Жоғары қарай жүрсек,қиылыстағы,тағы бір батырымыз атындағы даңғыл, Райымбек атындағы даңғыл — даңғылға қазақ батыры, XVIII ғасырдың орта шенінде жоңғарларға қарсы шайқасты басқарған, ірі қолбасшы Райымбек Қангелдіұлының есімі берілген.Даңғыл Медеу, Наурызбай, Алатау, Алмалы, Әуезов, Жетісу аудандарын қиып өтеді. Даңғыл Алматы қаласындағы ең ірі магистраль болып саналады. Ол қаланың шығысынан батысына қарай кіші Алматы өзені маңынан басталып, қалааралық күре жолға барып жалғасады. Бұрынғы атаулары: Ташкентская (1967 жылға дейін), Октябрдің 50 жылдығы (1967-1992) Даңғылдың ұзындығы - 13000 метр. Даңғыл бойында Алматы-2 темір жол вокзалы, Жамбыл технология университетінің Алматы филиалы, т.б. мекемелер орналасқан.
Ендігі кезекте Назарбаев даңғылы және Райымбек батыр даңғылының қиылысында орналасқан «Райымбек батыр» бекеті – таяз орналасқанЖерасты вестибюліне кіретін және шығатын жерлер Назарбаев даңғылы мен Райымбек батыр даңғылы қиылысқан әрбір бұрышқа орналасқан. Тағы екі кіретін және шығатын жерлер Назарбаев даңғылы бойында, Райымбек батыр даңғылының солтүстігіне қарай орналасқан.Таяз орналасқан бекет ені — 10 м, ұзындығы — 104 м бір арал іспеттес платформасы бар бір күмбез тәрізді.
Әрлеуі ежелгі заман мен қазіргі замандағыүлгілерді біріктіру етіп орындалған. Қабырғаларда ұлттық өрнектер мен жартасқа салынған суреттер бейнеленген.
7 қараша күні Алматыда Райымбек батырдың 12 метрлік ескерткіші ашылды. Мүсін толығымен қоладан құйылған. Туындының авторы - Едіге Рахмадиев, дизайн авторы – Игорь Поляков, сәулетші – Владимир Немчиков.
Райымбек батырдың ескерткіші стилі мен көркемдік келбеті бойынша ең жақсы ескерткіштердің бірі болып саналады. Ескерткіш ерлік түрінде тұрғызылған - шайқастың ең жоғары қарқыны кезінде оның үстінде отырған ат пен батыр бейнеленген. Батырдың киімдері мен құрал -жабдықтары мен ат әбзелдері тарихи тұрғыда егжей -тегжейлі өңделген. Ескерткіш биіктігі 12 метр. Тұғырдан Мұқағали Мақатаев өлеңінің жолдарын және батырдың өмір сүрген жылдарын оқуға болады.Ескерткіш Райымбек көшесі мен Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан.