Титул парағы(syllabus) пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылыми министрлігі



Дата16.06.2016
өлшемі386.54 Kb.
#138470
Пән бағдарламасыyның Нысан

титул парағы(SYLLABUS) ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


Қазақстан Республикасының білім және ғылыми министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Сәулет-құрылыс факультеті
«Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

«Конструкциялық материалдарды өңдеу практикумы II»


пӘн бағдарламасы (SYLLABUS)

Павлодар, 2013 ж.


Пән бағдарламасының Нысан

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




БЕКІТЕМІН

СҚФ деканы______М.Қ. Кудерин

20____ж. «___»______________


Құрасытырушы: _________________ аға оқытушы Тілеулесов А.К.
«Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

«Конструкциялық материалдарды өңдеу практикумы II»



ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған


Бағдарлама 20____ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20____ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған. Хаттама №_____.
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ.Ш. Арынғазин
СҚ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20____ж. «___»___________ № ____ хаттама
СҚ факультетінің оқу - әдістемелік ОӘК төрайымы _______ Г.А. Жукенова
20____ ж. «___»___________

1 Оқу пәннің паспорты

Пән атауы: «Конструкциялық материалдарды өңдеу практикумы II»

ЖОО компонентінің пәні



Оқу мерзімі және кредит саны

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 45 сағат

Дәрістер - жоқ

Тәжрибелік /семинарлық оқу сағаттары - жоқ

Зертханалық – 45 сағат

СӨЖ – 90 сағат

оның құрамында СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы көлемі - 135 сағат

Бақылау формасы

емтихан – 4 семестрде



Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Физика», «Химия», «Сызу және сызба геометрия», «Конструкциялық материалдарды өңдеу практикумы I», «Мамандыққа кіріспе».


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: «Құрылыс конструкциялар», «Құрылыс машиналар».


2. Оқытушылар туралы мәлімет

Аға оқытушы: Тілеулесов Асқар Кәрімжанұлы - дәріс және тәжірибелік сабақтары.

«Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы Д корпустың 212 аудиториясында орналасқан. Тел. 57-39-08.

Қабылдау уақыты: жұма 12.00-ден 13.00-ге дейін, № Д-212 ауд.


2. Пән, мақсаттар мен міндеттер

Пән нысаны: қазіргі конструкциялық және аспаптық материалдардың беріктік пен тиімді пайдаланудың білім мен икемділігін қалыптастыру.

Пән мақсаты: конструкциялық материалдарды өңдеу технологиялары бойынша кәсіби білімді қалыптастыру болып табылады. Оқу бағдарламаларына сәйкес материалдарды қол аспаптармен және механикалық жолмен өңдеу бойынша студенттерге білім, еңбектік ептілік пен дағдыларды қалыптастыру. Болашақ мұғалімнің жастарды политехникалық және кәсіпке оқытудағы алғашқы дағдылықтарын қалыптастыру. Қазіргі заманға сай жоғары білікті мамандар даярлау.

Пән міндеттері: Пәнді игеруде студент конструкцияларды қол аспаптармен өңдеу және құрастыру, конструкцияларды механикалық жолмен өңдеу және құрастыру білу керек.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:

Бұл пәнді игеріп студенттер білу керек:

- ағашты және металды қол аспаптармен, механикалық өңдеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік ережелерін; жұмыс орнына қойылатын талаптарды;

- ағаш және металл өңдеудегі негізгі құралдардың түрлері, құрылғысы және оларды пайдалану ережелерін;

- ағаш және металл өңдеу тәсілдерін (қол аспаптармен және механикалық өңдеу), өндірістік технологиялық процестерін.

машықтану қажет:

- материал қолдана білу;

- құралдармен жұмыс істеу білу;

- ағаш материалдарынан әртүрлі бұйымдар жасай білу;

- металдан әртүрлі бұйымдар жасай білу:

игеру керек:

- қолданбалы есептерді шешу;

- материал түрін анықтау, одан жасалатын бұйымдарды жобалау;

- әр талаптарға байланысты материалдарды таңдау және өндеу

кәсіби қызмет ету саласында құзыретті болу керек.
5 Тақырыптық жоспар


Тақырыптар атауы



Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері

СӨЖ

дәрістер

Тәжірибе (семинар) сабақтар

Зертханалық және дербес сабақтар

Барлығы


Оның құрамындағы СОӨЖ

1

Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар

-

-

3

10

2,5

2

Металл өңдеу

-

-

7

10

3

3

Металды түзету

-

-

7

10

3

4

Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау

-

-

7

15

3

5

Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау

-

-

7

15

3

6

Металды көркемдеп өңдеу

-

-

7

15

4

7

Металл кесу станоктар

-

-

7

15

4




Барлығы 135 сағат

(3 кредит)

-

-

45

90

22,5


6. Зертханалық сабақтарының мазмұны


1 тақырып: Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар

Жоспар I Қара металдар

II Болат

I Қазіргі өндіріс пен техниканың негізгі материалдарының бірі - металл. Металдар негізінен қара және түсті металдар болып екі топқа бөлінеді.

Қара металдар тобына шойын мен болат жатады. Олар темір мен көміртегінің коспасынан алынады. Адамның өмірінде темір үлкен қызмет атқарады. Ол дүние жүзінде өте көп тараған. Табиғатта темір таза күйінде кездеспейді. Ол оттегімен қосылып, тотығады да, темір кеніне (табиғи шикізат) айна лады. Адам баласы б.з.б. 1-мыңжылдықта табиғи шикізаттан темірді көп мөлшерде айырып ала білген. Сондықтан «темір ғасыры» деген үғым пайда болған.

Темір таза күйінде кездеспейтіндіктен, ол корытпа күйінде көп пайдаланылады. Қара металдар корытпа күйінде ғана кол-данылады. Қорытпа күрамында әр түрлі элементтер кездеседі. Кейбір химиялық элементтер темірдің қүрамында табиғи түрде кездессе, кейбіреулерін арнайы қосады. Мүндай арнайы қосы-лған химиялық элементтер темірдің касиеттерін өзгертеді. Аз ғана косылған кейбір химиялық элементтер темірдің катты-лығы мен жоғары температураға төзімділігін арттырады.



II Темір қорытпасының ең негізгі компоненті — көміртегі. Егер темір қорытпада көміртегі аз болса, мысалы, ол 0,04%-дан кем болса, онда ол өзінің физикалық қасиетін сақтайды, яғни жүмсак әрі иілгіш келеді. Көміртегі көбейген сайын темірдің қаттылығы артып, иілгіштігі кеми түседі.

Қapa металдың ең қөп тараған түріне болат пен шойын жатады. Құрамындағы көміртегі 2%-дан аспайтын, баска табиғи немесе арнайы қосылатын қоспа элементтері (марганец, кремний, хром, натрий, молибден т.б.) бар темір қорытпасын болат деп атайды. Болат - машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын негізгі металл. Сондықтан зауыттар болаттын көптеген түрлерін жасап шығарады: табақты, жолақты, дөңгелек (шыбық секілді), төртбұрышты, қырлы т.б.



Болат түрлері

I Құрылыс болаты

II Түсті металдар

I Пайдаланылуы жөнінен болат мынадай түрлерге бөлінеді:

1 Құрылыс болаты. Оған қыздырып еңдеуді қажет етпейтін, жақсы пісірілетін болаттар жатады. Ол көпірлерді, ғимараттарды, гидротехникалық құрылғыларды салуда қолданылады. 2. Конструкциялық болат. Ол көбінесе машина жасау өнеркәсібінде қолданылады. Машиналардың көптеген болшектері болаттың осы түрінен жасалады. 3. Құрал-саймандық болат. 4. Арнайы мақсаттагы болат т.б.

Құрамындағы көміртегі 2%-дан асатын темір қорытпасын шойын деп атайды. Ол 0атты және морт келеді. Шойынның құрамында көміртегіден басқа табиғи немесе арнайы қосылатын қоспалар: марганец, кремний, хром, никель, күкірт, фосфор т.б. кездеседі. Шойын морт болғандыктан, ол қысым арқылы өңдеуге, пісіруге келмейді.

Шойынның құюға лайыкты қасиеттері жаксы болғандыктан, ол машина жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Одан станоктардың табанын, қозғалтқыштардың шығырын, жылыту радиаторларын, массасы жоғары құймалар жасайды.

Шойынды темір рудасынан қорытып алады. Жер қойнауында жатқан темір кендерінен шойынды балқыту арқылы қорытады. Республикамыздың Қостанай, Жезқазған, Теміртау, Маңғыстау өңірлерінде темір рудалары өндіріледі.

Темір кені жер бетіне жақын жатса, оны ашык карьерлерде өндіреді. Дегенмен кен көбінесе жердің терең қабатында орналасады, оны алу үшін арнайы кеніштер дайындалады. Алынған руданы зауытқа жеткізіп, үлкен домна пештерінде одан шойын қорытады. Кенді балқытудан бұрын оны арнайы фабрикаларда қосымша қоспалардан (күкірт, топырақ т.б.) тазартады. Сөйтіп конвертор мен мартен пештерінде шойынды балқыту арқылы болат алынады.

II Түсті металдар да техника мен өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. Олардың қатарына: алюминий, мыс, мырыш, корғасын т.б. металдар жатады. Машина жасау өнеркәсібінде түсті металдар таза күйінде қолданылмайды, себебі олардың беріктігі шамалы әрі олар жүмсақ келеді. Сондыктан іс жүзінде таза металдардың өр түрлі қорытпасы қолданылады. Демек түсті металдар дегенде, олардың таза күйін емес, қорытпасын түсінуіміз керек. Бұлар қара металдарға карағанда біршама қымбат әрі жеңіл, үйкеліске төзімді, тоттанбайды.

Машина жасау өнеркәсібінде мыстың екі түрлі қорытпасы қолданылады. Олар - жез бен қола. Мыс пен мырыштың қорытпасын жез деп атайды. Олардың құрамындағы мырыштың мөлшері 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Жез өте берік болады және тоттанбайды. Сондықтан өнеркәсіпте жез кеңінен пайдаланылады. Жезден түтіктер, гильзалар, өткізгіштер, түрлі аспаптар (әсіресе электр аспаптары) жасап шығарылады. Баббиттер - қалайы мен қорғасын элементтерінің негізінде мыс, кадмий, никель, натрий т.б. элементтер қосылып корытылған, үйкеліске берік қорытпалар. Олар қысымға төзімді, оңай өңделеді. Сондықтан оларды сапалы қатты заттардың бетін қаптау үшін қолданады. Баббиттер күрделі турбина, турбокомпрессор айгөлектерін жасау үшін пайдаланылады.


Металдардың қасиеттері

I Металдардың қасиеттері

II Қасиеттердің сипаттамалар

I Металдардың физикалық, химиялық және механикалық қасиеттері бар. Физикалық касиеттеріне олардың түр-түсі, балқу температурасы, жылу мен электр өткізгіштігі, жылудың әсерінен ұлғаюы т.б. жатады. Механикалық касиеттеріне олардың каттылығы, серпімділігі, беріктігі, иілгіштігі, түт-қырлығы т.б. касиеттері жатады. Металдардың химиялық касиеттерінің бірі - тоттануға қарсылығы.

II Аталған қасиеттердің кейбір сипаттамасына тоқталып өтейік.

  1. Балқу температурасы. Металдардың балқу температурасы деп олардың қатты күйден сүйық күйге өту кезіндегі температурасын айтады.

  2. Жылу өткізгіштік - металдардың өздерінен жылуды өткізу қасиеті. Металдар қалай тез қызса, жылу өткізгіштігі соғұрлым жоғары болады.

  3. Жылудан ұлгаю қасиеті - қыздыру барысында металдардың өз көлемін өзгертуі, басқаша айтканда үлғаюы.

4 Беріктік — металдардың механикалық күштерге қарсыласуы, өздеріне түскен күштердің әсерінен сынбауы

5 Қаттылық - металдардың өздеріне қатты заттың түсірген әсеріне қарсы төзімділігі. Металдардың қаттылығын білу үшін шағын тәжірибе жасап көруге болады. Болат пластинаға кернерді қойып, оны балғамен ұрсаңдар, онда ойық пайда болады. Енді осы операцияны қорғасын пластинасына жасап көріңдер. Қай металдың қатты екенін анықтаңдар.

6. Металдардың серпімділік қасиеті оларға түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы қалпына келуін білдіреді.

7. Тоттануга қарсылық дегеніміз - металдардың коррозияға қарсы шыдамдылығын көрсетуі. Металдар негізінде ылғалдың т.б. факторлардың әсерінен тоттанады.


2 тақырып: Металл өңдеу

Жоспар I Металл кесу

II Қыспақ

I Сендер жұқа металдарды, қаңылтырды қайшымен кесіп үйрендіңдер, ал сым темірлерді қысқашпен қидыңдар. Мектеп шеберханасында балға мен шапқыны пайдаланып, металдың түрлерін өңдеуді үйренесіңдер. Мұндай жүмысты металл кесу деп атайды.

Металды кесіп үйрену үшін оған кажет қыспақтар мен құрал-саймандардың қызметін білу керек


1 сурет
Металды өңдеу үшін еріндіктерінің ені әр түрлі, айналмалы қыспақтар қажет. Осындай қыспақтар түрі 1-суретте көрсетілген.

Слесарь қыспақ бұранда мен бұрандалық арқылы жұмыс үстеліне өңделетін бұйымды қыспаққа бекітеді.

Айналмалы қыспақ мынадай бөліктерден тұрады: жылжымайтын ерінді тұрық, жылжымалы еріндік, қыспақ бұранда, сабы бар жылжымалы еріндік.

Қыспақтың негізгі бөліктері шойыннан жасалады.

Өңделетін бұйымды қыспаққа бекіту үшін бұранданың көмегімен оның еріндіктерін бұйымның еніне тең етіп ашады. Сонан соң жылжымалы және жылжымайтын еріндіктер асарына бұұымды қояды да, бұранданы оңнан солға қарай бұрап бекітеді.



II Қыспақпен жүмыс істегенде, мынадай ережелерді есіңде ұста:

Слесарьлық балғалар шабу аспаптарына жатады. Олардың шаппалары шаршы немесе дөңгелек болады. Балғаның шаппасынан басқа тұмсығы, ал ортасында саптауға арналған тесігі бар.

Балғалардың массасы 200, 400, 600 г етіп жасалады. Балғаның сабын қатты ағаштан жасайды. Оның ұзындығы балғаның массасына қарай, 250-300 мм шамасында болады. Шабудың негізгі құралын шапқы деп атайды. Ол жұмыс бөлігінен, орта және бас бөліктерден тұрады. Балға сапта берік тұруы үшін сынамен бекітіледі.
Металды шабу (кесу) әдісі

I Металл кесу

II Металдың бетін егеу

I Болат бұйымды қыспаққа бекіткенде, оның кесілетін жері қыспақ еріндіктерінен 2-3 мм жоғары шығып түруы керек (2-суретке қараңдар). Еріндіктерге қысылған бүйымның кесілетін жеріне шапқының жүзін қояды. Оң қолмен балғаның сабын суреттегідей етіп ұстап, шапқының бас жағынан балғамен соғады. Балғамен соққанда, бойыңды еңкейтпей түзу ұста, аяқтарыңды бір-бірінен сәл алшақ қой. Сонда соғу күшті әрі тузу болады.

Бұйымды дұрыс кесу үшін және жарақат алмау үшін, оны шапқан кезде балғаға емес, шапқының жұмыс бөлігіне қара. Оның бас бөлігін екі рет ұрмай, бір ұрғанда кесетіндей етіп күш жұмса. Соғу күші шабылатын металдың қалыңдығына байланысты. Ол қаншама қалың болса, соғу күші соншама көп болуы қажет.



II Металдың бетін егеу

Машина бөлшектерінің алғашқы дайындамаларын жасағанда, оның беті тегіс болмайды. Сондықтан бөлшектердің бетін тазалап, белгіленген өлшемді алу үшін, егеу жұмыстары жүргізіледі. Егеу жүмыстары станок арқылы немесе қолмен орындалады.




2-сурет

3 сурет


Егеyгe қажет сайманды егеу деп атайды. Оның негізгі қызметі — металдың бетін кесу арқылы тегістеу. Кескіш бөлігі болат білеушеден тұрады, оның ұзындығы, пішіні әр түрлі болуы мүмкін. Кескіштің жұмыс бөлігінде тістер орналасқан. Егеу пішінінің қимасы арқылы байқасақ, оның бірнеше түрі (жазық, шаршы, үш қырлы, жартылай дөңгелек, дөңгелек т.б.) болатынын байқаймыз. 3-суретте егеудің түрлері мен тістерінің айырмашылығы көрсетілген
Металды егеудің әдісі

I Металл егеудің ерекшеліктері

II Металдың бетін тазалау

I Металл егеудің өз ерекшелігі бар. Мысалы, металды егеу кезінде қыспаққа карай денеңді бір қырыңмен бағыттап, сол аяғыңды ілгері қой. Екі аяғыңның алшақтығы 200-300 мм болғаны жөн. Қыспақтың беті мен оң қолыңдағы егеудің беті бір жазықтықта жатуы тиіс. Егеудің сабын оң қолыңмен қысып ұста. Бас бармағыңды саптың үстіне тіреп қой. Сол қолыңның бармақтарын егеудің үш жағынан 20-30 мм кері тастап, үстінен басып ұста.

Металл жаңқасын кесіп алу үшін егеуді оның үстінен басыңкырап жүргізеді. Екі қолдың күшін реттеп отыру керек: егеудің үш жағы металдың үстінде болған сәтте күшті сол қолыңа көбірек сал, ортасына келгенде, күшті екі жағына бірдей сал, ал оның артқы беті металл үстіне келген кезде күшті оң қолыңа аудар (4-суретті қара).



II Металдың беті таза болу үшін, әуелі оны тістері үлкен егеумен өңдеп, жаңканың үлкен бөлігін кесіп түсіреді де, екінші рет майда тісті егеумен қайтадан өңдейді. Бөлшектің бетінің тазалығын, тегістігін жақсарту үшін, қиылыстырып егеу әдісін қолданады. Мұндай жағдайда бөлшектің бетін алдымен бір бағытқа, сонан соң екінші бағытка қарай егейді.


4 сурет
3 тақырып: Металды түзету



Жоспар I Металды түзету

II Металды майыстыру

I Қаңылтырдан немесе жолақ металдан жасалған дайындамаларды өңдеу үшін, оларды майыстыруға, не түзетуге тура келеді. Металды түзету үшін оларды алдын ала қайшымен қияды немесе шапқымен кеседі.

Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына басы дөңгелек темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы тостер немесе түзету тақталары қолданылады.

Жолақ металды түзету әдісі:


  • майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен үстап, төстің үстіне қой. Оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ;

  • металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт (5-суретке қараңдар).

II 0,5 мм-ден қалың қаңылтырды түзету үшін суретке назар сал. Барлық майысқан жерлерді бормен айналдыра сызып, белгілеп ал. Металды тегіс тақтаның үстіне дөңес жағын жоғары қаратып қой. Балғамен ұруды қаңылтырдың бір шетінен баста. Алғашқы соғуды майысқан жерден бастасаң, ол одан әрі майыса түседі.

Металды майыстыру. Қаңылтыр, жолақ немесе дөңгелек материалдарды белгілі бір калыпқа келтіру үшін оларды майыстырады. Ол үшін жазық, дөңгелек немесе фигуралы қыспақтар қолданылады.



5 сурет


Металды майыстыру

I Металды майыстыру әдістері

6-сурет
Майыстыру әдістері. Жолақ металдан бұрыштама жасау үшін мынадай әдіс қолданылады. Қажет дайындаманы тең етіп, екіге бөліп, белгілеп алады. Дайын жолақтың белгісі мен қыспақ еріндіктері бір деңгейде болатындай етіп бекітіледі. Содан соң дайын үлгі алынғанша, балғамен бір қалыпты, көп күш түсірмей соға бастайды (6-сурет).

Егер қапсағай жасағың келсе, жолақты үш бөлікке бөліп белгілеп ал да, арнайы қалыпқа қойып, қыспаққа бекіт. Қажет пішінге келгенше балғамен соғып, жұмыс жаса. Бір қалыпты соғу арқылы алдымен қапсағайдың бір жағын, сонан соң екінші жағын майыстыр. Осы әдіспен металды кез келген пішінге түсіруге болады.
4 тақырып: Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау

Өңдеуге жіберу (припуск). ГОСТ 7307-66 бойынша жеке детальдарды және барлық детальдарды дайындауда қалыңдығын, енін және ұзындығын алғашқы және қайталап өңдеуге жіберуді стандарт пенен бекітеді.

Өңдеуге жіберілу операциондық және жалпы болып бөлінеді. Операциондық жіберілу деп ─ аралас операциялардан алынған өлшемдер арасындағы айырманы есептейді. Металл өңдеуге дәлдік шегі және отырғызу жүйесін ГОСТ бөлімі реттейді. Бұл жүйеде тесіктердің дәлдік шегі аралығы барлық отырғызу үшін тұрақты болып қалады, ал әр түрлі отырғызуларды алу үшін валдың дәлдік шегі аралығы заңы өзгереді. Бұл жүйе тесік жүйесі деп аталады. Детальдің сызба менен берілген өлшемі және формасы болуы керек. Сызбада белгіленген деталь өлшемдері номиналь деп аталады. Дайындаманы өңдеуден өткізгеннен кейінгі алынған нақты өлшемдерді өлшеу арқылы анықтайды. Олардың номиналь өлшемнен айырмашылығы дәлдік шегі ауытқуы аралығында болуы керек. Номиналь өлшемдерден нақты өлшемдердің дәлдік шегі ауытқуларының шамасы шектік ауытқу делінеді. Оларды қолдана отырып, детальдің дәлдік шегі өлшемдерінің ең үлкен және ең кіші мәндерін анықтайды. Шектік өлшемдердің ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы дәлдік шегі деп аталады. Жинақтау кезінде бір деталь екіншісінің ішіне кіруі мүмкін, онда жалғасатын бөліктердің өлшемдері жанасатын деп аталады. Детальдардың жанаспайтын өлшемдері еркін деп аталады. Жинақталу кезінде детальдар қозғалатын және қозғалмайтын болып бірігуі мүмкін. Қозғалатын бірігуде бір детальдің екіншісіне қатысты бірігудегі орын ауыстырудың белгіленген дәрежесі болу керек. Конструкциялау деп − заттың бейнесін құрастыру процесі түсініледі, оның конструкциясын көз алдымызға елестетіп, соңында жұмыс сызбалары орындалады. Конструкциялау − құрылымдау, бірдеңенің құрылымын жасау, құрастыру. Техникада конструкция деп мынадай нәрселер анықталған құрылғы айтылады: бөліктердің және элементтердің өзара орналасуы, олардың бірігу тәсілдері және олардың өзара әсер сипаты, сондай-ақ жеке детальдар дайындалуы қажет материал. Басқаша сөзбен айтқанда, конструкция − құрылғының және машина жұмысының, құрылғыларды құрал-сайманның және т.б. схемасы.

Жаңа конструкция жасаудың жалпы алгоритмі

Конструкция жасаудың жалпы қажеттігі мынадай жағдайларда туындайды:


  1. Қолданылып жүрген конструкцияларды жетілдіру.

  2. Жаңа конструкция ойлап табу.

Кез келген машина, агригат, механизм өз міндетін атқара отырып, ұдайы жетілдіріп отырады. Мысалы, өткен ғасырды 20–жылдары ауыл шаруашылығы саласында қол еңбегі кеңінен қолданып келеді. Шарадан жер жырту үшін соқаны пайдаланады және оған ат, өгіз жекті. Ал 50– жылдары қуатты тракторлармен көптеген ауыл шаруашылық машиналары дүниеге келді. Осы аралықта және одан кейінгі уақытта ірі конструкцияларда бастап қарапайым жұмысшыларға дейін көптеген жаңалықтар аша бастады. Әрине, бұларды біз адамзаттың даму тарихындағы заңдылық деп қарауымыз керек.

Қолданылып жүрген конструкцияларды жетілдіруде, жаңа конструкциялар жасауда қандай факторларға сүйену керек деген сұраққа былайша жауап берген жөн.



Қолданылып жүрген конструкциялар:

– конструкция тетіктері мезгілінен бұрын істен шығатын болса;



  • тетіктердің материалы техникалық талапқа сай болмаса;

  • жөндеу жұмыстар қиындай түссе;

  • конструкцияны қолдану немесе әрі қарай пайдалану тиімсіз болса;

  • адам еңбегі ауыр күйінде қалатын болса;

  • қоршаған ортаға зиян келтірсе және т.б. жағдайларды жетілдіру қажет.

Жаңа конструкцияны ойлап табу үшін:

– конструкцияның қажеттілігін дәлелдеу;



  • өлшемдерін анықтау және мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру;

  • Жаңа конструкцияның өндіріс өнімділігі мен өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету;

  • Жаңа конструкция қызметінің қауіпсіз, қоршаған ортаға зиянсыз болуын ескеру;

  • Жобалау мекемелерімен келісіп, жұмы сызбаларын орындау;

  • Зауыт жағдайында конструкцияның тәжірбиелі данасын жасату;

  • Жұмыс режимінде сынақтан өткізу;

  • Қоғамдығ пікір жинау және мамандардың ұсыныстарын берлесе талқылау;

  • өндірістік конструкциялар шығару және оларды жүзеге асыру;

  • Жаңалық авторы мемлекеттік лицензия алуға құқұқты және мемлекет тарапынан осындай жаңалықты заңдастыру бағытында қызметтер жасалады.


Зертханалық жұмыстың жүргізу тәртібі мен әдістемесі:

1. Бұйымның есептеу схемасы құрылады, ол схемада бұйым конструкциясы максималь қысқартылған болады;

2. Детальға әсер ететін жүктеме шамасын анықтайды;

3. Детальдің қажетті өлшемдерін есептейді;

4. Бұйымның жалпы түрін сызады;

5. Жалпы түрді детальдайды, яғни әрбір детальдің формасын, өлшемін, материалын анықтайды, детальдің дәлдік шегі өлшемдері, беттің кедір-бұдырлығы және арнайы техникалық талаптар көрсетілген жұмыс сызбасы құрастырылады;

6. тексеру есептеулері орындалады.

Бұйымды жобалау процесі үш кезеңнен тұрады. Жобалаудың бірінші кезеңі − эскиздік жобаны құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала есептеу жүргізіледі, бұйымды дайындау тәсілдері таңдалады, жеке түйіндер сызылады, олардың орналасуы және бұйымның жалпы компоновкасы белгіленеді. Осы жұмыс кезінде эскиздік жобаның сызбасы деп аталатын сызба орындалады. Олар болашақ бұйым жайында жалпы елестетулер береді және техникалық жобаның сызбасын құрастыруға арналады.

Жобаның екінші кезеңі техникалық жобаны құрастыру. Техникалық жобаның сызбасы бұйымның негізгі конструктивтік құрылғысын анықтайды және жұмыс сызбаларын құрастыруға арналады. Онда есептеу берілгендері келтіріліп, бұйымның технико-экономикалық кӛрсеткіштері келтіріледі.

Үшінші кезең − жұмыс жобалауы, яғни детальдің жұмыс сызбаларын және жұмыс жинақталу сызбаларын құрастыру. Мұнда ең соңғы рет детальдің конструктивтік формасын, детальдің өлшемдерін және дайындауға қойылатын техникалық талаптар бекітіледі. Бұйымды конструкциялау үшін материалдың қасиеті, өңдеу, жинақтау және әдемілеу операциялары жайында білім, детальдардың өзара бірігу тәсілдері жайында білім қажет. Жинақтау кезінде біріктірілетін детальдар өзара жеке беттермен жанасады. Ол жанасатын деп аталады. Қалған беттер жанаспайтын деп аталады. Осы беттердің өлшемдері жанасатын немесе жанаспайтын өлшемдер деп аталады.

Кедір-бұдырлылық. Детальдерді конструкциялау процесі кезінде осы детальдардың бетінің сапасына қойылатын талаптарды да анықтау қажет. Бұдан сыртқы түр ғана емес, сондай-ақ детальдардың беріктілігі, олардың тозуға қарсыласуы және т.б. нәрселер тәуелді. Жұмыс шартына тәуелді және детальдардың беттерінің кейбір басқа да факторларына тәуелді кедір-бұдырлылық әр түрлі дәрежеде өңделеді. Металды кез келген өңдеу әдісінде деталь беті идеал тегіс болмайды, барлық уақытта біртегістік емес сақталып қалады, бұл гребешка деп аталады.
Бақылау сұрақтары мен зертханалық жұмысқа дайындау тапсырмалары:

1. Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау тәсілдері

2. Металдан жасалатын бұйымдарды жоспарлау кезеңдері
5 тақырып: Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау

Сым темірді қырқу, түзету, ию. Бұрғылау және бұрғылау құрал-жабдықтары. Тойтару және тойтармалы қосылыстар.

Есепте жұмыс мақсаты және жұмыс дәптерлеріне қысқаша конспект жасау.

Сым темірді, қаңылтыр мен басқа да металлы көркемдеп ою

Металдан жасалған сым мен таспаны темір төске салып, оюдың (бұрыш пен доға) бейнесінде ию көркемдеп өңдеудін карапайым тәсілдеріне жатады.

Металлы тік бүрышты (90°) етіп ию үшін, оны темір төстің немесе төрт кырлы темір білеудің кырына салып соғады. Тік бүрышпен иілген өрнек иіндерінің өлшемдері симметриялы болады.

Шенбер бейнелі өрнекті доға тәріздес иығы бар имек төске салып иеді. Егер дайындама калыңдау болса, онда ұстанын көмекшісі дайындаманы кысқашпен және кос балғанын көмегімен төске басып ұстайды да, ұстаның өзі өрнектің иығын иеді (7-сурет).

7-сурет
Қарапайым заттың бір бөлшегін жасау күрделі бедер салып көркемдеумен жалғасады. Қарапайым затты көркемдеу барысында ұста өзінің калауынша белгілі бір бейнеге келтіріп өрнек салады. Ал күрделі затты жасау ушін алдымен сол зат-тың үлгісін жасап, оны жұмыс біткенше үлгімен салысты-рып отырады.

Шеберлер орындалатын жұмыс пен салынатын өрнек бедерінің көлеміне немесе тереңдігіне карай калыңдығы 0,4-1мм мыс, жез, алюминий канылтырларын таңдап алады. Өрнек салынатын каңылтыр қатаң болса, не жезден жа-салса, онда оны өрнек салар алдында отқа кыздырып жасытады. Қаңылтырдың бетін суға 10% күкірт кышкылы аралас-тьірылран коспамен тазалап, сүртіп кептіреді.

Қаңылтырдың бетіне салынатын өрнек жеңіл болса және өрнек жактаулары онша биік болмаса, бедерлеу жұмысын Қальіңдыгы 5-10 мм резеңке төсеніштің үстінде немесе қалыңдығыІ 20-30 мм етіп күм салынған төртбүрышты брезент қапшыктың үстіне койып жүргізеді.


Сымның қасиеттері жөніндегі деректер


Бақылау сұрақтары мен зертханалық жұмысқа дайындау тапсырмалары:

1. Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау тәсілдері

2. Металдан жасалатын бұйымдарды жоспарлау кезеңдері
6 тақырып: Металды көркемдеп өңдеу.

Жұқа қаңылтырды ою өрнектеп басып, әрлендіру.

Халық шеберлері темірді, күмісті, ал-тынды және олардың қоспаларын көр-кемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын же-тілдіріп, тамаша бүйымдар жасаған. Мы-салы, темірді бедерлеп күю мен өрнектеу-дің озық үлгісіне Ңожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан, алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыз-дың тарихи-өлкетану мүражайларындағы зергерлік бүйым-дар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, те-мірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнек-теу, жүка қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыста-ры - осындай еңбектің жемісі.

Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды үста дейді. Темір өңдейтін үста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны үстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсемдік бүйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға т.б. жасайтын піеберді зергер деп атайды. Зергер - темір мен қүнды метал­лы және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Халық үста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан шыккан бүйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркем-дік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.









8-сурет
Ісмерлер затты көркемдеу үшін, арнаулы болаттан жасал-ған шагын қүралдарды пайдаланады, олардың үшында өрнек ізін салатын өткір бедері бар. Мұндай күралды шапқы дейді. Шапқымен із салу, сызу, бедерлеу тәсілдерін орындаған. Соңғы жылдары темірді көркемдеп, одан әсем әпіекей заттар жасау сәулет өнерінде кеңінен қолданылып жүр. Уақыт өткен сайын халық шеберлері металлы көркемдеп өңдеу техноло­гиясын жетілдіріп келеді.

Темір үсталары металдың бетіне бедерлеп өрнек салу үшін слесарьлық күралдармен қатар, шынайы бедер салатын шапқыларды да пайдаланады. Олар арнайы болаттан жасалады (42-суретті кара). Шапқының өлшемі әр түрлі. Жиі кездесетін шапқылардың ұзындығы 120-150 мм, жуандығы 2-20 мм аралығында болады. Темір үсталары-на Қарағанда зергердің қүрал-саймандары кішілеу келеді. Мұндай қүралдар жұмыс істеуге де, шебердің өзімен бірге алып жүруіне де ыңғайлы. Оларды бедерлегіш ңүрал-саймандар деп атайды.

43-суретте көрсетілген бедерлегіштер темірден немесе ағащтан жасалады. Ал 8-суретте темір бедерлеудің балғалары мен шапқылары, 9-суретте бедерленген бүйым үлгілері көрсетілген.

Қаңылтырдың бетіне бедер салу мен сым темірді көркемдеп өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бүйымның бетін нуктемен, сызыкпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан турлі болып келеді. Мұнда сызықпен бедерлеу, нуктемен көлеңке беру әдістері көп қолданылады.

9 Cypeт
7 тақырып: Металл кесу станоктар



Металл кесу станогының кинематикалық сұлбасы

Металл кесу станоктары болашақ тетiк дайындамаларын, сол тетiк сызбасындағы көрсетiлген өлшемдер дәлдiгiне, бет тазалығы талаптарына сәйкес етiп өңдеу үшiн қолданылады.

Құйма немесе қалыпталға дайындамалардың сырт пiшiнi болашақ тетiкке ұқсас болғанымен оның сыртқы, iшкi беттерiнде және жиектерiнде "әдіп"деп аталатын металл қабаты болады. Сол металл қабаты металл кескiш аспаптар жәрдемiмен сылынып алынады. Ондай қабаттар сылынғанда жоңқа түзiледi. Осындай технологиялық процестер металл кесу станоктарында орындалады.

Машина тетiктерiнiң құрылысына және материалдардың өнделу қасиеттерiне байланысты тетiктердi өңдеу де әр түрлi металл кесу станоктарында (қазiргi кезде қолданыста станоктың 111 түрi бар) орындалады.

Металл кесу станоктары сипаттарына қарай былай жiктеледi:

— тетiктiң өңдеу дәлдiгi (дәл, дәлдiгi жоғары, дәлдiгi өте жоғары);

— қолданылуы (токарьлық, фрезерлеу, бұрғылау, сүргiлеу, қашау, тiстiлi өңдеу, ажарлау, т.б.);

— конструкциясы (көлденеңiнен, тiгiнен, қиғаш, бiрайналдырықты, көпайналдырықты;

— автоматтандырылу деңгейi (автоматты, жартылай автоматты, санды бағдарламалы басқарылатын, автоматты тiзбек және т.б.);

— салмағы (қалыпты 10 т-га дейiн, iрi 10—30 т, ауыр 30—100 т, ерекше ауыр 100 т-дан жоғары).

Станокты қозғалысқа келтiретiн механизмдер жиынтығын жетек деп атайды. Әрбiр металл кесу станогын жеке электрқозғалтқыш қозғалысқа келтiредi. Электрқозғалтқыш қайысты, шынжырлы немесе тiстi берiлiстер арқылы станоктың жетекшi бiлiгiн қозғалысқа келтiредi. Әрбiр станок тораптардан, тетiктерден (детальдардан) және механизмдерден тұрады. Тораптар бiр-бiрiмен қосылып, берiлiс жүйесiн құрайды.

Станоктың құрамына кiретiн тетiктер бiр-бiрiмен байланыста болады. Станоктың барлық бөлшектерi мен олардын өзара байланысын график түрiнде кескiндеудi оның кинематикалық сұлбасы деп атайды. Демек, әрбiр кинематикалық сұлба тораптардан, қосақтар мен тiзбектерден тұрады. Екi тораптың жанасу арқылы қосылуын кинематикалық қосақ дейдi. Мысалы, бұрандама мен сомындыкқ (гайкалық) кинематикалық қосақтар жиьнтығын кинематикалық тiзбек деп атайды. Ал кинематикалық тiзбектер жиынтығы станоктың кинематикалық сұлбасы болып табылады.

Станоктың кинематикалық сұлбасын сызу үшін әр түрлi кинематикалық қосақтарды шарпы түрде белгiлейдi. 1-сұлбада кинематикалық қосақтардың аталуы мен белгiленуi көрсетiлген.

Кинематикалық сұлбаны оқып-үйрену үшiн кинематикалық қосақтардың белгiленуiн және жетек түрлерiн бiлген жөн. 1-суретте жетек түрлерi көрсетiлген. 10, а-суретте дербес жетек көрсетiлген ол жылдамдықтар қорабы бар станоктарда қайысты берiлiс арқылы немесе оның жәрдемiмен жұмыс iстейдi. Ернемектi электрқозғалтқыш бiлiгi мен станоктың бiріншi (қабылдау және негiзгi) бiлiгi бiр ось бойында орналасады. Мұндағы жетекшi тiстi дөңгелектi жылжымайтын етiп бекiтедi.

Бұл жетекте қайысты берiлiс қолданылмайды. Ал 10, ә, б-суретте көрсетiлгендей станоктың электр қозғалтқышы жетектiң құраушы бөлiгi болып табылады. Қозғалтқыш бiлiгi станоктың бiрiншi бiлiгi қызметiн қоса атқарады. Мұнда да жетекшi тiстi дөңгелектi жылжымайтын етiп бекiтедi. Жетектiң бұл түрiнде де қайысты берiлiс қолданылмайды.

Негiзгi немесе қосалқы қозғалыс жасайтын тораптарды (айналдырық, суппорт, үстел, сыргақ (ползун) және т.б.), электрқозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтiретiн механизмдер топтамасын жетек деп атайды.

11суретте көрсетiлген негiзгi қозғалыс жетегi электрқозғалтқыштан, берiлiс шкивтерi мен қайыстардан, берiлiс қорабынан және айналдырықтан тұрады.

Станоктың бiр торабынан екiншi торабына қозғалыс беретiн механизм берiлiс механизмi деп аталады.




10 сурет. Жетек түрлері:

а) дербес; ә) ернемекті; б) негізгі білікке орнатылған.
Электрқозғалтқыш (1) берiлiс (2) арқылы берiлiс қорабын (3) қозғалысқа келтiредi, содан соң тiстi доңғалақтар блогының көмегiмен айналдырық (4) айнала бастайды. Айналдырыққа қысқыш (патрон) деп аталатын қондырғы (5) орнатылады. Сол қысқышқа өнделетiн тетiк немесе дайындама (6) қысып бекiтiледi. Қысқышқа бекiтiлген тетiк бөлгiлi технологиялық ретпен өнделе бастайды.

11 сурет. Станоктін қарапайым кинематикалық сұлбасы.

12-сурет. Жылжымалы тісті блокты берілестер қорабының кинематикалық сұлбасы;

1-элктроқозғалтқыш; 2-қайысты беріліс; 3-жетекші білік;4-төлке; 5-айналдырық; 6-білік;

7-муфта.
Жылжымалы тісті блогы бар берілі қорабын қолданғанда оның кинематикалық сұлбасынан (12-сурет) мыналарға назар аудару керек. Электрқозғалтқыштан (1) көптісті беріліс (2) арқылы білікке (3) орнатылған шкиф қозғалысқа келтіріледі. Z1,Z2,Z3 тісті доңғалақтардан бірі төлкенің (4) тісті доңғалақтарының Z4, Z5 немесе Z6) бірімен ілініскенде, төлке белгілі жылдамдықпен айнала бастайды (Z - тісті доңғалақтың тістерінің санын білдіреді).

Төлкенің сол жағынан Z7 тісті доңғалақ біліктің (6) тісті доңғалағымен тұрақты іліністе болады. Сол білікте (6) тісті доңғалақ Z8 орнатылған.Бұл тісті доңғалағ айналдырыққа (5) орнатылған Z10 доңғалағымен ілінесе алады.

Тісті доңғалақтар (Z6 мен Z10) аралығында жалғастырғыш (7) орналасқан, ол екі жағымен де ілінесе алады.

Осылайша тісті доңғалақ блоктарының белгілі заңдылықтары мен беріліс қатынастарын сақтай отырып, беріліс қорабының бір білігінен екінші білігіне қозғалысты ауыстыру арқылы айналдырық әр түрлі жылдамдықпен айналысқа келтіріледі.


Металдарды тесу

Бүтін денелерде тесік жасаудың ең тараған әдісі-бұрғымен тесу. Металдарды бұрғымен тесу кезінде өңделетін бұйым станоктың үстеліне бекітіліп, қозғалмай тұрады. Ал бұрғы бұйымға біртіндеп еніп,жаңқа бұрғы жараларымен сыртқа шыға бастайды. Тесілетін тесіктер тік және тұйық болып келеді. Тік тесілгенде бұрғы ұшы бұйымды тесіп өтеді. Оған қарағанда тұйық болып келеді. Тік тесілгенде бұрғы ұшы бұйымды тесіп өтеді. Оған қарағанда тұйық тесік жасаудың технологиялық процесі күрделілек болады. Өйткені тесу нәтижесінде жаңқа түрінде салынатын металл қабатының үңгінері тек артқа қарай шығады. Бұрғы диаметрі 0,1 мм,ден 80-мм-ге дейін болады. Диаметрі одан артық тесіктерді арнайы жабдықтарда кескіштердің жәрдемімен кеулеужону арқылы өндейді.

Құймаларды немесе қалыптау арқылы жасалғантесіктерді таза етіп, белгілі өлшеммен өңдеу үшін кеңейтіп тесу операциялары жасалады.

Тесік тесуге арналған бұрғылардың шиыршықты (спиральді), қауырсынды, терең тесіктер жасауға арналға және центр тесіктері жасайтын түрлері болады.



Бұрғылау станоктары

Бұрғылау станоктарының негізгі түрлері мынандай болады;



  1. Вертикаль бұғылау станоктары (13-сурет) –дара және сериалы өндірісте массасы 25 кг-ғадейінгі даындамаларды тесуге арналған станоктардың кеңірек тараған түрі. Станоктарды сипаттау үшін қаттылығы орташа болаттарды тескен кезде бұрғы диаметрінің ең үлкен шамасы алынады. ТМД-да шығарылатын станоктарының шартты бұрғы диаметрлері 6, 12, 18, 25, 35, 50, және 75 мм.

  2. Радиаль бұрғылау станоктары ірі көлемді және ауыр бөлшектерді тесуге арналған. Аспаппен өнделетін тесік өсьтері айналдырықты дайындаманың тесілетін кез келген нүктесіне жылжытып беттестіру арқылы анықталады.

  3. Көпайналдырықты бұрғылау станоктарының бірнеше айналдырықтары болады. Өнделетін тетіктеріне қарай айналдырықтарының орналасу арақашықтығы тұрақты неиесе өзгеріп тұрады. Олрр жаппай және ірі сериалы өндірістерде қолданылады.

  4. Горизонталь бұрғылау станогы терең тесіктерді (t/a>) өндеу үшін қолданылады. Мұнда дайындама айналып, бұрғы бойлықберіспен жұмыс атқарады.


13-сурет. 2А150 вертикаль 14-сурет. Родиальді бұрғылау

бұрғылау станогының жалпы станогының көрінісі.

көрінісі




  1. Центрлеу-бұрғы станогы-центрде қысылып өнделетін тетіктердің екі шетінен таяэ бекіту тесіктерін жасау үшін қолданылады.

Тік бұрғылау станоктарына қарағанда, радиальді бұрғылау станоктарыныңбұрғы бекітілген айналдырығын өңделетін қажетті нүктеге апаруға мүмкіндігі мол. Мына 14-суретте радиальді бұрғылау станогының құрлысы көрсетілген. Іргетас тақтасына (1) айналмалы гилбзасы (3) бар, қозғалмайтын бағана (2) бекітілген. Ондағы маңдайша (траверса) (4) механизімнің (5) жәрдемімен тік бағытта қозғалып, оны қажетті биіктікте орналастырып, бекітуге болады. Жылдамдық (7) және беріс (8) қорабы бар айналдырық бастиегі (6) маңдайшаның кәлденең бағыттаушы жылжымасы арқылы қозғалады.

Айналдырыққа (9) бекітілген бұрғылау аспабы электорқозғалтқыш арқылы қозғалып, тік беріс жасайды, демек бұрғылайды немесе басқа да аспаптармен жұмыс істейді. Станоктын консолі мен бұрғылау бастиеген бағананы айналдыра 360ОС-қа баруға болады. Радиальді бұрғылау станогының мұндай артықшылығы оның әмбебаптығын дәлелдеп, қолдану мүмкіндігін арттырады. Ұсақ және орташа дайындамаларды немесе өнделетін тетіктерді үстелге (10) бекітіп, ал ірі, көлемді, массаы ауыр тетіктерді іргетас тақтасына қойып өндейді.


7. Студенттерге өздігінен оқуға арналған тақырыптар

Тақырып 1. Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 4-10 б.], [5, 4-6 б.]

Тақырып 2. Металл өңдеу

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 11-18 б.], [5, 7-8 б.]

Тақырып 3. Металды түзету

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 19-28 б.], [5, 18-2 б.]

Тақырып 4. Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 33-37 б.], [5, 35-47 б.]

Тақырып 5. Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 49-52 б.], [5, 48-55 б.]

Тақырып 6. Металды көркемдеп өңдеу

Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу

Ұсынылатын әдебиет: [4, 53-68 б.], [5, 56-71 б.]

Тақырып 7. Металл кесу станоктар Тапсырма: тақырып бойынша қысқаша конспект жазу



Ұсынылатын әдебиет: [4, 69-82 б.], [5, 712-99 б.]
8. СОӨЖ кеңесінің кестесі



Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

1.

Зертханалық сұрақтары бойынша кеңес

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

4.

Тест сұрақтары бойынша кеңес

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша

СОӨЖ сабағының кестесі бойынша


9. Студенттердің тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі

Зертханалық сабақтарына қатынасу 0-100 балмен бағаланады.



Тапсырмаларды істеу және тапсыру графигі



Жұмыс түрі

Тақырыптар

Ұсыныл.

әдебиеттер



Орындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Конспект

Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар

[5]

1 апта

Конспект тексеру

1 апта

2

Зертханалық жұмыс

Металл өңдеу

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

4 апта

3

Зертханалық жұмыс

Металды түзету

[5]

3 апта

Бұйым тексеру

6 апта

4

Зертханалық жұмыс

Металдан жасалатын бұйымдарды конструкциялау және дайындауды жоспарлау

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

8 апта

7

Межелік бақылау




1 апта

Тест

8 апта

8

Зертханалық жұмыс

Сымтемірді пайдаланып бұйымдар дайындау

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

9 апта

9

Зертханалық жұмыс

Металды көркемдеп өңдеу

[5]

2 апта

Бұйым тексеру

11 апта

10

Зертханалық жұмыс

Металл кесу станоктар

[5]

2 апта

Сұлба тексеру

15-апта

12

Межелік бақылау




1 апта

тест

15 апта



10. Оқушыларды бағалау критерийлері


Пән оқуы тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Ол үшін міндетті түрде барлық жоспарланған тапсырмаларды орындау керек. Әр тапсырма 0-100 балмен бағалады.

Жіберу рейтингі барлақ ағымда орындалған тапсырмалардан алынған бағалардың орташа мәніне тең болады. Қорытынды бақылауға пән бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындаған, 50 балдан кем емес бағасы бар студент жіберіледі.

Студенттің пән бойынша жетістігі И- қортынды көрсеткішпен бағаланады. Ол ЖР Жіберу рейтингі және Е емтихан салмақтары ескерілген бағалардан шығарылады:

И = ЖР*0,6 + Е*0,4

Бағалар салмақтары жыл сайын унивверситеттің Ғылыми кеңесінде тағайындалады: ЖР 0,6 кем емес, ал Е 0,3 кем емес. Бағасында жетекшінің пікірі ескертіледі.

Студентің қорытынды бағасы саналады егер пән бойынша жіберу рейтингісінде және қорытынды бағасында балдары жеткілікті болады. Егер студент себепсіз қорытынды бағалау шарасына қатыспаса оған «жеткіліксіз» деген баға койылады.

Емтихан және аралық бағалау нәтижесі тапсырған күні немесе ертеңінде студенттерге жеткізіледі. Барлық бағалауда әрқашан 0-100 балдық шкала қолданылады.

Пән бойынша студенттердің жетістіктері, яғни білімдері, біліктері, дағдылары, құзыреттілігі әріптік, оған сәйкес сандық және қалыптасқан бағалау жүйесімен айқындалады.




Әріптік жүйе

Оған сәйкес

сандық әквивалент



Балдық көрсеткіштер

Қалыптасқан бағалар

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

жеткілікті

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

жеткілісіз


11. Оқытушының талаптары, политика және процедурасы

Аудиториялық сабақтарға студенттер міндетті түрде қатынасу керек. Егер себепсіз қатынаспаса деканат қадағалаған мезгілде дербес түрде өзі өту керек. Ең көбі екі сабақ себепсіз босатуға рұқсат. Екі кешігіп келі бір сағатқа теңестіріледі. Егер студент екі сабақтан артық қатынаспаса оқытушы ондай студентті себебін анықтауға дейін сабаққа жібермеуі құқықты.

Бөтен адамдарға дәрістер тыңдауға тыйым салынады.

Жоспарланған оқу жұмыстарын мезгілімен тапсыру керек, ең ақырғы мезгіл – сессияға үш кун қалған мерзімімен шектеледі. Барлық жоспардағы жұмыстарды тапсырмай студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Студентке міндетті түрде қатыспаған әр сабақты, тақырыпты дербес қайталап өту керек.

Студенттің оқу жетістіктері тестпен немесе жазба жұмыстарымен анықталады. Тест алдынала ескертусіз өтуі мүмкін.



Оқытушымен жетекшеленген СОӨЖ келесі негізгі төрт функцияны орындауды талап етеді.

Бірінші – пән бойынша алдынала оқытушымен берілген мәліметті белсенді қабылдауды.

Екінші функция – оқытушының нұсқауымен пән бойынша үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын орындап, оқулықтарды оқу. Осы кезеңде студент өзінің қиналатын сұрақтарын анықтап, өзін өзі тәртіпке шақыру қажет.

Студенттердің үшінші функциясы – қиналатын сұрақтарын шешуге жол іздеп, өзінің көзқарасын анықтап, болжау жасап, оқытушыға сұрақтарды дайындау.

Төртінші функция – студент оқытушыдан толық кеңес алып, пән бойынша мәлметін толықтыру.
12. Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Адамқұлов Н. Ағаш өңдеу технологиясы: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010. – 208 бет.

2. Крюков Р.В. Столярное и плотницкое дело. Конспект для колледжей и ПТУ. – М.: А – Приор, 2008. – 304 с.

3. Обработка дерева на станках: практ.пособие / Левадный В.С. Черный Ю.М.-М.: Аделант, 2005

4. Покровский Б.С. Скакун В.А. Слесарное дело.– Санкт-Петербург, BHV, 2004. – 428 с.

5. Цурганов А.М. Лабораторный практикум по технологии металлов и других материалов: Учеб.пособие.-М.,1966


Қосымша:

6. Макиенко Н.И. Общий курс слесарного дела: учебник для учащ-ся нач.проф.образования / Н.И. Макиенко. - 7-е изд., стереот. - М.: Высшая школа, 2005

7. Макиенко Н.И. Практические работы по слесарному делу: учебное пособие для уч-ся нач.проф.образования / Н.И. Макиенко. - 5-е изд., стереот. - М.: Академия, 2001

8. Кругликов Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. –М.: Издательский центр «Академия, 2002. – 480с








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет