Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


Тісжегі қуысын егеп тазалау кезеңдері



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
id174798

Тісжегі қуысын егеп тазалау кезеңдері. 
Тісжегі қуыстарын егеп тазалаудың бірінші кезеңі қуысты ашудан 
басталады. Кезеңнің негізгі мақсаты зақымданған тіндерге визуальді 
және аспаптардың жақсы енуіне жағдай жасау. Қуысты ашу үрдісі 
кезінде бұзылмаған дентинмен шекараласпайтын кіреукенің шеткі 
салбыраңқы қырларын алып тастайды. 
Келесі кезең қуысты «алдын алу үшін кеңейту» әдісі бойынша 
жүргізіледі. 
Тістің тіндеріндегі тісжегіге бейімделген аймақтарын иммунда белбеуге 
дейін толығымен кесіп алып тастайды. Егер фиссуралар зақымданбаған 
болса, онда кіреуке деңгейінед ғана кеңейтіледі. Жұмсарған және 
пигменттелген дентинді толық алу некроэктомия кезеңінде жүргізіледі. 


Патоморфологиялық көзқарасқа байланысты осы кезеңде 
инфекцияланған, ыдыраған және минералсыздануға ұшыраған дентинді 
мөлдір және бүтін дентин белбеуіне дейін алынып тасталады. 
Тісжегі қуысына пішін бер кезеңі. Қуысты қалыптастыру және пішін беру 
кезеңі пломбаның жақсы жабысуына және тістің қызметінің қалпына 
келуіне жақсы жағдай жасайды. 
Қуыстың резистентті пішінді түрі егеп тазаланғаннан кейінгі тістің қатты 
тіндерінің және салынған пломбаның шайнау қызметі кезінде түскен 
қысымға берік болуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдай пломбалық 
материалдың негізгі қасиетіне қарамай, негізгі пломбалық материалды тіс 
осіне қарай орналастырып, ал бүйір қабырғаларын тіс осіне параллельді
табанын тіс осіне перпендикулярлы орналастыруы нәтижесінде 
жеткізіледі. 
Композиттерді қолдану барысында қуыстың ішкі контурын аздап тегістеу 
жасауды ұсынады. Тік және өткір бұрыштар жасауға болмайды. 
Қабырғалардың тіс қуысы табандарына қарай ауысуы бірқалыпты тегіс 
болуы керек. Табаны баспалдақты болуы да мүмкін. 
Қуыстың ретенциялық пішінді түрі пломбаның жақсы жабысуы үшін 
қосымша мүмкіндіктерді қалыптастыру арқылы жүргізіледі. Бұл қосымша 
алаңның, конвергациялаушы қабырғалардың қалыптасуын қамтамасыз 
етеді. 
Егеп тазалаудың соңғы кезеңі-пломбалық материалдың тістің қатты 
тіндеріне бейімделуі үшін қуыстың қабырғалары финирленуі 
керек.Тісжегі қуысының орналасуын, зақымданған тіннің ауқымын 
сырқатнамада толтыру үшін белгілі терминдерді қолдану керек. 
Зақымдану ошаіының орналасуын жазу үшін анатомиялық терминдерді 
қолданған жөн: окклюзиялық, медиальді, вестибулярлы, оральді ж.т.б. 
Егер тісжегі қуысы екі жанасу бетіне тарала орналасса және 
окклюзиялық беті зақымдануға ұшыраса, онда медиальді-дистальді-
окклюзиялық деп сипаттап жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет