Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы


ТІСТЕРДІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІН ЕГЕП ТАЗАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ



Pdf көрінісі
бет44/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
id174798

3.4.ТІСТЕРДІҢ ҚАТТЫ ТІНДЕРІН ЕГЕП ТАЗАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ 
ҚАҒИДАЛАРЫ. I КЛАСС БОЙЫНША ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП 
ТАЗАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУДЫҢ ЗАМАНУИ КӨЗҚАРАСЫ. 
Бүгінгі таңға дейін тісжегімен зақымданған тістің қатты тіндерін егеп 
тазалау және пломбылау Блек ұсынған әдіс бойынша жүргізіледі. (Black 
G. V.). 
Блек жүйесі бойынша 6 классты ажыратады. (3.3сурет): 
I класс —үлкен азу тістер мен кіші азу тістердің және бүйір күрек тістерді 
тұйық тесігінде, табиғи сызаттар мен фиссураларда орналасқан тісжегі 
қуыстары жатады; 
II класс —үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан 
тісжегі қуыстары жатады; 
III класс —күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде тістеу қырының 
бұзылмауымен суреттедетін тісжегі қуысы жатады; 
IV класс — күрек және сүйір тістердің жанасу беттерінде тістеу қырының 
бұзылуымен суреттелетін тісжегі қуысы жатады
V класс —барлық тістердің мойын бөлігінде экватордан төмен 
вестибулярлы немесе оральді бетінде орналасқан тісжегі қуысы жатады; 
VI класс — тістердің тістеу қыры мен төмпешіктерінде орналасқан тісжегі 
қуысы жатады; 
Тістердің қатты тіндерін егеп тазалау әдістеріне жатады: 
· механикалық- қолмен істейтін аспаптарды және борларды қолдана 
отырып егеп тазалау; 
· химикалық-механикалық - тістің қатты тіндеріндегітісжегі үрдісі 
әсерінен жұмсарған зақымдалған ошақтарды химиялық препараттарды 
және қолмен істейтін аспаптарды қолдана отырып алу; 
· ауалы абразивті немесе кинетикалық- тістің қатты тіндерін құмды 
ағыспен өңдеуге негізделген; 
· ультрадыбыстық- арнайы бір беті алмазбен қапталған қондырғыларда 
ультрадыбыстық ұштық әсерінен пайда болатын ультрадыбыстық 
тербелісті қолдану 
· лазерлік- лазер сәлесін қолдану арқылы
Тістің қатты тіндерін механикалық егеп тазалау әдісі клиникалық 
жағдайда кеңінен қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет