретін заттардың әсерін жояды. (козаар, лосартан, валсартан, теветен).

  • Альфа-адреноблокаторлар: бұлар инсулинге сезімталдықты арттырады және қанда тығыздығы жоғары липопротеиндердің мөлшерін көбейту арқылы антиатерогенді әсер етеді. Осы әсерлері қантты диабетпен сырқаттанған науқастарға жағымды болуы мүмкін және простатасы үлкейген ер адамдарға оң әсер береді.(пратенонол, празозин, клонедин, гуанобенз).

    Егерде АГ науқаста бірінші рет анықталса, онда 4-12 апта дәрмексіз ем жүргізу керек: психикалық тыныштық, ұйқысының қануы, тұзды тәулігіне 5-6 граммға дейін төмендету, ол көмектеспесе дәрмекті емге көшу.
    Болжам: емді ерте бастаса артериальды қысымды үнемі бақылап тұрса, болжамды жақсартады. Науқас өмір бойы үзбей емделу керек.


    Асқынулары. Гипертензивті криздер. (ГК).
    ГК – систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет жоғарлауы. Сонымен қатар нысана мүшелер қанайналым бұзылыстарының дамуы. Гипертониялық криздер АҚ 160/95 мм.с.б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ көбіне криз кезінде САҚ 190-270, ал ДАҚ 120-160 мм с.б. дейін биіктейді. Негізінде криздің ауырлығы қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың ауырлығына тәуелді.
    Клиникалық көріністері: бастың қатты ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, көздің уақытша көрмей қалуы, қос көрінуі, көз алдының бұлдырлануы немесе шыбын – шіркей тәрізді көлеңкелер көрінуі.
    Криздің 1- ші түрінде беті қызарады, жүрегі қағады, денесі дірілдеп жалпы қозумен білінеді. Мұндай жағдайдың ұзақтығы – минуттар, сағаттарға ғана созылады. Криз басылғаннан кейін көп мөлшерде зәр бөлінеді.
    Криздің ІІ-ші түрінде мидің ісінуі басым болады. Сондықтан мидың өтпелі ошақты зақымдану белгілері байқалуы мүмкін: қолдардың, беттің жансыздануы; бет аймағында ерін мен тілдің ауырсыну сезімталдығының төмендеуі; қолдың әлсізденуі; кейде бір тәуліктің көлемінде сақталатын гемипарез, афазия, құрысулар болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет