«тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің


Балаларды жүзуге үйретіңіз!



бет10/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#138691
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Балаларды жүзуге үйретіңіз!
Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б.

Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды.

«Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырн, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 градус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.

Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз- мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.



Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.

Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.

Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда жасанды түрде «ауыздан-ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.

Зардап шегушіні жағаға жеткізу түрлері:
Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері. Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады. Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек.

Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады.

Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.

Мұз үстінде жүру ерекшеліктері: қатпаған мұз үстінде шықпаңдар; мұз үстінде топ болып тұрамау керек. мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз; биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз; мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз; мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз; өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер

Мұз үстінен жүру ережесі: Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғилап жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап 5-6 метр болуы тиіс.Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс.

Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең).Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.



Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы: Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.

Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз. Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек. мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т


.б.Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.
Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.
Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек: Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.

Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жасауға болады.



А


Үсік алу. Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз. Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз. Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды. Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.



ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Қарлы боран (дауыл). Егер сіз боранда қалсаңыз: Қар үстінен паналайтын орын дайында; ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз; паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.


Паналайтын жерде отырып не істеу керек: паналаған орынды белгілеу керек; бір-біріңе жақын отыру керек; барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек; Су киімді сығу керек; ыстық шәй, кофе ішу керек; басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек; майлы азық пен қант жеу керек

Түн уақытта не істеу керек: Ішімдік ішпеу; отты қараусыз қалдырмау; орынды себепсіз қалдырмау.




Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

  • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;

  • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;

  • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;

  • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.

Жылдың

Егер автокөлік жолда өшіп қалсы:

  • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға тырысыңыз;

  • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;

  • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.

Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін жағуға болады.



Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

  • ваннада (40 С жооғары емес);

  • ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.

Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.

Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс отырғызған дұрыс.

Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.


Құрғақшылық – көбінесе температураның жоғарылауынан және ауаның ылғалдығының төмендеуінен болады. Қатты ыстық – қоршаған ауа температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы.

Бұл адам температурасының 38,8 С жоғарылап, дене температурасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына жеткізеді. Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы, қатты шөлдеу, дененің құрғауы. Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі



Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстық):

Керек болған жадғдайда сұйықтықты көбірек іші керек. Ыстыққа арналған киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз – демалыс орнын, құдықты, сонымен қатартерезеге арналған шторларды дайындау керек. Мүмкіндігінше электр құралдарымен қамтамасыз ету үшін, электроэнергия автономды бастауышы алынсын. Өзіңіз және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.



Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде

Табиғат апаттары турал мәлімет алып, халықтарға көметтесу үшін жергілікті билік органдарымен хабарласыңыз. Зардаптар қайталану мүмкіндігіне дайын болыңыз.



Найзағай – бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.

Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.



Найзағайға қалай дайындалу керек. Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орнатқыштарын орнату қажет.

Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады. Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.



Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.

Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз.

Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.

Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз.

Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.

Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.


Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті. Соңғы жылдары құқықты органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық лаңкестік болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу.

Ланкестік латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны білдіреді. Расында, оның кез келген бағыты, бастапқыда қорқыту, содан кейін өзінің қылмыскерлік мақсаттарына жету.

1999 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Лаңкестікке қарсы күрес туралы» Заңы біздің республикамыздағы лаңкестікпен күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай ақ, лаңкестікпен күресті жүзеге асыруға байланысты адамдардың міндеттері мен кепілдіктерін анықтайды.

Лаңкестік – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Лаңкестік акт – адамдардың өміріне қауіп төндіретін қастандық, жарылыс, аманатқа алу, өртеу немесе басқа да іс-қимылдарды жасау, маңызды мүліктік шығындарға ұшырату немесе басқа да қоғамға қауіпті салдардың пайда болуы, егер бұл әрекеттер лаңкестіктің мақсатына жету үшін, сондай ақ, белгіленген іс - әрекеттердің сол мақсатта жасалу қауіпі болса лаңкестік акт болып саналады.

Әсер ету масштабына қарай лаңкестік ішкі (субьектілер – сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін лаңкестік қимыл) болып бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай лаңкестіктің көздері саяси, діни (соның ішінде сектанттық), қылмыстық және жеке тұлғалық сипатта болады.

Лаңкестік өзінің бірбеткейлік құлшынысында кейбір заттарға келіспей, күштілерді және ұлыларды төмендетіп түбегейлі арандатып кек алу түрі.

Қарапайым әскери әдітермен халықаралық лаңкестікті жеңе алмаймыз, себебі лаңкестікті бастап отырған адам әрдайым өзінің қатарына қарапайым адамдарды алады.

Лаңкестікті басқарып отырған адам «кішкентай» адамның мінез құлқын жақсы біледі. Олар оның барлық санасын шындыққа және соған ұқсас нәрсенің күрескері сияқты керемет бір оймен толтырып қояды, қолына қару-жарақ, жарылғыш зат, пышақ беріп, самолетқа отырғызып, өзі сияқтылардың өмірін қиюға жібереді.

Біздің заманымыздағы лаңкестікке ең жоғары техникалық деңгеймен қамтамасыз етіліп, дайын тұрған барлық күштер тән. Лаңкестер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жаңа ғылыми техникалық жетістіктерді қолдануға тырысады. Жаппай зақымдау құралдарын қолдану мүмкіндігі ерекше қауіп туғызады. Бүгінгі таңда ядролық, химиялық, радиоактивті, электромагнитті биологиялық және басқа да қару түрлерінің сыңарларына қол жеткізу қиын емес. Лаңкестік актілердің зардабы тек бөлек жарылыстар мен авариялар ғана емес, ірі масштабты апаттар болуы мүмкін.
Жарылығыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекет: жақындамау, тиіспеу, орнынан қозғамау. Радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату. Табылған заттың уақыты мен орнын анықтау. Табылған зат туралы дереу құқықтық органдарына, ТЖ органдарына хабарлау. Мамандар келгенше күдікті құралдарды бақылауға алу және қауіпті аймақтың күзетін қамтамасыз ету. Жарылыс құрылғысына ұқсайтын заттың сыртқы түрін түсіндіру. Бұдан әрі құқық қорғау органдары өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ету. Қауіпті аймаққа жататын аумақтағы адамдарды көшіруді ұйымдастыруға көмектесу Күдікті құралдардың орналасқан орнын, уақытын және қандай жағдайда табылғанын көрсету. Нысан қызметкерлеріне бөгде адамдардан қандай да бір заттар мен киімдерді қабылдамаулары туралы нұсқау беру.

Телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекет: Әрбір келіп түскен тлефон қоңырауына мұқият болу; Телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдары мен ұйым басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды көшіру. Жедел тергеу топтарының, кинологтардың және т.б.жұмыстарын кедергісіз қамтамасыз ету.

Кепілдікке алған кезде:

Болған жағдайды дереу ұйым басқарушысына және тиісті инстанцияға хабарлау. Өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөзге шықпау. Қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін болса, лаңкестерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеуЛаңкестердің қару қолдануына алып келеті іс - әрекеттер жасамау. Оқиға орнына тиісті күш құрылымына сәйкес орган қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету. ҰҚҚ мен арнайы мамандырылған бөлімше әскері келген бойда олардың командирлерінің сұрақтарына толық жауап беру және олардың жұмысын қамтамасыз ету.



Лаңкестер ұшақты кепілдікке алғандағы іс-әрекет: Лаңкеспен қалыпты дауыспен әңгімелесіңіз. Лаңкестің көзіне қарамаңыз. Өз мінезіңізбен ланкестердің назарына түспеңіз. Лаңкестерге қарсылық көрсетпеңіз. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ болса, лаңкестердің айтқандарының бәрін орындаңыз. Жан жағыңызда болып жатқан нәрселер мен лаңкестердің іс-қимылын есіңізде сақтап қалыңыз. Арнайы бөлімшелермен ұшақпен шабуыл жасағанда, қолыңызды желкеңізге қойып еденге етбетіңізден жатыңыз.

Пошта жолдамаларында күдікті заттар табылған кездегі іс әрекет: Конвертті, пакетті т.б. өз бетіңізше ашуға әрекеттенбеу. Күдікті хатты мүмкіндігінше қолмен ұстамау. Осы деректер туралы ТЖ және СЭС аумақтық органдарына хабарлау. Белгісіз заттың ғимараттың желдету жүйесіне мүмкіндік бермеу. Мамандар келгенше күдікті затты герметикалық ыдысқа салу. Затпен тікелей қарым қатынаста болған барлық тұлғалардың тізімін жасау. Затты қарым-қатынаста болған тұлғалар жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.

  2. Ланкестік акт кезіндегі халықтың іс әрекеті

  3. Төтенше жағдай кезіндегі халықтың өзіне өзі көмек көрстеу ережелері


Дәріс №12. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері
Жалпы сұрақтар

  1. Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілерінің түрлер

Төтенше жағдайға тап болған адам ол жерден жарақат алмай шығуы сирек. Біреулері ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұсқан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Бұл өмірде өмірі мен тәнін аман сақтап қалған бәрібір алғашқыда білінбейтін жарақат алады, бірақ ауыр және қиындықпен сауығады. Бұл – адамның жанының психикасы мен санасының жарақаттануы. Олар бастан кешкеннен де айқын және өте қорқынышты.

Дегенмен, ТЖ – ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әртүрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Кейбір адамдарда ішкі өмір сүргіш қорлары жұмыс істей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс істеу қабілеті төмендейді немесе үзіліп кетеді, денсаулығы нашарлайды, физиологиялық немесе психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшелігіне, тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына, темпераментіне, имоционалдық күйіне қарай.

Кенеттен ТЖ – ға тап болған адам ағзасына күйзеліс реакциясы әрекет етеді. ТЖ – да кейбір адамдарда (15-20 пайыз) ауыр психологиялық реакция дамиды. ТЖ – ға дайындалмаған адамдар жиі есінен тану жағдайына тап болады.

Кейбір адамдар әртүрлі қысылтаяң жағдайда болатын болса, екіншілер ешбір қиындықсыз бір қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері оянған және қызмет атқарады, ал екіншілері анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Бейімделудің психологиялық кедергісі – бұл адамның өміріне қауіп төндіретін және психозақымдаушы факторларға қарсы тұру мүмкіндігі.

Әртүрлі темпераменттегі адамдар өздерін ТЖ қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник – қауіпті жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бірақ энергиясының көптігінен іс-қимылдардың қате жолдарын таңдауы мүмкін.

Флегматик – ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойлағаннан кейін қимылдайды.

Холерик – мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.

Меланхолик – бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Қауіп сезгіштігінің әртүрлі болуы, әрбір нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.

Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі қоз (аффект) болып табылады. Бұл бақылаудан шыққан сананың қозуы және сіресіп қалуы (ступор)сана бақылай алмайтын бір орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы. Қозу немесе сіресіп қалу жағдайы, жиі оқиға күтпеген жерде, кенеттен басталғанда, сондай ақ олармен кездесуге дайын болмағандықтан болады. Мұндай себептерді жою үшін тиісті білім мен тәжірибе қажет. Кез келген жағдайларда адамдардың 12-15 пайызы өзгеріссіз өз қалпында қалатаынын айтып өтке жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп, болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Қорқыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыздеп екіге бөлуге болады.

Егер сен өз қорқынышынды бақылайтын болсан, сен болуы мүмкін қауіпті сезініп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын.

Бақылаусыз қорқыныш – мамандар оны үрей дейді. Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеі. Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжым жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне өзі және өзара көмек көрсетуінен айырады. Мұндай «теріс басшылар» әдетте, есірген өз өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдар аздаған қауіп үлкен болып көрінеді.

ТЖ психологиялық қауіпсіздік мәселесін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды:

Бірінші – нақты апат кезінде. Адамның барлық сезімдері, кейде хайуандық сезімдері оянады, көбінесе өзін-өзі сақтау сезімі жоғары болады. Адамның күнделіктегі өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізінде «хайуандық» қорқыныш жатады.

Екінші – құтқару жұмыстарын жүргізген кезде. Адам жан-жағында болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Түсініп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқып, көмектен үміт үзеді.

Үшінші - өмірге қауіпті жағдай тоқталғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына қайта бейімделу қажетілігі.

Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр, тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Бірінші кезекте бірден шаралар қабылдап, жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін ісіне сенбеу, еркіндікті жоғалтады. Мұндай жағдайда құтқару жұмыстарының өтуі мен орындалуы басшының моральдік – психикалық тұрақтылығы, төзімділігі мен батылдығына байланысты.

Қорқынышты жеңудің ең бастысы, жеке жауапкершілікті сезіну, міндетті түрде жасалатын жұмыстың мағынасын түсіну мүмкіндік туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет