Тыныс алу жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік күтім мен паллиативті көмектің мазмұны, мақсаты



бет9/15
Дата03.01.2022
өлшемі39.46 Kb.
#450744
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
онколигия 12 тақырып

3. Таңқурай түсті қақырық өкпенің қатерлі ісігінде кездеседі.

4. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады. Сасық иісті қақырық өкпе ұлпасы шіріп, ыдырағанда пайда болады (гантрена, ыдыраған, ірін, деген, шіріген рак) немесе қуыстарда тұрып қалған қакырықтың белогы шірігенде (бронхоэктазалар, өкпе абцессі) естіледі.

Қабыну процесінің ауырлығына байланысты бөлінетін қақырықтың мөлшері 10 мл-ден 2 л-ге дейін ауытқуы мүмкін. Егер бронхоэктазалар оң өкпеде орналасса, онда қақырықтың бөлінуін жеңілдету үшін науқасты сол жақ қырына, сол өкпеде орналасса - оң жақ қырына жатқызу керек. Қақырық бөлінуін женілдетегін дене қалпын (поза) дренаж деп атайды. Пневмония, бронхит ауруларында жөтел күні бойы мазалайды. Туберкулез ауруында, көбінесе түнгі жөтел мазалайды

Мейірбике дәрігердің белгілеуін қатаң орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып жылы сут, қақырық түсіретін микстура беріп, онда тоңып қалмауы үшін пациентті қымтап жабады. Көп қақыратын пациентке жақсы бұралып жабатын, қалтаға салып жүретін түкіргіш береді. Қалған пациентке жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды. Түкіргішті күнделікті төгіп, жақсылап жуады, ал кебір жағдайда қайнатады. Қақырықты зарарсыздандыру үшін түкіргіштің түбіне құрғақ зарарсыздандыру ұнтағы 1:5 қатынасындай себеді.



6). Қан түкіру - бұл жөтелу кезінде қан түкіру немесе қан бөлу. Бұл обыр, абсцесс, бронхоэктазалық ауру, өкпе инфаркты кезінде кездеседі. Кейде қақырыққа қызыл иектен, мұрыннан кеткен қан араласуы мүмкін. Қатты жөтелгенда қан тамырлары жарылуы мүмкін. Кіші қан айналу шеңберінде қысым жоғарылағанда, жүрек жетіспеушілігі кезінде қан кетуі мүмкін.

Өкпесінен қан ағатын пациенттер ерекше күтімді қажет етеді. Мейірбике олардың жалпы күйін, тамыр соғуы жиілігін, қан қысымының да деңгейін мұқият қадағалап, дәрігердің барлық белгілеулерін дер кезінде әрі дәл орындауы тиіс.

Кенеттен қан аралас қақырық немесе қан кету басталғанда:

·Науқасты жартылай отырғызып, тыныштандыру керек

·Қолына қақырық жинауға лоток беру керек

·Кеуде сарайының үстіне мұзды қабықты қою керек

·Тез арада дәрігерге айту керек

7). Цианоз - терілер мен кілегей қабаттардың көк түске боялуы. Ол акроционоз және диффузды цианоз болып екіге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет