Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


Жаңа қауіп-қатерлердің алдын-алу саясаты



бет8/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.71 Mb.
#125298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.2 Жаңа қауіп-қатерлердің алдын-алу саясаты


Республика қауіпсіздігі көршілес және жетекші елдердегі саяси экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз байланысты екендігі анық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегінде атап өткен: «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия аймағының қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Орталық Азияның қауіпсіздігін Орталық Еуразия қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі деп қарастырған жөн. Орталық Еуроазиаттық аймақ ғаламдық қауіпсіздік жүйесінің бөлігі болып табылатын еуроазиаттық қауіпсіздіктің бөлігі болуы керек. Осыған байланысты қауіп-қатер төндіретін барлық азимуттар бойынша, былайша айтқанда, «қауіпсіздік белдеулерін» жасау қажет», - деген сөзі арада жылдар өткенімен әлі де маңызды екендігін көрсетіп тұр [28,25-б.].

Ел Президентінің барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеу, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолындағы 2030 жылдарға дейінгі жолдауында «Қауіпсіздік пен тұтастық мәселелерінде біз үнемі қырағы болуға тиіспіз. Біздің көрсетіп отырған және болашақта да көрсете беретін ізеттілігіміз бен меймандостығымыз тіпті де аңқаулық пен кіріптарлықтың көрінісі емес», - деп атап көрсетілген. Бұл сөз қоғам мен мемлекеттік байланыстың қазіргідей дамып-пісіп, жетіліп келе жатқан кезеңінде өз маңыздылығын аңғартып тұрғандай. Жеке мен мемлекет мүддесінің ортақтастығы қашанда қауіпсіздік мәселесіне келіп тірелетіндігі сөзсіз. Ал қауіпсіздік мәселесі қоғамның әр мүшесінен де қырағылықты талап ететіндігі айтпаса да түсінікті [23].

Сондықтан Сыртқы Істер министрлігі Қазақстанға қауіп төндіріп отырған өзекті мәселелерді шешуге бар күш жігерін салып, аянбай еңбек етуде.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде терроризмге қарсы тұру басым бағыттардың бірі болып саналады.

Қазақстан барлық түрлері мен көріністеріндегі терроризмді қатаң айыптайды және бұл құбылыспен күресте әлемдік қауымдастықтың ұжымдық күш салысуын қолдайды, сондай-ақ БҰҰ ҚК Қарарларының талаптарын бұлжытпай орындайды және жыл сайын БҰҰ Контртеррористік Комитетіне атқарылған жұмыс жөнінде Ұлттық баяндама дайындайды. Халықаралық контртеррористік коалиция құру және оның қызметіне белсенді қатысу қолдау тапты. [7, 156-б.]

Қазақстан терроризммен күрес туралы барлық 13 халықаралық әмбебап конвенцияларға қосылды.

1. Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы конвенция (Монреаль, 1971ж. 23 - қыркүйек, қосылу мерзімі – 1994ж.);

2. Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы конвенцияны толықтыратын, Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететін әуежайлардағы заңсыз зорлық әрекеттермен күрес туралы хаттама (Монреаль, 1971ж. 23 - қыркүйек, 1988ж. 24 ақпанда жетілдірілген, қосылу мерзімі – 1994ж.);

3. Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенция (Гаага, 1970ж. 16 желтоқсан, қосылу мерзімі – 1994ж.);

4. Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыс пен басқа да бірқатар әрекеттер туралы конвенция (Токио, 1963ж. 14 - қыркүйек, қосылу мерзімі – 1994ж.);

5. Пластикалық жарылғыш заттарды, оларды табу мақсатында таңбалау туралы конвенция (Монреаль,1991ж. 1 наурыз, қосылу мерзімі – 1994ж.);

6. Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстың алдын алу және жазалау туралы конвенция (Нью-Йорк, 1973ж. 14 желтоқсан, қосылу мерзімі – 1996ж.);

7. Адамдарды кепілдікке басып алумен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йорк, 1979ж. 18 желтоқсан, қосылу мерзімі – 1996ж.);

8. Бомбалық терроризммен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йорк, 1998ж. 12 қаңтар, қосылу мерзімі – 2002ж.);

9. Терроризмді қаржыландырумен күрес туралы халықаралық конвенция (Нью-Йрок, 2000ж. 10 қаңтар, қосылу мерзімі – 2002ж.);

10. Теңіз кеме қатынастарының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы конвенция (Рим, 1988ж. 10 наурыз, қосылу мерзімі – 2003ж.);

11. Континентальдық шельфте орналасқан стационарлық платформа қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күрес туралы хаттама (Рим, 1988ж. 10 наурыз, қосылу мерзімі – 2003ж.);

12. Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенция (Вена, 1980ж. 3 наурыз, қосылу мерзімі – 2004ж.);

13. Ядролық терроризм әрекеттерімен күрес туралы конвенция (Нью-Йорк, 2005ж. 14 қыркүйек, қосылу мерзімі – 2005ж.).

Қазақстан терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық халықаралық құқықтың барлық нормаларына сай жүзеге асырылуы тиіс деп санайды. Сонымен қатар антитеррористік шаррттық механизмдерді одан әрі жетілдіруді, оның ішінде халықаралық терроризммен күрес жөніндегі Бәрін қамтушы конвенцияны қабылдауды қолдап отыр.

Қазақстан терроризм және экстремизмге қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Қазақстан ТМД АТО, ШЫҰ ААТҚ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық антитеррористік құрылымдар қатарының мүшесі болып табылады.

2003 жылы желтоқсанда ҚР Президентінің бұйрығымен терроризм мен діни экстремизммен күресте барлық күштер құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Антитеррористік орталық құрылды (АТО). АТО-ға барлық арнайы, құқық қорғау және басқа да мекемелердің терроризммен күрес сияқты жұмысын үйлестіру міндеті жүктеліп отыр.

Қазақстан территориясында іс-әрекеті террористік сипаттағы ұйымдарға тыйым салынған. Ұйымдар егер олардың жарғылық мақсаттары мен қызметі ҚР Конституциясы мен Заңдарына және ҚР қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға қарсы келетін болса; егер Орта Азиялық аймақ мемлекеттеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру бойынша бұл ұйымдардың қызметінің жандануы қаупі төнген жағдайда террористік болып танылады.

Қазіргі кездегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Антитеррористік орталығының, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық антитеррористік құрылымының қызметі, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымының терроризм және экстремизмге қарсы күрес саласында қабылдап жатқан іс-шараларының шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріледі.

Қазақстан Президентінің бастауымен 2000 жылы құрылған Антитеррористік орталықтың құрамына кіретін ТМД-ға мүше мемлекеттердің іскерлік әрекеттестігі жүзеге асырылады. Достастық мемлекеттерінің территориясында бірлескен антитеррористік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі анықталған. Оның қызмет ету механизмі 2005 ж. тамыз айында Қазақстанда өткен Достастық елдерінің арнайы қызметтері мен қауіпсіздік органдарының «Каспий-Антитеррор-2005» атты ауқымды бірлескен оқуы барысында сәтті апробациядан өтті.

Орталық Азия аймағының мемлекеттері ашық және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Контртеррористік Комитеті, НАТО/СЕАП, ЕҚЫҰ-ның тиісті бағдарламалары бойынша халықаралық терроризмге қарсы күрестегі халықаралық қауымдастықтың ұйымдастырып жатқан іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша белсенді ынтымақтасады.

Біздің еліміз халықаралық қауымдастықтың терроризмге қарсы күрестегі жігерін іс жүзінде қолдайды және көп жақты ынтымақтастық пен әрекеттестікті дамытады [20].

Келесі өзекті мәселе әлемдік саясаттағы дін мәселесі, яғни дін мәселесін реттеу халықаралық ынтымақтастықтың негізі деуге болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы 23-24 қаңтарда Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің I Съезі өткізілді. [26]

Оған Ислам әлемінен - әл-Азһардың жоғарғы имамы шейх М. Тантауи (Египет), Бүкіләлемдік Ислам лигасының Бас хатшысы А.Ат-Турки (Сауд Арабия), “Джаммат-у-Шабаб-е-Ислам” мұсылмандар ұйымының Президенті С.Аль-Надви (Үндістан), Иран Ислам Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ислам заң ілімі және құқық жөніндегі комитетінің Төрағасы М.Могаддам және Халықаралық ислам университетінің Президенті М. Гази, христиан әлемінен - Қасиетті тақ иесі делегациясының басшысы, Жоғарғы нұркейіпті Кардинал Йозеф Томко (Ватикан), Кройдон Епископы Н.Бейнс (Ұлыбритания), Астана және Алматы митрополиті Мефоди, Франция Митрополиті Эммануэль және Бүкіләлемдік лютеран федерациясының Бас хатшысы И.Ноко (Швейцария), буддизм әлемінен – Қытай буддистер қоғамы Төрағасының орынбасары Ц.Лосанцзюмэй – Туданьцюэцзинимэ, иудей делегациясының лидері - Израильдің Бас Раввині Й.Мецгер, синтоист өкілі - Жапония синтоист храмдар басқармасының директоры М.Сонода, даосист өкілі – Бүкілқытайлық даосистер ассоциясының Төрағасыының бірінші орынбасары Цжан Цзию, индуист өкілі - Индология және дінаралық үнқатысуды зерттеу интситутының Төрағасы Шантилал Карамши Сомайя қатысты.

Форумның құрметті қонағы ретінде әлемнің атақты саясаткерлері – Сауд Арабияның Королінің арнайы өкілі - Әділет Министрі А.Аль Аш-Шейх, Египет Президентінің арнайы өкілі-ауқафтар Министрі М. Закзук, Жапонияның экс - Премьер-Министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі В. Сотиров қатысты. Осы басқосуда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінің декларациясын қабылдады.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері мен жоғары өкілдері жер шарының бейбітшілік пен келісімді орнықтыру ісіндегі діннің рөлін ерекше айтып өтті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезі ҚР Президентінің идеясымен дүниеге келіп, сәулеті мен салтанаты асқақтаған жаңа ғимаратта: «Бейбітшілік пен келісім» сарайында өткізілді

II Съезд жұмысы басталмастан бұрын 11 - қыркүйекте Съезд Хатшылығының Отырысы өтті. Отырысқа жан-жақтан шақырылған әлемдегі діндердің өкілдері қатысып, Съезде қабылданатын құжаттар қаралды. 2 күнге созылған II Съезд жұмысы барысында Съездің күн тәртібіне сәйкес дін лидерлері мен Съездің құрметті қонақтары ресми бекітілген «Өзге діндер өкілдерін құрметтеу және діни сенімге бостандық» және «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы діндер лидерлерінің рөлі» тақырыптары бойынша сөз сөйледі, пікір алмасты. Съездің негізгі құжаты «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II Съезінің декларациясы» және «Дінаралық үнқатысудың қағидалары» дін басшыларымен бір ауыздан қабылданды.

Тәуелсіз жас елордамызда екінші рет әлемнің сан түрлі діндер басшыларының басын қосып, бір-бірімен қол алысуға талпындыруға мүмкіндік берген Елбасымыздың идеясы әлемдік қоғамдастық тарапынан қызу қолдау тауып, жоғары бағаланып, әлемдік деңгейдегі ірі саяси, қоғами және діни қайраткерлер өз сөздерінде Съезд туралы дүние жүзі қоғамдастығында оң көзқарастың қалыптасып отырғанын, бейбітшілік пен ізгілік идеялары әлемдік және ұлттық діндердің баршасына тән екені белгілі екенін баса айтты. Ал Қазақстан осы гуманистік ой-пікірдің кіндігіне айналып отырғанын паш етті.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы келесі өзекті мәселеле Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы. Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады.

Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады.

Сонымен қатар осы аймақтарда тиісті режимдерді анықтау қажет. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Бұл аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет. Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады.

Салалық халықаралық шарттарды келісу үшін Тараптардың тиісті мемлекеттік органдарының уәкілдері деңгейінде Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады.

2003 жылдың 4 - қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды.

1998 жылдың 6 - шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 - мамырында оған Хаттама жасалды.

2001 жылдың 29 - қарашасында және 2003 жылдың 27 - ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды.

Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында 2003 жылғы 14 - мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екі Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде және 2007 жылғы 16 қазанда) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 - сәуірде және 2007 жылғы 20 - маусымда) болып өтті.

Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді. [21]

Сыртқы саясаттағы осы күнгі өзекті мәселе Халықаралық экономикалық ынтымақтастық мәселесі. Осы салада Қазақстан әлем нарығындағы интеграция үдерісіне тереңінен енуіне және ашық ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталған стратегияны жалғастырып, жүзеге асырып келеді. [29]

Ел басшының Египет Араб Республикасында (Шарм аль-Шейх қаласы) өткен Таяу Шығыс бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумына (ДЭФ) қатысуы біздің мемлекет үшін маңызды оқиға болып, көпмиллиардық экономикалық жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, Қазақстандық делегация 2008 жылдың 30 қазан-1 қараша кезеңінде Түрік Республикасында (Стамбул қаласы) өткен ДЭФ-ң Еуропа – Орталық Азия атты бірінші самитіне қатысты. Келесі жылы Қазақстан әлемдік бизнес қоғамының назарын қайта өзіне аудартып, ДЭФ-ң Еуразиялық саммитін үшінші рет өткізуге бағытталған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне жәрдем көрсету жұмысын жалғастыруда. «Үлкен төрттік» мемлекеттерінің 2 мемлекетімен – Канадамен және Австралиямен келіссөздер аяқталып, АҚШ пен ЕО елдерінің Қазақстанмен жалпы жүйелік мәселелер бойынша ұстанымдары жақындатылды. Осы кезеңде, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жолдарының біреуін аймақтық интеграциялық қоғамдамдастықтарға кіру келешегін назарға ала отырып таңдау қажеттілігі аса анық.

Халықарлық қаржы-экономикалық ұйымдармен және даму институттарымен ынтымақтастық жұмыс тәртібінде жүргізіліп, өзара ресми сапарлар жүйе тәртібінде өтіп, нақты бағыт бағдар алды, Республиканың әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық-инновациялық дамуының басым бағыттарына сәйкес шетелдік несиелер санының өсуі де байқалады.

Дүниежүзілік туристтік ұйымы Бас Ассамблеясының 18-ші отырысының дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларды БҰҰ-ң экономикалық құрылымдық бөлімдерінің, әсірессе, Индустриалдық даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО), Сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД) мен Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссияның (ЮНСИТРАЛ) зор тәжірибесі мен мүмкіндіктерін толық қанды пайдалануға шакырамыз. ЮНИДО-ң аймақтық орталығының ашылуы осындай ынтымақтастықтың жүзеге асырылуының айқын дәлелі.

Қазақстан энергикалық ресурстарды экспорттауда қарқынды дамушы мемлекет ретінде және бүкіләлем қауымдастығының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ісіне бар күшін салып отырған белсенді қатысушысы екендігін танытты. Келесі жылы БҰҰ шеңберіндегі Бүкіләлемдік энергоэкологиялық стратегияны және энерготасымалдау тұрақтылығының Еуразиялық пакті жөніндегі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру мақсатында нақты қадамдар жасалады.

Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтағы артып отырған рөлі, соның ішінде, артта қалған шет мемлекеттердің дамуына жәрдем көрсету ісі осындай іс-шаралар аясындағы ұлттық механизмнің құрастырылуын талап етті. Қазақстанның осы саладағы халықаралық әрекетінің нәтижелігін арттыру мен жүйелік тұрғыда дамыту жұмысы ҚР Сыртқы істер министрлігімен басталған болатын.

Ел басының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан үшін әлем қаржы дағдарысының салдарын жеңу Үкіметтің 2009-2010 жылдарға арналған жұмыстың басты тақырыбы ретінде анықталған. Сол себепті әлемнің қаржы-экономикалық жүйелеріндегі күйзеліс құбылыстарын назарға ала отырып, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы индустриалды-инновациялық дамудағы, мемлекеттің бәсекелестікке қарсы тұру саласындағы ұлттық мақсаттардың жүзеге асырылуына зор үлес косуды, сонымен қатар экономиканы модернизациялау мен өзгеріліп жатқан жағдайлардағы отандық капиталдың шетелдегі мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуді басшылыққа алып өз ісін жалғастыруда.

Мемлекеттіѕ ќауіпсіздігі мен егемендігін ќамтамасыз ету тўрєысында Каспий теѕізіндегі аумаќтыѕ шекара жігін ажыратуєа байланысты мјселелерді реттеу жјне биологиялыќ, сондай-аќ минералдыќ ресурстарды игеруге, кеме ќатынасына, ќоршаєан ортаны ќорєауєа ќатысты ќызметті тјртіпке келтіру аса маѕызды болып табылады. Бўл міндет Каспийдіѕ ќўќыќтыќ мјртебесін айќындау жґніндегі бесжаќты келіссґздер шеѕберінде шешілуде. (Каспий теѕізініѕ ќўќыќтыќ мјртебесі туралы конвенцияны јзірлеу жґніндегі Арнайы жўмыс тобы).

Каспий ґѕіріндегі бейбітшілік пен тўраќтылыќты ќолдау маќсатында Ќазаќстан Республикасы Каспий теѕізіндегі ќару-жараќтыѕ тўраќты тепе-теѕдігін орнатуды жјне олардыѕ санына баќылау жасау жґніндегі бесжаќты тетікті ќўруды дјйекті тїрде жаќтайды, мўныѕ ґзі ќауіпсіздікті ќамтамасыз етудіѕ таєы да бір кепілі жјне жанжалдардыѕ алдын алудыѕ сенімді ќўралы болуы тиіс.

Белсенді дипломатиялық қызметтің нәтижесінде халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақстан өзіне лайықты орнын тауып, үлкен беделге ие болды. Бүгінгі Қазақ елін әлем негізді және ашық сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде таниды. Әлемдік қоғамдастықтағы серіктестермен тең құқылы және өзара тиімді қатынастар дамытуға мүдделілік, жаһандық және өңірлік саясаттағы сындарлы да табанды ұстанымдар халықаралық аренада Қазақстан Республикасы туралы оң көзқарастар қалыптастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет