«Түйсіну және қабылдау психологиясына кіріспе» пәні бойынша 1 опс, казақ бөлімі 2015-16 оқу жылына арналған қысқаша дәрістер



бет8/12
Дата24.02.2024
өлшемі64.77 Kb.
#493084
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
лекция психолог ощущение и восприят 1 опс 2015-2016

10-11-дәрістер. Қабылдау және іс-әрекет. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері. Есту және көру қабылдаулары
Қабылдау субъектінің практикалық іс-әрекетін бағдарлап, өз дамуында сол іс-әрекеттің шарты мен сипатына байланысты болады. Перцептивті процестердің генезисін, құрылымын және функцияларын зерттеу маңызды және «праксеолгиялық» сипатқа ие.
Қабылдау мен іс-әрекеттің өзара байланысы жайлы түсініктер ұзақ жылдар мойындалмады. Баланың практикалық іс-әрекеті, оның жасқа байланысты өзгеруі адам қабылдауының онтогенезіне маңызды әсер етеді. Индивид қабылданған объект үшін және оның қасиеттерін бағалау үшін меңгерген эталондарды қолданады.
Ол эталондар қабылдаудың оперативті бірліктерін құрайды, баланың перцептивті әрекетін жанамайлайды, сол сияқты оның практикалық іс-әрекеті құралмен жанамаланады, ал ойлау әрекеті сөзбен жанамаланады. Қабылдаудың іс-әрекеттен тәуелділігі баланың онтогентикалық дамуына, функционалды дамуына (сенсорлы оқытудың әсерінен перцептивті әрекеттердің қалыптасуы) байланысты.
Қабылдау мен әрекеттің арасында баланың дамуы барысында өзгеріп отыратын күрделі өзара қатынас болады. Баланың алғашқы даму айында сенсорлық функциялардың дамуы (дистантты рецепторлар) соматикалық қозғалыс онтогенезін басып озады және соңғысының дамуына мәнді әсер етеді.
Бағдарлаушы қозғалыс жоғарғы деңгейге ие болады. Және бағдарлаушы –орнатушы функцияны орындайды (рецепторды сигналдарға бағыттайды). 3-4 айында балада қарапайым практикалық әрекеттер қалыптасады, заттарды ұстау, манипуляциялау. Сенсорлық процестер осы практикалық әрекетке қымет етеді.
Біртіндеп бағдарлаушы-орындаушы, перцептивті әрекеттерді меңгереді. Ерте балалықтан мектепке дейінгі жасқа өтіп (3-7 жас), бала оқыту барысында арнайы адамдық продуктивті іс-әрекетті игере бастайды.
Продуктивті іс-әрекет баланың алдына жаңа перцептивті міндеттер қояды. Жаңа перцептивті әрекеттер қалыптастырудың бірінші сатысында проблема сыртқы материалды, заттар көмегімен практикалық түрде жүзеге асады.
Ал екінші сатыда сенсорлық процестер практикалық іс-әрекет әсерінен ерекше өзіндік перцептивті әрекетке айналады. Үшінші сатыда перцептивті әрекеттер, өту уақыты қысқарып қабылдау әрекетсіз енжар процесс әсерлерін туғызады.
Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, бұл сатыда сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекеті идеалды, қабылдау өрісінің қозғалысына айналады.
Қабылдау психологиясының жалпы мәселелері және қабылдау феномендері. Сезгіштіктің барлық филогенетикалық дамуы мына жағдайды көрсетеді: тітіркендіргішке қатысты сезгіштіктің даму процесі биологиялық мәнділігімен байланысты, яғни тіршілікпен, мінез-құлықпен, ортаға бейімделумен байланыс.
Адам қабылдай отырып, тек көрмейді – қарайды, тек естімейді – тыңдайды, ішкі бағдарды жиі таңдайды, ол затты адекватты қабылдауды қамтамасыз етеді. Адамның қабылдауы тек сезімдік бейне ғана емес, тірі ұғыну. Әрекетпен, іс-әрекетпен байланыс қабылдаудың тарихи дамуын көрсетеді. Әрекет қажеттіліктерімен шарттанған.
Қабылдау әрекетпен және іс-әрекетпен тығыз байланысты. Қабылдау – болмысты тану формасы (познания). Индивидуалды санада пайда болған бейнелерді қоғамдық тәжірибеде табылған затпен, мазмұнмен салыстыру, қосу, тексеру.
Қабылдауды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыруға ең негізгі маңыздылықты беретін сипаты бар. Қабылдау түйсінуден бөлінбейді. Бірақ ол түйсінулердің жәй қосындысы емес. Қабылдауға өткен тәжірибе, қабылдаушының ойлауы, оның эмоциялары, сезімдері кіреді.
Қабылдаудың ерекшеліктерін оптикалы-геометриялық иллюзияларда (Мюллер-Лайер) көруге болады (семинарда қаралады) немесе оларды иллюзорлық қабылдау деп атайды. Қабылдау анализ бен синтездің, бүтін мен бөлшектің бірлігі.
Қабылдаудың қасиеттері – константтылығы, ұғынымдылығы, заттылығы, мазмұндылығы, тарихилығы, таңдамалылығы немесе белсенділігі, қабылдау және жеке адамның бағыттылығы, бақылау және байқампаздық. Осы жағдайлар толық семинарда талқыланады.
Модалдылығы бойынша (көру, есту, иіс, дәм сипап сезу) және материя формасы бойынша (затты, форманы, шаманы кеңістікті, уақытты, қозғалысты) қабылдау түрлері бар.
Қабылдау феномендері – қабылдаудың феномендері оның категорияларымен байланысты. Ол алты класқа бөлінеді:
1. Қабылдаудың бүтіндігі – ол күнделікті тәжірибемен байланысты. Қабылдаудың интенсивтілігі және күші сияқты сапаларын бастан өткереміз. Қабылдауда сапа мен өлшеу орта шартымен модификацияланады (фон немесе жарқырау).
2. Қабылдаудың стимуляциясы, ол қабылданған заттардың олардың формалары, контуры, олардың топтамасымен, яғни конфигурациялық сапаларымен байланысты. Фигура мен фон қабылдаудың негізгі аспектісі. Әрбір сенсорлық модальда әлем кейбір фондар орналасқан фигуралардан тұрады.
Қабылдауда ішкі бүтіндік өзара әрекеті орын алады: әрбір бөлік басқасына әсер етеді. Ол біздің зат жайлы сезімдік мазмұнға емес, перцептивті тәжірибеге байланысты. Немесе қабылдаудың екінші феномені немесе екінші класы. Ол қабылдаудың фигурациялы немесе конфигурациялы аспектісі деп аталады.
3. Қабылдау өткен тәжірибеге тәуелді, өткен тәжірибе дұрыс қабылдауды қамтамасыз етеді, қабылдаудың константтылығы.
4. Адам бағалаудың субьективті шкаласын өзі жасайды. (жарық, күңгірт, солғын, қараңғы). Осыған байланысты қабылдаудың төртінші класы – қабылдаудағы қасиеттердің санақ жүйесі деп атайды.
5. Қабылдаудың универсалды аспектісі – ол қабылдаудың нақты заттық (предмет) сипатымен байланысты немесе оны қабылдаудың фундаменталды қасиеті деп атайды: Бұл қасиет «мән» ретінде түсініледі. Мән тек конфигурациямен немесе бүтіндігі ғана емес, оның шамасымен, жарықтығымен де байланысты. Нақты жағдайлар мен әрекеттердің мәнін сипаттауға қолданамыз.
6. Біз алғашқы үш категорияның сенсорлық сапалар мен өлшеуде, конфигурация мен константтылықта барлық адамға тән қабылдау қасиеттерін суреттедік. Ал төртінші, бесінші категорияны дұрыс тәжірибеге ие адамдарға қатысты сипаттадық.
Ал алтыншы феноменді қабылдаудың индивидуалды айырмашылығына байланысты және бір индивидтің әртүрлі күйіне қатысты суреттейміз. Оны доминант – ішкі бағдар немесе күй эффектісі деп атаймыз. Ол қабылдаудың таңдамалылығына қатысты болады.
Сонымен, қорыта айтсақ, қабылдаудың алты феномені:
1. Сенсорлық сапалар және өлшеу;
2. Конфигурация;
3. Константтылық;
4. Санақ жүйесі;
5. Заттық сипат;
6. Доминант – ішкі бағдар (установка) немесе күй.
Осы 6 кластың эксперименттік бекітулері семинарда талқыланады. Кеңістік пен уақыт – объективтік категория. Дүниедегі заттар мен құбылыстар кеңістікте орын алады, уақыт ішінде өзгеріп, дамып отырады. Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы ғана кеңістікті дұрыс тануға болады.
Уақытты қабылдау адамның эмоция – сезімдерімен, уақытты қалай өткізумен тығыз байланысты адамның көңілі қаншалық шат болса, соншалықты уақыт та тез өткендей болады. Керісінше, адамның көңіл-күйі түсіңкі болса, адам уайымдаса немесе ол қайғы-қасірет шексе, уақыт та тым шабан өткендей болып қабылданады.
Уақыттың дұрыс қабылдануы, оның қандай мазмұнда болуымен байланысты. Әрекетсіз өткен ұзақ уақыт болып көрінсе, мазмұны әрекетке толы уақыт- тез өтетін сияқты болады. Сондықтан уақытты субъективті түрде болжамай тек объективті өлшеуіштермен өлшеген жөн болады.
Сезгіштікті функция ретінде түсінсек те, ол қабылдауды функцияға айналдыра алмайды. Қабылдау – күрделі процесс, онда психикалық іс-әрекеттің әр түрлі жақтары, мәселен, сезгіштік қатысады, бірақ оның алғышартына дамудың белгілі бір деңгейіне қатысты функциясы жатады, себебі қабылдау процесінде ұғыну, өткен тәжірибені қайта жандандыру қатысады.
Ендеше қабылдауға сезгіштікке қатысты айтылатын функция жайлы функцияны жатқызуға болмайды. Сезгіштік функциясы өз орнын түйсінуде алады. Психикалық процестер жайлы айтқанда, біз танымдық процестер, эмоциялық, ерік процестері жайлы айырмашылықты көрсетеміз.
Алайда, ойлау немесе интеллектік, эмоциялық, ерік процестері деп бөлмейміз, бір ғана процестің өзі әрі интеллектік, әрі эмоциялық ерік процесі бола алады. Мәселен, ойлау психикалық нақты процес ретінде интеллектілік пен эмоциялықтың бірлігі, сол сияқты эмоция да эмоциялық пен интеллектінің бірлігі болып табылады.
Психикалық процестер психифизикалық функциялардың сапасы бола отырып іс-әрекетке қосылады. Сондықтан да психикалық процестер (қабылдау, ойлау) алғашында нақты бір іс-әрекеттің процессуалды компоненттері, содан кейін ішкі, теориялық іс-әрекеттің формалары ретінде құрылады.
Іс-әрекет психологиясын зерттеуден кейін біртіндеп жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттеуге өтеміз. Психология ғылымы психологиялық сана және өзіндік сана жайлы ілімдерден басқа мына ілімдерді қамтиды: психофизикалық функциялар, психикалық процестер, іс-әрекеттің психикалық құрылымы, жеке адамның психикалық қасиеттері.
Сондықтан да танымдық-психикалық процестер жайлы психологиялық ойлау жүйесінің методологиялық негізі былай көрсетіледі: психикалық процестерді аналитикалық зерттеуден (біз мұнда осы функция компоненті ретінде қосамыз) іс-әрекет психологиясына қарай; ал іс-әрекет психологиясынан жеке адамның психикалық қасиеттеріне қарай зерттеуді негіздейміз.
Тікелей сезімдік танымның нақты механизмдері жайлы ғылыми түсініктердің дамуы екі жақты мәнге ие болды: психологиялық және философиялық (А.Н. Леонтьев).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет