Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


 ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет37/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
id174798

2.10. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ 
КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ 
2.10.1. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ 
Бастапқы тісжегі кезінде немесе ақ дақ кезеңінде визуальді көрінетін тіс 
беттерін тексеру керек. Бұл үшін алдыменен тістерді тіс қақтарынан 
тазалайды да ауамен кептіреді. Процедураны жүргізу нәтижесінде сау 
кіреуке түсінен өзгешелеу беткей үстіндегі ақ немесе аз көлемде 
пигменттелген дақтар белбеуі анықталады.Тістің бастапқы зақымдануы 
кезінде кіреукенің өткізгіштігінің жоғарлауы тіс тіндерін витальді бояу 
арқылы тісжегінің дақты кезеңіндегі минералсыздану дәрежесін және 
орналасуын анықтауға мүмкіндік береді.Тексеруді жүргізу үшін 
алдыменен тіс беттерін тіс қағынан тазалайды және тісті сілекейден 
бөлектейді де кептіреді. 2%метилен көгі ерітіндісімен 
бояйды.Зақымданған ошақтың боялу қарқындылығын ерітіндіні жұғаннан 
кейін минералсыздану дәрежесінің ақшыл-көк түстен қара-көк түске 
боялу аралығындағы көрсеткішіне қарай бағалайды.(2.12сурет). 
Бұл әдісті бастапқы тісжегіні тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа 
зақымдауларымен салыстырмалы диагностика (гипоплазия, флюороз) 
жүргізгенде қолданған қолайлы. Тісжегіден басқа тістің қатты тіндерін 
зақымдайтын ақауларды тістің қатты тіндері боялмайды. Бұл әдісті қайта 
минералдау терапиясының нәтижесін бақылау кезінде де қолданылады. 
Тісжегінің бастапқы кезеңін, пломба айналасындағы екіншілік тісжегіні 
анықтау үшін траниллюминация әдісін қолданады: тіс тіндеріне галлоген 
шамы арқылы бағытталған сәуле шоғырларымен сәулелендіру арқылы 
анықтайды. Бұл әдісті қолдану үшін арнайы сәулендіргіштерді 
қолданады. Зақымданған ошақтар сәуле жіберу кезінде күңгірт көрініс 
береді. 


2.12.Сурет.2% метилен көгіменбояу кезіндегікіреукедегі 
минералсыздану ошағы. 
Тісжегіні анықтау үшін бұдан басқа тістің қатты тіндеріне ультракүлгін 
сәулесін қамтитын сәулелер қолданады. Соңғы кезде тістің қатты 
тіндерінің люминесценциялау үшін лазер сәулелерін қолданып жүр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет