Т±лѓа теориялары (З. Фрейд, Э. Эриксон, Э. Фромм, А. Маслоу, К. Юнг, К. Роджерс)



бет6/7
Дата04.03.2024
өлшемі152.5 Kb.
#494118
1   2   3   4   5   6   7
3 лек

Э.Эриксонның теориясы

  • Э.Эриксонның теориясы
  • Атақты З.Фрейдтен кейін көптеген зерттеушілер эго-процестердің маңызы мен олардың дамуын көрсету үшін психоанализді қайта қарастыруға тырысты. Солардың қатарында әйгілі эго-психолог Эрик Эриксон да бар. Көптеген постфрейдистер сияқты, Э.Эриксон үшін эго және индивидтің дамуы барысындағы оның адаптивті мүмкіндіктері маңызды болды. Дегенмен, бұдан ол өз теорияларында биологиялық және әлеуметтік факторларды қарастырмады деп айтуға болмайды.
  • Э.Эриксон теориясының негізгі бағдарлары келесі кезеңдерден тұрады:
  • 1). Адамның бүкіл ғұмырлық даму процестерінде болып отыратын өзгеріс акценті;
  • 2). Идентикалық сезімінің жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінеді;
  • 3). Жеке тұлғаның құрылымындағы тарихи және мәдени факторларды зерттеу барысындағы клиникалық бақылауға назар аударылады.
  • Э.Эриксон жасаған ңадам жасының сегіз кезеңің (ңвосемь возрастных периодов ÷еловекаң) өз кезегінде жеке тұлға теориясына қосылған маңызды және түбегейлі еңбек болып табылады.
  • Оның мәдениетті тұлғаның дамуына тигізетін әсерді көрсетуге жасалған қадамы көптеген зерттеушілердің еңбегіне бастама болды. Осының нәтижесінде бүгінгі таңдағы адамзат кездесіп отырған негізгі психологиялық мәселелерді зерттеуге құлшыныс байқалды.
  • Эго-психологияның пайда болуындағы негізгі аспектілер әлеуметтік және мәдени ортадағы тұлғаның дамуына әсер ететін туысқандық теорияның пайда болуына алып келді.
  • А.Адлер мен Э.Эриксон көрсеткен бағыт бойынша, бұл теорияда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың талдау жолдары бүкіл жеке тұлға мен мотивациялық процестердің іске асырылуы үшін жаңа жолдар іздестірілді. Бұл теорияның негізін қалаушылар З.Фрейдтің адам табиғатында кездесетін инстинктивті сексуалдық мотивінен бас тартты.
  • Сонымен, тікелей Эрик Эриксонға (Erіk Erіkson) келсек, ол 1902 жылы Германияның Франкфурт қаласында дүниеге келген. Жоғарыда аталған оқымыстылардан айырмашылығы – Э.Эриксон арнайы жоғары білім алмаған. Бірақ сонысына қарамай, оның тарихқа және өнерге деген ынтызарлығы мен құштарлығы зор болған. °сіресе, 1927 жылғы оның Венада З.Фрейд әулетімен танысуы және осы тұстан бастап оның психоанализ теорияларына назар аудара бастауы оның өмірінің басқа арнаға ауысуына әсер етті. 1927-1933 жылдары Анна З.Фрейдтің басшылығымен психоанализді тереңдете зерттеуге көшті.
  • Оның психоанализдік көзқарасының қалыптасуына АқШ-тың Гарвард университеті көп көмегін тигізді. Баланың дамуына мәдениеттің әсерін зерттеу оның негізгі тақырыбына айналды. Бұған 1950 жылы шыққан ''Балалық шақ және қоғам'' атты еңбегі дәлел бола алады. Бұдан өзге ''Лютердің жастық шағы: психоаналитикалық және тарихи зерттеулер'' (1958), ''Идентификация: жастық шақтың кризисі'' (1968), ''Жастық шақ: өзгерістер мен шақырулар'' (1963) атты негізгі үш кітабы жарық көрді. ңБалалық шақ және қоғам'' атты еңбегінен кейін ол әлемдік эго-психологияның жетекшісі ретінде танылды. Эрик Эриксонның бүкіл шығармалары осы эго-психологияның дамуына үлкен әсерін тигізді. Оның ісін өзімен қатар көптеген шәкірттері де жалғастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет