«тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің


Дәріс №13 Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары



бет11/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#124573
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәріс №13 Эвакуация, көшіру және бытыраңқы орналастыру шаралары
Жалпы сұрақтар

  1. Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері

  2. Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру

Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері. Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі



Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау

  1. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

  2. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

  3. Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

  4. Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

  5. Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

  6. Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

  7. Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

  8. Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.


Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді. Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.

Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.

Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.

Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:


  1. әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;

  2. қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;

  3. орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

  4. жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;

  5. эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;

  6. жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;

  7. халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;

  8. халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;

  9. халықты көлікке отырғызу пункттері;

  10. оны қауіпсіз аймаққа түсіру;

Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқада паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және казіргі қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жаткан, ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтык баскару органдарынын жалпы басшылыгымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік катерімен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргзу анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытша шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.

Соғыс уақытында кенеттен ьолған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындарды толық немесе бөлігін қктерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:



  • ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардын отбасы мүшелерін- өңдірістік принцип бойынша

  • халықты көшіру- аумақтық принципы бойынша жүзеге асырылады

  • көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінін көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардын халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс қорғау құралдары мен қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға карсы баспаналарға және баскада корганыс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану аймағынан тасып шығарумен, радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен, радиацияға карсы профилактика, обьектілерге, техникаларға, жабдықтармен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін өзі корғау әдістеріне үйрету мен жетеді.

Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері. Облыс әкімшілігінін бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармалары мен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (олардв бекіткеннен кейін) бақылайды.

Жеке құрамаларды құруды оларды жабдыктауды бақылайды.

Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвакуациялық және эвакоқабылдау коммисияларының даярлыққа келтіруін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвакуациялық ұйымдарының жұмыстарын бақылайды. Эвакуауиялық жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.

Көлік органдары мен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктін түрлерін, саның, дайындығын нақтылайды.

Уақытша көшірілу кезіенде адамдардын демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарың, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуін, келген адамдардын орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әрекет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады. Ұйымның эвакокомиссияның міндеттері болып:


  • Ұйымның Азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардын отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, лоардын мүшелеріне сұрау салмастан), олардын тізімдерін жасайды.

  • Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді. Эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілігінің құрамына еңген жеке құрамына, эвакуациялық эшолондар мен колонналардын бастықтарын дайындауды ұйымдастырады.

Эвакуациялық шараларды дайындауға арналған өкімді алысымен, оларды орналастыру және эвакуациялар жоспарын, сондай-ақ орналастырылатын (эвакуацияланатын) жұмысшылардың, қызметшілердің және олардын отбасы мүшелерінің тізімі анықтайды.

Ауданның эвакокомиссиясы облыс комиссиясымен бірлесе отырып және оның басшылығымен әрі жоспары мен нақты уақытша көшіру жұмыстарын ұйымдастырып анықтайды.



Жергілікті атқару органдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының эвакуациялық қабылдау комиссиялары аудандық комиссияның басшылығымен және оның жоспарымен уақытша көшіру жұмыстарын немесе көшіп келушілерді орналастыру жұмыстарың нақтылы жүргізеді.

Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері:

  • Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколонналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлмелерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.

  • Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.

  • Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

  • Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және ЭЖП-да орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Эвакуация және бытраңқы орналастыруды жүргізу әдістері және принцптері

  2. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау

  3. Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері

  4. Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері


Дәріс №14. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар
Жалпы сұрақтар

  1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.

  2. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.


Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері мыналар:

  • қорғаныс ғимараттарына жасыру;

  • халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

  • жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;

  • дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;

  • азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;

  • радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

  • өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

  • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары.Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда – біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.

- барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады .

- қоғамдық тәртіп қорғау топтары

- санитарлық дружина -25 адам

- санитарлық бекеттер -2-3 адам

- құтқарушы топтар 30-35 адам

- бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам .

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады

Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3.5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6.5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.



Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:

Сейсмологиялық бақылау менжер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалықаудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланы042-14-6-02.1.20.18-2007с жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезіде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек.Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бқлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.

Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді . Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетін ің алдын боскеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек.


  • ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.

  • бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар

  • зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

  • жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару ;

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

  • шыққан өртті сөніру;

  • өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылау ды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет.

Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс.



Төтенше жағдайлардың салдарын жою Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты.

Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы - төтенше жағдай бойынша комиссия атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады:


  • апаттық аймақтың қысқаша сипаты( зақымдану ошағы) ;

  • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар;

  • жұмыс реттілігі;

  • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері;

  • медициналық шараларды ұйымдастыру;

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • басқаруды ұйымдастыру;

  • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету:

Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпаратыалына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді.

Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштерқұрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады.

Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын- тұтас және жеке өрттер бөлігін,өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады

Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі.

Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады.

Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жлдар ,өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендергде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:



  • төгілген затты тасымалдау;

  • ҚХЗ таралуына бөгет жасау;

  • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау.

Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды.

АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар:

Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық.

Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі.

АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет