ДеңгейлерЖас кезеңіЛибидоның шоғырлану аймағыОсы даму деңгейіне сәйкес міндеттер мен тәжірибелерОралды0-18 айАуыз (ему, тістеу, шайнау)Арылу. ´зін анасының денесінен бөлуАналды1,5 – 3 жасАнусДәрет алуға үйрету (өзін-өзі байқау)Фаллистік 3-6 жасЖыныс мүшелері´зі еліктейтін сол жыныстағы ересек адаммен теңесуЛатентті6-12 жасқажеттілігі жоқ (сексуалды әрекетсіздік)құрдастарымен әлеуметтік байланыстың кеңеюіГениталдыПубертант (жыныстық жетілу)Жыныс мүшелері (гетеросексуалды қарым-қатынасқа икемділік)Интимді қарым-қатынастар құру немесе ғашық болу; қоғамға өзінің еңбегімен кірістер келтіру
К.Г.Юнг (1875-1961) - швейцар психологы, психиаторы, мәдениеттанушысы, “терең” психологияның практигі, психологияның “аналитикалық психология” деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан. К.Юнг бастапқыда З.Фрейдпен бірге ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, 1913 жылы Мюнхендегі психоаналитикалық конгрестен кейін екеуі мүлдем айрылысты. ұзақ мерзімді зерттеулер нәтижесінде К.Юнг аналитикалық психологияның теориясы мен сол теорияға сүйенген психотерапиялық практиканы қалыптастырды.
К.Юнгтың кәсіби әрекетінің басын психикалық санадан тыс өнімдер және оның субúект үшін мәні туралы сұрақтар қамтыды.
З.Фрейд көзқарастарымен сәйкессіздік мына сұрақтар бойынша туындайды.
Біріншіден, З.Фрейд бойынша, либидо термині индивидтің бүкіл психикалық энергиясы ретінде қарастырылады, ол психологиялық бұзылулар сексуалдық құмарлықты басу және эротикалық қызығуды сыртқы орта обúектілерінен ішкі әлемге аудару салдарынан болады деп есептесе, К.Юнг либидо ретінде сексуалды формаға тәуелсіз жалпы психикалық ауытқу сексуалдылықты ығыстырудан басқа да, сыртқы ортамен байланысты жоғалтуға әкелетін жайттармен анықталады деп көрсетеді.
Екіншіден, З.Фрейд бойынша, невроз ерте балалық шақта пайда болады, оның негізгі факторы эдипкомплекстер, фантазиялар мен қалаулар болатын болса, К.Юнг бойынша, невроз себебі бүгінгі күн жағдайларында, ал балалық фантазиялар - екінші жоспарда.
¶шіншіден, З.Фрейд бойынша, түс көру - жанама түрде көрініс беретін, шынайы жағдайларда орындалмаған қалаулар мен қызығулар. К.Юнг бойынша, түс көру - психикалықтың санадан тыс жағымен байланыстырушы канал, ол түсінуге өте қиын символдық тіл арқылы беріледі және оның орындалмаған қалаулармен байланысты болуы міндетті емес. Түс көру саналы күндізгі өмірдің толықтырмасы болуы да мүмкін.
К.Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:
1) саналы;
2) индивидуальды бейсаналылық;
3) ұжымдық бейсаналылық.
Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын - ұжымдық бейсаналылық бөлім. Бұл - бүкіл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі. Бұған тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді.
Санадан тыс сфераға эндопсихологиялық қызметтер арқылы жақындай аламыз. Бұл бейсаналы процестерді тікелей бақылау мүмкін емес. Бірақ оның санада көрінетін өнімдерін екі класқа бөліп қарастырамыз:
Ego - сана орталығы, саналы өмірде негізгі рөл атқарады. Ego саналылықты сезінеді, тұлғаның ойлары мен әрекетінің ретін, сана мен санадан тыс әрекет байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай үйлесім бұзылған жағдайда невроз пайда болады.
Көлеңке – бұл әлеуметтік стандарттармен сәйкес келмейтін сана асты армандар.
“Көлеңке” - индивидуалды бейсаналылық сферасының орталығы, мұнда әлеуметтік стандарттармен, идеалдармен сәйкес келмейтін, индивидті саналы түрде мойындамайтын қызығулар мен сезімдер, қалаулар мен тенденциялар енеді.
´мірде біз өзімізді персонамен теңдестіреміз, ал көлеңкеге мән бермеуге тырысамыз. Көлеңке неғұрлым саналы болса, тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасы соғұрлым үйлесімді болады. Көлеңке - эгоның кері бейнеленуі ғана емес, ол өмірлік энергияның,