ҚҰтырық ауруы қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі



бет2/4
Дата27.05.2023
өлшемі5.73 Mb.
#474358
1   2   3   4
кутырык

ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Қоздырушысы
Pabies lyssavirus - рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Бұл вирустың екі негізгі антигендері бар. Еритін S-антиген (капсид нуклеопротеиді) - барлық құтырық вирустарына ортақ және V-антиген (вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид) вирустың әрбір жеке титріне тән. Соңғы антигенге байланысты құтыру вирустары 4 сереворға бөлінеді. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық құтыру вирустарының көпшілігі бірінші сереворға жатады. Басқа сереворлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған.
Төзімділігі
Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады.
Індеттік ерекшеліктері
Құтырықпен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді. Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде - жарқанат. Қорламасына байланысты құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.
Дерттенуі
Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соғынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады.
Мидан вирус қайтадан орталықтан
кері бағытта сілекей бездеріне келіп
түседі. Онда жүйке торшалары
бүлінген кезде вирус бездің түтігіне
өтіп, сілекеймен араласады. Мидан
қоздырушы сонымен қатар көздің
тор қабаты мен мүйіз қабатына,
бүйрек үсті безіне жетеді, оларда да
өсіп өнеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет