Білім сапасының салыстырмалы мониторингісі Қауіпсіздік ережесі



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі460.56 Kb.
#472509
  1   2   3   4
ата-аналар жиналысы ІІІ тоқсан


Күн тәртібіндегі мәселелер:

СЫНЫПТЫҢ ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ОҚУ ҮЛГЕРІМІ

Білім сапасының салыстырмалы мониторингісі

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ


Жолда абай бол! 
Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды. Әрбір баланың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлығымыздың, оның ішінде ата-ана – Сіздің де басты міндетіңіз болып табылады. Балаңыздың бойында жолда, көшеде тәртіпті, ұқыпты, сақ және байқампаз болуға деген қажеттілікті тәрбиелеуге тырысыңыз. 
Балаға жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз. 
Балаға көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз: баланың жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз. Әсіресе оқушылардың құлақтарына құлақ қап киіп, әуенді барына шығарып жанына келген көлікті байқамай қалуы, берліген сигналдық белгілерді, ескертулерді естімеуінен де қайғылы оқиғалар көп болуда.
Балаға қарауды үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптасуы тиіс: жаяу жүргіншілер жолынан шығар алдында алға қадам жасамас бұрын басын оңға, солға бұрып жан-жағын, жолдың барлық бағыттарын қарайды. Бұл балада автоматизмге дейін үйретілген болуы тиіс. 
Өзіңіз де қатаң есіңізде сақтаңыз және балаңызға да үйретіңіз: кез келген көлік түріне міну үшін де, одан шығу үшін де көлік толық тоқтауы керек. Жүріп келе жатқан көліктен неліктен секіріп түсуге болмайтынын түсіндіріңіз. 
Балалардың жолда бағдарлануына, жолда сақ және мұқият болуға үйретіңіз, ешқашан жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды, жаяу жүргіншілердің жол қиылыстарында, жолды жаяу кесіп өтерде немесе жолдардың түйіскен жерлерінде құлаққапты алу керек. 
Егер сіздің балаңыз жол көлік оқиғасының қатысушысы, куәгері болған жағдайда психолог маманның кеңесіне жүгініңіз. Психолог қорқыныш пен үрейді жеңуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет