Жыныс гормондары:
Андрогендер, эстрогендер
Қалқанша маңы безінде синтезделеді:
Паратгормон
Қандағы глюкозаның мөлшерін реттейтін гормондар:
Инсулин, бүйрекүсті безінің гормондары, соматотроптық гормон, глюкагон
Гормондардың нейрокриндік әсер етуі:
Гормон нейрокринді жасушалардың ұштарында бөлінеді және медиатор секілді әсер етеді
Гормондардың жалпы қасиеттерінің бірі:
Жоғары биологиялық белсенділігі
Аденогипофизбен гипоталамустың байланысы жол:
Нейро-гуморальдік байланыс
Ішкі және сыртқы секрециялық қабілеттілігі бар безді көрсетіңіз:
Ұйқы безі
Төмендегі гормондардың қайсысы организмдегі натрийдің метаболизміне бүйрек түтікшелерімен оның реабсорбциясын күшейту арқылы әсер етеді?
Минералокортикоидты
Альдостеронның бүйрек үсті безі қыртысының шумақтық қабатымен бөлінуіне әсер ететін тікелей фактор:
Ангиотензин II
Төмендегі гормондардың қайсысын эндокриндік ұйқы безі шығарады?
Инсулин және глюкагон
Статиндер мен либериндер:
Троптық гормондардың бөлінуіне әсер етеді
Прогестерон түзіледі:
Аналық бездің сары денесінде
Ұйқы безінің инсулин секрециясын реттеудегі жетекші рөл:
Қандағы глюкоза және бездің оқшаулау аппаратының гормондары
Тироксиннің негізгі әсері:
Энергия алмасуын күшейтеді
Адреналин өндіріледі:
Бүйрек үсті бездерінде
Достарыңызбен бөлісу: |