«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер



бет6/12
Дата24.02.2024
өлшемі64.77 Kb.
#493084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016

Түстерді түйсіну: Көзбен қабылданған түстер екіге бөлінеді: ахроматикалық (ақ, қара және солардың арасында жатқан барлық түстер бірақ олар жарқыраыумен ажыратылады) және хроматикалық (қалған барлық түстер, олар түстер тоны, жарықтығы, қанықтығымен ажыратылады).
Түстер тоны – бір түстің басқа түстен айырмашылығын көрсететін сапа. Жарықтық – сол берілген түстің қара түстен айырмашылығын көрсету дәрежесі.қара түс аз жарықтыққа, ақ түс көп жарықтыққа ие. Жарықтық арқылы түстердің айқындығы, анықтығы анықталады.
Қанықтық – берілген түстің сұр түстен айырмашылығын көрсететін дәреже. Түстердің араласуы – табиғатта түстерді қабылдау олардың бір-бірімен араласуынан туындайды.
И. Ньютон және Г. Грассман түстердің араласу заңдарын көрсетті: 1-заң-әрбір ххроматикалық түс үшін басқа түс бар олардың араласуынан ахроматикалық түстер алынады: қызыл және көгілдір-жасыл, сарғыш және көгілдір, сары және индиго-көк, сары-жасыл және күлгін, жасыл және қарақошқыл түстер;
2-заң-қосымшаға қарағанда бір-біріне жақын жатқан түстерді араластырсақ, кезкелген түсті алуға болады, яғни сол екі түстің арасындағы спектрде жатқан түстер; 3-заң- бірдей боп көрінетін екі жұп түстер айырмашылықтарына қарамастан араластырғанда бірдей түс береді.
Ең маңыздысы түстерді бинокулярлы араластыру. Бинокулярлы араласу - әрбір көзді әртүрлі түспен тітіркендіру нәтижесінде алынған үшінші түс. Бір көзбен бір түске, екінші көзбен екінші басқа түске қарасақ, үшінші басқа түсті көреміз.
Түстерді түйсіну теориясы. Экспериментті жөнді негізделмеген түстерді көру құбылысын түсіндіру үшін бірнеше теориялар болды. Солардың негізгісі – Юнг-Гельмгольц және Э. Геринг теориялары.
Юнг-Гельмгольц теориясы бойынша көру түйсінуі өзінің жұтылу спектрі бар үш гипотетикалық жарық сезгіш заттардың бөлінуінен, яғни фотохимиялық процесс әсерінен болады.
Гельмгольцтің пікірінше, көру аппаратында үш түрлі нерв типтеріне бар осылардың жеке қозулары максималды қаныққан үш түсті береді - қызыл, жасыл, күлгін түстер.
Жарық тек біруіне ғана емес, үшеуіне бірдей әсер етеді. Таяқшамен көргенде қара қошқыл түстер алынады, түтікшемен көргенде соған ұқсас процесс жүреді, бірақ бұл айтылғандар эксперимент жүзінде бекімеген.
Э. Геринг түстерді көрудің басқа теориясын ұсынды: көзде үш жарық сезгіш зат бар: ақ –қара, қызыл-жасыл және сары көк. Заттардың диссоциациясынан ақ, қызыл, сары түс түйсініледі, ал ассимиляция қара, жасыл, көк түсті түйсіндіреді. Юнг. Гельмгольц, Геринг теорияларынан басқа да теориялар бар. Г.Э. Мюллер бойынша, перифериялықпен қоса, орталық нерв жүйелері де қатысады. Алғашқылай үш процесс бар - Р, Р, Р. Олар Гельмгольцтегідей үш қозуға сәйкес келеді, екіншілей процестерге хроматикалық процестер жатады.
Олар Геринг бойынша, бір-бірімен өзара әркеттеседі. Мюллер бойынша орталық қозулар алтау-қызыл, сары, жасыл, көк, ақ, қара. Сол сияқты Т. Шьелдерупп-Эббе, Л.А. Шварц теориялары да осы принциптерге бағынады. Түстердің психофизикалық әрекеті.
Әрбір түс адамға өзінше әсер етеді, түстер бір жағынан физиологиялық әсер, екінші жағынан алдыңғы тәжірибеге қатысты ассоциация бойынша әәсер береді.
Кейбір түстер нерв жүйесін қоздырады, кейбірі тыныштандырады. И.В. Гете түстер көңіл – күйге әсер етеді деді. Түстерді бөлді: а) қайғылы, беймазалық көңіл-күй туғызатын түстер: көкшіл көк. Ал аралық түске ол жасылды жатқызды: ол тыныштандырады.
Түстердің эмоциялық әсер етуі ассоциацияларға байланысты: көгілдір түс аспанмен ассоциацияланады, жасыл-көк-шөппен, көгілдір-жасыл-сумен, сарғыш қызыл – отпен. Түстер адам организміне де физиологиялық әсер туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет