«тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің


Қауіпті метеорологиялық қ



бет4/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#138691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процесстер. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар – адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар.

Дауыл жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.

Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.

Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.

Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер.

Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.

Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы. Ұзақтығы 12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары.

Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.

Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер. Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.

Нөсер (қатты жауын) – үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар түрінде) жауады. Жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.

Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс.

Қатқақ - ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.

Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа уақыт кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.

Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.

Шаңды дауыл – көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.

Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа ылғалдығының төмендеуін қоса алғандағы, ұзақ мерзімді жауын – шашынның болмауы түріндегі метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы тепе – теңдігінің бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам сақталып тұруы, (күндіз) ылғалдық қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% - дан аз.

Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы. Орташа тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары ауаның ылғалдығы 30% аз болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

  2. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар

  3. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері

  4. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы


Дәріс №4. Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
Жалпы сұрақтар

  1. Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.

  2. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері.

Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері.



Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар. Нысанды пайдаланудың техникалық деңгейінің төмендігі, техникалық процесстермен басқару жүйесінің және өртке қарсы қызметтің жетілмегендігі, құрал – саймандардың ескіруі салдарынан бұл сала өзінің жоғары авариялылығымен ерекшеленеді. Аталған сала кәсіпорындарындағы өрттер өте қауіпті, өйткені сыртқа шыққан мұнай жанған кезде мұнайы бар қоймаға, компрессорлы қондырғыларға, мұнай құбырларына от шашады.

Химиялық және мұнай химия өнеркәсібіндегі авария себебінің сараптамасы көрсеткендей, соңғы онжылдықта олардың басым көпшілігі (95%) көптеген химиялық заттардың жарылуымен байланысты, оған қоса, 54% - аппаратура ішінде, ал 46% - өндіріс бөлмелері мен сыртқы құрылғыларда. Көп жағдайда аварияның шығуы мен атмосферада өрт және жарылыс қауіпі бар заттардың жарылысы қираулардың, шығындардың, одан кейінгі кең көлемді өрттердің негізгі себебі болып табылады. Нысанда бар немесе бақыланбайтын химиялық реакциялар кезіндегі синтезделетін химиялық заттар авария кезінде үлкен аумақта улы кеңістік зақымдаушы түзуге қабілетті.



Өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындардағы өрттер мен авариялар.

Аса қауіпті, алдын ала болжауға болмайтын, ауыр зардапты өрттер мен жарылыстар өрт және жарылыс қауіпі бар кәсіпорындарда орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды сақтайтын орын мен қоймаларда төтенше жағдайлар жиі орын алады. Өрт және жарылыс қауіпі бар заттарды көп көлемде сақтайтын қандай да бір қоймалардың зақымдануы жаппай өрттермен қатар жүріп, кәсіпорынның өндірістік және материалдық қорының 80-90% -ын жоюы мүмкін.



Қирау. Ғимараттардың, құрылыстардың және инженерлік тораптардың қирауы бейбіт кезеңде төмендегі себептерге:

  • ескіру мен материал құрылыстарының коррозияға ұшырауына алып келетін табиғи факторлардың және олардың физика – механикалық сипаттамаларының төмендеу: әуе кеңістігінің, атмосфералық ылғалдықтың, жер асты суларының, жердің сортандануы мен отыруы, ауаның жағымсыз температурасы, жер қыртысындағы қаңғыма тоқтар, бөрененің шіруі және т.б. алып келетін биологиялық факторлар әсеріне;

  • қирауға алып келетін: дауылдар, құйындар, цунамилар, нөсерлер, су тасқындары, су басулар, жер сілкіністері, опырылмалар, сел тасқындары, қардың құлауы және т.б. апаттарға;

  • құрылыстар мен техникалық жүйелердің өндірістік – жобалаудағы ақауларынына: қарастыру мен жобалау кезіндегі қателіктер, құрылыс жұмыстарын жүргізудің немесе құрылыс материалдарының және конструкциялардың сапасыздығына;

  • материалдарға және конструкцияларға технологиялық процестердің: қосымша жүктемелер, жоғарғы температуралар, дірілдер, тотықтырғыштар, булы газдық және сұйық агрессивті орта, минералды майлар мен эмульсиялардың әсеріне;

  • құрылыстардың, техникалық жүйелердің пайдалану ережелерінің бұзылуы және осының салдарынан бензин буының, химиялық заттардың, газдың, дән элеваторларындағы және т.б. пайда болатын өрттер мен жарылыстар салдарына байланысты болады.

Құрылыстардағы ірі қираулардың сараптамасы көрсеткендей аварияның басты себебі – монтаждық – құрылыс жұмыстардың төменгі сапасы. Сондай – ақ металл және темірбетон конструкцияларының монтаж ережесінің бұзылуы, материалдарды басқа бір материалдармен алмастыру, ғимаратты (құрылысты) ірі ақауларымен пайдалануға беру, беріктік қорының жетіспеушілігі аварияға жиі алып келеді.

Ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың кенеттен қирауы үлкен материалдық шығынға алып келеді, кей жағдайларда адамдардың құрбан болуымен қатар жүреді.



Транспорттагы төтенше жағдайлар. Транспорттық оқиғаларды топтастыру. ҚР трнспорт және коммуникация министірлігі бекіткен Транспорттық оқигалардың тергеуін сотпен жүргізу Ережесіне сәйкес ішкі су жолдарындағы транспорттық оқиғалар авариялар және эксплуатациялық оқиғаларға бөлінеді:

Аварияға жататындар:

  • нәтижесінде адамдар қаза тауып немесе ауыр дене жарақатын алған транспорттық оқиғалар;

  • толық конструкциялық қирау, құтқарумен бірге жүретін кемелердің суға батуы;

  • бірінші кеме кірген кезден бастап, тап сол аймақтағы жолда немесе шлюзде 72 сағат және одан аса қозғалыстың тоқтауын алып келген, немесе кеменің гидротехникалық құрылыстың зақымдауы;

  • транспорттық оқиға кезіндегі мұнайдың, мұнай өнімдерінің 10 тоннадан астам төгілуі;

  • кеменің баска кемені зақымдауы.

Экстуатациялық оқигаларга жататындар:

туындаған салдарына тәуелсіз транспорттық оқиғалар, адамдардың өлімі мен ауыр жарақаттарынан болмауы, басқа кемелерге көмек көрсету, күшті зілзала әрекеттерінің нәтижесінде, мұзды жағдайда кемелердің жұмыстары кезінде.



Транспорттық авария - өзімен бірге адам өліміне, зардап шеккендерге ауыр дене зақымдануына соғатын, транспорттық құралдар мен ғимараттарды зақымдауға және жоюға немесе қоршаған табиғи ортаға шығын әкелетін транспорттық авария.

Қауіпті жүк - өздеріне тән құрамына сәйкес, тасымалдау немесе тиеу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыру, қоршаған табиғи ортаны, транспорттық ғимараттарды, құралдар мен басқа да заттарды зақымдау және құрту мүмкіндігіне ие қауіпті заттар, материал, өнім мен өңдіріс қалдықтары.

Авиацияльқ транспорттагы төтенше жағдайлар. Авиациялық транспорттағы төтенше жағдайлар деп әуе кемелерінің ішінара немесе толық қирау жағдайын айтады. ТЖ басты себебі «адамдық фактор», авиапарктің, техниканың ескіруі болып табылады.

Авиациялық апат – адамдардың өлімі мен із – түссіз жоғалуына, зардап шегушілердің дене жарақатына немесе кеменің және ондағы тасымалданатын материалды құндылықтардың зақымдануына алып келетін, ұшу немесе пайдалану кезіндегі әуе кемесіндегі қауіпті оқиға.

Авиациялық авария деп адам шығынынсыз, алайда әуе кемесінің айтарлықтай зақымдануына алып келген авиа оқиғаны айтады.

Авиациялық сыну деп ұшу қауіпсіздігін төмендететін жағдайды айтады.

Теміржол транспорттпарындағы төтенше жағдайлар. Теміржол көлігіндегі ТЖ себептерінің қатарында алдыңғы қатарда (25%) келе жатқаны релстен шығып кету болып отыр. Теміржолдағы апат пен авариялардың 25% - ы поездардың күтпеген жерден автомобиль және жүк транспорттары, велосипедшілермен соқтығысуы салдарынан орын алады. Мұндай жағдай көбіне темір жол үстінен өтетін жерлерде болады. Мұндай ТЖ – ға тән сипат ретінде транспорттық құралдардың темір жол өтетін жерді кесіп өту ережелерін дұрыс сақтамауы себеп болады.

Темір жол қозғалысын басқару жүйесіндегі тәртіптің бұзылуы составтың бос емес жолға түсуіне және соғысуына алып келеді. Мұның себебі аса күрделі темір жол авариясы мен апатына алып келетін станция жолдарындағы маневрлік жұмыстар тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін.



Қауіпті жүктер, әсіресе ҚӘУЗ бар қозғалыстағы составтың соғысуы мен шығып кетуі жыл санап өсуде. Мұндай ТЖ алып келген шығын, әдетте өте жоғары болып келеді, өйткені апат салдарын жоюдан басқа, қосымша зақымдаушы факторларымен де күресуге тура келеді.

Темір жол транспорттарыңдағы көптеген ТЖ себебі жарылыстар мен өрттер болып келеді.

Жол жүру бағытындағы жолаушы поездарында орын алатын өрттер айтарлықтай материалдық шығын алып келеді. Аса үлкен қауіпті вагондардағы өрттер тудырады. Мұндай өрттер көбіне қызмет көрсетуші персонал мен жолаушылардың отты абайсыз пайдалануынан туындайды. Өрттердің 26% жағдайы электр құрылғыларындағы ақаудан, ал аса ауыр зардаптарға алып келетін өрттер, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзудың салдарынан орын алады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп, вагондағы жалпы тұтанудың пайда болу немесе жанғыш сұйықтықтың жану, шыға берістің отпен немесе жанғыш заттармен қоршалуы, сөндіру құралдарының аз нәтижелілігі және жолаушылар арасындағы үрей нәтижесінде орын алатын қуатты тұтану ошағының болуында жатыр.

Темір жол авариялары мен апаттары кейде дауыл, қарлы және құмды боран, опырылма және сырғыма, су басу, нөсерлі жауын – шашын, жер сілкінісі сияқты табиғат құбылыстарының салдарынан да орын алады. Олар жолдарды зақымдайды, электр желілерін үзеді, көпірлер мен бөгеттерді қиратады, көру мүмкіндігін төмендетеді. Осының барлығы қозғалыс қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Поездың апатқа ұшырауы – жолаушы немесе жүк поезының басқа поезбен немесе қозғалмалы составпен соғысуы, поездағы қозғалмалы составтың екі аралықта және станцияда шығып кетуі салдарынан адамдардың қаза табуы мен жаралануы, локомативтің сынуы немесе вагондардың мүлік тізімінен шығуына дейін баруы, болмаса сол аумақтағы қозғалыстың толық тоқтауы соғысудың немесе қозғалмалы составтың шығып кету салдарын жоюдың нормативті уақытынан асып кетуі.

Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше темір жол қозғалмалы составының күрделі жөндеуден өтуге дейінгі деңгейде зақымдалуы мен бір немесе бірнеше адамның қаза табуы, зардап шеккендерге әр түрлі сипатта дене жарақатын, не болмаса нормативтік уақыттан асатын уақытта қозғалыстың толығымен тоқтап қалуына алып келген темір жолдағы авария.

Автомобиль транспорттарындағы төтенше жағдайлар. Әлемде автомобильді жол – көлік ТЖ салдарынан жыл сайын 300 мыңға жуық адам қаза тауып, 8 млн. адам жарақат алады. Автожолдық жарақат әлемдегі халық арасындағы өлім себебінің үшінші орнын алады.

Жол - көлік апаты деп (ЖКА) механикалық транспорт құралдарының қозғаласы кезінде орын алған және өзімен бірге адамдардың қаза табуы мен дене жарақатын, транспорт құралдарының, ғимараттардың, жүктердің зақымдануын немесе басқа да материалдық шығын алып келген оқиғаны айтамыз. Механикалық транспорт құралдарына жататындар: автомобильдер, мотоцикльдер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өзі жүретін механизмдер.

Жол – көлік апатын бірнеше негізгі түрге бөледі.



Соқтыгысу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралдары өзара немесе темір жол составымен соқтығысуы кезіндегі оқиға.

Аударылу – қозғалыстағы механикалық транспорт құралы тұрақтылығын жоғалту және аударылу кезіндегі оқиға.

Автотрансторттағы ТЖ басты себептерінің қатарына жататындар:



  • қозғалыс ережесінің бұзылуы;

  • жылдамдықты жоғарылату;

  • автокөлікті мас күйінде жүргізу;

  • жолдың нашар жағдайы, метеожағдай;

  • автокөліктегі ақау.

Ең үлкен қауіпті жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуы салдарынан орын алған ЖКА тудырады. Аталған статистика көрсетуі бойынша 115 км/сағ жылдамдықпен соғысу – жүгізушінің 100% қаза табуына алып келеді.

Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы замангы зақымдау құрал.

Ядролық жарылыс кезінде мынадай зақымдаушы факторлар пайда болады:

•   сокқы толқыны;

•   сәуле жарқылы;

•   өткіш радиация;

•  жердің радиоактивтік ластануы;

•  электромагниттік импульс.

Ядролық ұрыс жабдықтарға ракеталардың, торпедалардың жарылатын бөліктері, ядролық бомбалар, артиллериялық снарядтар, тереңдікте жарылатын бомбалар, миналар (фугастар) жатады.

Ядролық ұрыс жабдықтарынын қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді. Тротилдік эквивалент - әдеттегі жарылғыш заттың (тротилдің) массасы, оның жарылғыш энергиясы сол ядролық жарылғыштың жарылыс энергиясына тең болады. Тротилдік эквивалент тоннамен, килотоннамен және мегатоннамен өлшенеді.

Қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері мынадай түрде болуы  мүмкін:

•   биіктегі ядролық жарылыс;

•   әуедегі ядролық жарылыс;

•   жер бетіндегі (су үстіндегі) ядролық жарылыс;

•  жер астындағы (су астындағы) ядролық жарылыс (1 сур.).


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Химиялық, мұнай химиялық, мұнай газ өндіретін кәсіпорын өнеркәсібіндегі өртер мен жарылыстар

  2. Транспорттагы төтенше жағдайлар. Транспорттық оқиғаларды топтастыру.

  3. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері


Дәріс №5. Радиациялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар

  1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.

  2. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері

Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.



Радиоактивтілік туралы жалпы түсінік. Табиғатта өздігіген ыдырайтын химиялық элементтердің, атомдық ядролардың шағын мөлшері бар. Бұл үдеріс көзге көрінбейтін сәулеленумен шығады. Радиоактивті элементтерге және радиоактивті сәулеленуге сәйкес – атомдық ядролардың өзідігінен ыдырауы кейбір химиялық элементтерде радиоактивтілік деп, ал элементтердің өзі олардың сәулеленуі деп аталады. Адамның сезу мүшелерінің қабілеттілігі радиоактивті сәулеленуді қабылдай алмайды. Жергілікті жердің, судың, ауаның, көлік құралдарының, азық – түліктердің және т.б. радиоактивті сәулеленумен және радиоактивтілікпен ластанғаны туралы ақпаратты тек арнайы аспаптардың көрсетуімен ғана алуға болады.

Радиоактивтілікпен ластану радиоактивті үрдіс кезінде химиялық элемент атомдарының ядроға айналуынан болады: альфа – ыдырау, бета – ыдырау, электронды қамту, атомдық ядроны спонтандық (өздігінен) болу. Барлық радиоактивті сәулеленудің маңызды бір қасиеті олар өздері тарай­тын электрлі бейтарап молекуланың сәулеленуін тудырады. Ең көп сәулеленуді шығару қасиетіне альфа – бөлшек ие. Сәулелену болғанда альфа – бөлшек энергиясы тез азаяды. Белгілі қашықтықтан өткеннен кейін альфа – бөлшек өзінің тіршілігін тоқтатады. Қуаттылығының көп бөлігін жоғалтқаннан кейін ол екі электронды өзіне тартып алады және гелийдің бей­тарап атомы болады. Альфа – сәулелену адам үшін де, басқа да кез – келген тірі организм үшін де қандайда бір қауіп тудырады.

Зат арқылы өту кезінде сәулелену қабілетіне бета – бөлшекте ие, алайда ол едәуір аз. Бета – бөлшек өзінің қуаттылығын баяу жоғалтатындықтан, оның ауадағы және басқа материалдардағы еркін жүріс ұзындығы едәуір көп. Бета – бөлшектің едәуір бөлігі әртүрлі радиоактивті изотоптарда ауада 3-5 м жүреді. Тығыз заттарда айтарлықтай аз болады (суда, ағаштарда, организм ұлпаларында 1000 рет). Бұған қарамастан бета сәулелену адам үшін қауіпті, әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде.

Альфа – ыдырау және бета – ыдырау, ереже бойынша, гамма сәулесімен қоса жүреді. Ол жарық жылдамдығының кеңістігімен жайылатын өте үлкен жиіліктегі электромагнита тербеліске ие; ядро түрінде жеке мөлшерде түседі ол гамма – квант немесе фотондар деп аталады. Гамма – кванттар өте үлкен түсу қабілетгілігіне ие. Әртүрлі материалдармен гамма – сәулеленудің әлсіздену сипапамасы үшін жартылай әлсіздену (d 1/2) қабатының кеңдігі қолданылады. Бұл гамма – сәулеленудің қуатын екі есеге әлсірететін материалдың сондай қабаттағы қалыңдығы. Жартылай әлсіз қабат материалдарды қорғау қасиетінің сипаттамалық шарасы болып табылады.

Адамдардың ионды сәулеленумен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі ренгентте өлшенетін (Р) экснозиционды сәулелену мөлшерімен (Д) анықтталады. Радиоактивті сәулеленудің қарқындылығы (Р) сәулелену мөлшерінің күштілігімен бағаланады. Сәулелену мөлшерінің қуаттылығы доза жиналуы жылдамдығын сипаттайды және рентгенде бір сағат (Р/с), милли – рентгендерде бір сағат (мР/с) немесе микрорентгендерде бір сағат (мкР/ с) көрсетіледі.

Халықаралық бірлік жүйесінде СИ экспозиционды сәулелену мөлшері кулонда килограмға (Кл/'кг) өлшенеді және оның күштілігі кулонда секундына килограмға (Кл/кгс) өлшенеді. 1 кг ауада иондау нәтижесінде 1 Кл тең бір бөлгідегі барлық иондардың жиынтық электрондық заряды, 1кг ауада түзілетін кулон килограмның экспозиционды мөлшерімен тең.

Сәулеленуді иондармен қанықтырушы адамдар сәулеленудің салдарларын бағалау кезінде, сәулеленудің экспозициялық дозасын емес, сәулеленудің жұтылу дозасын, яғни адам организмі ұлпаларына жұтылған сәулеленуді иондау энергиясының мөлшерін білуі маңызды. СИ жүйесінде сәулеленудің жұтылу дозасын өлшеу бірлігі ретінде грэй (Гр), ал мұндай дозаның қуатын - секундттағы грэй (Гр/с) деп қабылданған. Тәжірибеде жұтылған дозаның жүйеден тыс бірлігі – рад (сәулеге шалдыққан заттың бір грамында, 100 эрг. тең энергия жұтылады) пайдаланылады. Жұтылған дозаның қуаттылығының жүйеден тыс бірлігі – бір сағаттағы рад немесе бір секундтағы рад (рад/ч, рад/с).

Экспозициялықпен жұтылған дозалар аралығындағы сәулеленудің бағыныштылығы:



Дпог=Дэкс х К, бұл жерде К пропорционалдықтың коэффициенті (адам организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0,877).

Қолдағы бар дозиметриялық құралдардағы өлшеу кемшілігі 15-30%-ды құрайтынын ескере отырып, пропорционалдық коэффициенте тең бірлік қабылданады. Сондықтан дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген адамдар алған сәулелердің салдарларын бағалау кезінде рентгендердегі экспозициялық дозалардың маңызы мен радтардағы жұтылған дозалар шамамен бірдей.



Рентген – бұл 1 см3 ауа физикалық қалыпты шарттарда (ауа температурасы 0° С және қысымы 760 мм рт.ст.) электр санының бір электрлік бірлігін құрайтын 2,08x10 ион буы түзіледі. Сәулеленудің алуан түрімен сәулеленген адам организмін бағалау үшін, сондай – ақ ауамен, сумен және тамақпен адам организміне радионуклидтер түскен кезде сәулеленудің эквиваленттік дозасын өлшейтін арнайы бірлік – бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) қолданылады.

Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бо­йынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет