Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
id174798

2.8. ТІСТЕР ТІСЖЕГІСІНІҢ ЖҮЙЕСІ 
Отандық стоматологиядатісжегінің топографиялық жүйесі кеңінен 
қолданылады 
1. Бастапқы тісжегісі немесе дақты кезеңдегі тісжегі. 
2. Беткей тісжегсі 
3. Орта тісжегісі. 
4. Терең тісжегісі. 
ДДҰ стоматологиялық аурулардың МКБ-10 негізінде жасалған 
МКБ-С-3 Халықаралық тісжегі жүйесін ұсынады.Бұл жүйеде 
тісжегіге(код К02) 
Белгі берілген. 
К02.0. Кіреуке тісжегісі. Ақ дақ (бор түстес) кезеңі (бастапқы тісжегі). 
К02.1. Дентин тісжегісі. 
К02.2. Цемент тісжегісі. 
К02.3. Тістерде тоқтаған тісжегі. 


К02.4. Одонтоклазия.Балалар меланодентиясы. Меланодонтоклазия. 
Бұл бөлімнен сыртқы және ішкі тістердің патологиялық сорылуы алынып 
тасталған. (К03.3). 
К02.8. Тістерде басқа анықталған тісжегі. 
К02.9. Тістерде анықталмаған тісжегі. 
МКБ-С-3 жүйесінде «терең тісжегі» диагнозы жоқ. 
Қазіргі кезде клиникалық стоматологияның МКБ жүйесіне ауысуына 
қарай «терең тісжегі» диагнозы алынып тасталғаны дұрыс дәлел, себебі 
терең тісжегінің клиникалық көрінісі және емі МКБ-С-3 жүйесінде 
тістердің ұлпа қабынуы бөліміне енгізілген және бұл бөлімде терең 
тісжегі ұлпаның қабынуының бастапқы кезеңі немесе ұлпа гиперемиясы 
коды К04.00 сәйкес келеді. 
Е. В. Боровский және П. А. Леус (1979) ұсынған тістердің тісжегі жүйесі 
аурудың клиникалық түрін, орналасуын, ағымын және зақымдану 
қарқындылығын қамтиды. 
БОРОВСКИЙ–ЛЕУС ҰСЫНҒАН ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ЖҮЙЕСІ 
I. Клиникалық түріне 
1. Дақты кезең (тісжегі минералсыздануы): • 
дамыған-прогрессирующий (ақ немесе ақшыл сары 
дақ); • түсін өзгерткен-интермиттирующая (қоңыр 
дақ); • тоқтаған (қоңыр дақ). 2. Тісжегі ақауы 
(дезинтеграция): • Кіреуке тісжегісі (ақау тек 
кіреукеде орналасқан); • Дентин тісжегісі: – орта 
тереңдіктегі; – терең; • Цемент тісжегісі
II.Орналасуы 
бойынша 
• Фиссурлы тісжегі немесе табиғи сызат тісжегісі. • 
Беттермен түйіскен тісжегі -кариес соприкасающихся 
поверхностей. • Мойын бөлігі аймағындағы тісжегі
III.Ағымы бойынша 
• Жылдам ағымды тісжегі -Быстротекущий кариес. • 
Баяу ағымды тісжегі -Медленно текущий кариес. • 
Тұрақтанған тісжегі -Стабилизированный кариес
IV.Зақымданудың 
қарқындылығы 
бойынша 
• Жеке орналасқан зақымдану. • Көптеген зақымдану. 
• Жүйелі зақымдану


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет