«тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің



бет8/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#138691
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.

Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.

Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.

Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялық барлау болып табылады. Апат ауда­нындағы санитарлық – эпидемологиялық іздестіру – кұтқару қызметі улы зат­тармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.

Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық ба­қылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.

Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:


  • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;

  • ауыз суының ластануын, азық – түлік тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;

  • радиациялық қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;

  • азық – түлік тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуте жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.


Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация – жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын (оба, ту­ляремия және басқа) кеміргіштерді құрту. Дератизация жасау үшін биоло­гиялық, химиялық және механикалық әдістер қолданылады.

Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.) мен бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген.

Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.

Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып беретін тышқан дәрісі кеңінен қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш қышқыл, бромды метил, күкіртті газ және басқалар.

Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.

Зоокумарин – өзіне тән исі бар ақ немесе сұрғылт ұнтақ. Сақталуы тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте жаман, эфирде нашар ериді. Әрекеттің созылуы 7 – 15 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш затқа байланысты) түссіз ұнтақ. Сақталуы тұрақты, суға ерімейді. Органикалық еріткіштерде ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар қою – сұрғылт ұнтақ. Сакқтау кезінде фосфорлы сутек бөле отырып біртіндеп ыдырайды. Суда ерімейді қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.

Монофторин – күлгін түсті кристалл, сақталуы тұрақты. Спиртте, ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.

Өлген кеміргіштердің сүйегін мүмкіндігінше жинап, залалсыздандырып барып көмеді. Егер кеміргіштер өте қауіпті жұқпалы ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың сүйектерін тездетіп өртеу керек. Эпидемологиялық ошақта жұмыс істеу және өте қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде қорғану костюмдерін кию керек.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.

  2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

  3. Эпизоотия, Эпифитотия.

  4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.


Дәріс №9 Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау.

Жалпы сұрақтар

  1. Халықты қорғаудың негізгі принцптері.

  2. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.

  3. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері.

  4. Тұрғындарды эвакуациялау.


Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері. Негізгі принцптері. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары біздің республикамызда ең басты мақсат болып табылады.

Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.

Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:


  • Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;

  • Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;

  • Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.

Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары – бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы – қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай – ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.

Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған.

Олар төмендегідей бөлінеді:


  • Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);

  • Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс – қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.


Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: алдын ала бүкіл республика аумағында; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен бірге; жеке жүргізіледі. Панахана АҚ топтарына жатқызылған қалаларда және аса қажетті нысандарда тұрғызылады. Радиациядан қорғайтын панаханалар – қала сыртында (қауіпсіз аймақта) салынады. Халық қорғаныс ғимараттарын дұрыс пайдалануға үйрену қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.

Қорғаныс ғимараттары - бұл инжерелік ғимараттар, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттармен зақымдануын төмендетуге арналған.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері.

  2. Негізгі принцптері.

  3. Инжененрлік шаралар.


Дәріс №10. Халықты қорғау құралдары.
Жалпы сұрақтар

  1. Инжененрлік шаралар.

  2. ТЖ кезінде қорғаныс ғимараттарын пайдалану.

  3. Ғимараттың жұмыс істеу режимі.

  4. Жеке қорғаныс құралын пайдалану, олардың түрлері.

  5. Негізгі принцптері.



Қорғаныс ғимараттары – халықты қорғаудың негізгі құралы. Қорғаныс ғимараттары – бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялар кезіндегішыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардың, сондай – ақ, зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.

Бұл ғимараттар қорғаныстық ерекшеліктеріне байланысты панаханалар және радиациядан қорғайтын паналау орындары болып бөлінеді. Сонымен қатар, адамдарды қорғау үшін қарапайым панаханалар да қолданылуы мүмкін.

Панахана ғимараттары былайша жіктеледі:

а) мақматы бойынша: кәсіпорын қызметкерлері мен халықты, басқару органдары мен медицина мекемелерін орналастыру үшін. Өте берік ғимараттар мемлекеттік органдар мен әскери басқару үшін салынады және онда адамдардың ұзақ уақыт болатындығы ескерілген. Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау үшін ғимараттар кәсіпорын аумағында, ал халықты қорғау үшін оар тұратын жерлерге салынады.

б) орналасқан жері бойынша: жапсарлас салынғандар және жеке тұрғандар. Жапсарлас салынған панахана ғимарат құрылғыларымен қатарорналасқандықтан анағұрлым арзан. өйткені онда коммуникация желілері бар. Сонымен қатар, жапсарлас салынғандар панахана ғимараттың қирауынан үйінді астында қалуы мүмкін. Ал жеке тұрған ғимараттар мұндай қауіпке ұшырамайды.

в) сыйымдылығы бойынша:



  • Шағын – 300 адамға дейін

  • Орта – 300-600 адам

  • Үлкен – 600 ден астам адам

Панахана желдеткішпен, санитарлық – техникалық қондырғылармен, улағыш радиоактивті заттар мен бактериалдық құралдардан ауаны тазалайтын құралдармен жабдықталуға тиіс.

Радиациядан қорғайтын орын. Бейбіт және соғыс уақытында, ТЖ кезінде паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады.





Радиациядан қорғайтын ғимараттар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды. Қарапайым үлгідегі панаханалар. Халықты қорғау жүйесінде қуыс үлгісіндегі қарапайым панахана салудың үлкен маңызы бар,. Қарапайым панахана ретінде қуыс, траншея, окоп, блиндажды пайдалануға болады. Оны халық қыска мерзімде салады. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық 40-50 есег азайтады. Әдетте, оның тереңдігі 200 см, жоғарғы ені 120 см, төмендегі ені 80 см болады, ал ұзындығы паналайтындардың санына қарай. Жабық қуысты диаметрі 18-20 см бөренеден, темір бетон плитасынан жасайды, оның төбесінің үстіне рубероидпен, полиэтиленді пленканы немесе қалыңдығы 20 -30 см топырақ төсейді.

Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:


  • оқшаулағыш сырт киім;

  • тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;

  • арнайы қорғаныс киімі;

  • аяқты, қолды қорғау құралдары;

  • басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары;

  • биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;

  • теріні қорғайтын құралдар;

аралас қорғаныс құралдары;

Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді:



  • аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;

  • булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;

  • ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.

Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді:

  • шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;

  • автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.

Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.

Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.



Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.

Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.

Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.

Газқағарды пайдалануға дайындау шлем – масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем – масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш – жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.

Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем – масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш – жұтқыш қораптың мойының шлем – масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне – сүзгіш – жұтқыш қорап, үстіне – бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.

Газқағарды киер кезде:


  • тынысты шығармай, көзін жабу керек;

  • бас киімді шешіп бұтының арасына қысып тұру немесе жанына қою керек;

  • шлем – масканы сөмкеден алып, үлкен саусақтары сыртында, ал қалғаны ішінде қалатындай етіп, қалыңдатылған жиектерінен екі қолымен ұстау керек. Шлем – масканы иегіне жақындатып, қолының ілгері – кейінді қимылымен газқағарды басына киюі керек. Бұл кезде қатпар қалмауын және әйнектің көз деңгейіне келуін қадағалайды.

  • толығымен дем шығарады, көзін ашып, тынысалуды қалпына келтіреді;

  • бас киімді киіп, сөмкені түймелейді және сөмке белге бекітілмеген болса, бекітеді;

Егер әйнектік бетінің бөлігі көзге қарама – қарсы орналасса және шлем – маска бетке толық жабысып тұрса, газқағар дұрыс киілді деп есептеледі. Газқағарды кигеннен кейінгі көзді апшай тұрып және тынысалуды қалпына келтірмей тұрып жасалатын терең тыныс шығару газқағарды кию кезінде оған түсуі мүмкін зақымдалған ауаны шығару мақсатында жасалады. Газқағар киіліп тұрған кезде терең және бір қалыпты тыныс алу керек. Қажет болмаса, шұғыл қимыл жасауға болмайды. Егер жүгіруге тура келсе, жүгіруді ақырын бастап, біртіндеп қана көтеру керек.

Газқағарды шешу үшін бір қолымен бас киімді ұстап тұрып, екінші қолымен клапан қорапшасынан ұстап тұрып шлем – масканы төмен тартады да алдыға қарай шешіп алады; бас киімді киіп, шлем масканы теріс аяналдырады, мұқият сүртіп, сөмкеге салып қояды.



Газқағарды қыстың күні қолданған кезде резеңке, әйнек және клапаның қатып қалуы немесе клапан қорашпасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың алдын алу мен оларды жою үшін зақымдалмаған атмосферада киімнің астына салу арқылы жібітуге болады. Шлем маска кигенге дейін қатып қалған болса, кигеннен кейін толығымен бетке жабасып тұратындай етіп жылыту керек. Газқағарды кигеннен кейін дем шығаратын клапанның қатып қалуын болдырмау керек. Мезгіл мезгіл клапан корабын қолымен жылытып, осымен бір мезгілде клапанды үрлеп (шұғыл дем шығару) отыру керек.
Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.

Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық – құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:


  • желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

  • ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;

  • ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.


Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдар

Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо –құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді.

Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.

Шуға қарсы каскалар басты жарақаттанудан, есту органдарын жоғарғы жиіліктегі, деңгейі 120 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған.

Шуға қарсы құлақ қалқандар есту органдарын – жоғарғы жиіліктегі, денгейі 115 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Сонымен қоса ең ыңғайлысы және кеңінен пайдаланылатыны «Берушкалар». Олар деңгейі 100 - 150 дБ болатын өндірістік шудан, сондай ақ тұрмыстық шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы тығындар шуды жұтатын талшықты материалдан жасалады және 4x4 см көлемінде болады. Тығындар конус түрінде оралған және сыртқы есту жолына тығындалады.
Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Қатты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқы қарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады.

Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады.



Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.

Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл – деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай – ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта – маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл – деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, етікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т.б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек.

Сүзгіш қорғаныс құралдары ҚӘУЗ буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің ондаған түрлерін пайдаланады. ҚӘУЗ – ден қорғану тұрғысынан алғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие:



  • улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім;

  • қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім;

  • сілтілерден қорғайтын арнайы киім.

Ережеге сәйкес, теріні қорғайтын құралдар қайырмалы бас киімі бар күртеше және жартылай комбенезон түрінде дайындалған.

Авария ошағындағы ҚӘУЗ – ден қорғану үшін негізінен оқшаулағыш типтегі ТҚЖҚҚ қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет