Тобы: 4 б кшо орындаған: Қ. С. Шамарова Қабылдаған



бет11/17
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#463359
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Математика сабағында «Нүкте. Сәуле. Бұрыш» тақырыбын өткенде фигуралардың нүктелер жиынтығынан құралатынын түсіндіре келіп, әр фигураны атап айтқызамын. Кеспе қағаздарды пайдалана отырып, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш т. б. Фигуралардан қандай бұйымдар жасауға болатынына ой тастаймын. Оқушылар ойлана келіп, шаршы мен үшбұрыштан үйді құрастырып, тіктөртбұрышты фигуралардың екі түрін алып машина құрастырады, дөңгелектерден аяқтарын қояды.

Бірнеше нүктелерді тақтаға белгілеймін. Оқушыларға сол нүктелерді қосатын түзулер сызғызамын. Біріккен түзулерден шыққан фигуралардың атын айтқызамын. Әр түрлі кеспе қағаздардан фигуралар жасап, ондағы пішіндердің неге ұқсайтынын айтқызамын. Қоршаған ортадан сол фигураға ұқсайтын бұйымдарды тапқызамын.

Сауат ашу пәніне қолдану. Бірінші сыныпта «Сауат ашу» пәнін оқыту барысында «Дыбыс және әріп» тақырыбында дауысты дыбысты қызыл дөңгелекпен белгілеп ажырата бастаймыз.«А әрпі мен дыбысы» тақырыбын өткенде «алма» сөзі төрт дыбыстан тұрады, төрт шаршымен белгіленген. Олардың дыбысталуы, қандай фигура екенін, дауысты екі қызыл дөңгелек пен дауыссыз екі көк дөңгелектен тұратынын белгілетемін.
Алманың түсі, дәмі, пішіні қандай деген сұрақтар қойып, домалақ пішінді тағы не көріп тұрсыңдар? дей отырып басқа да бұйымдардың пішінін ажырата білуге машықтандырамын. Мысалы: алмұрт сопақша, апельсин, анар да домалақ екен, ал банан сопақша екен т. с. с.«Я әрпі мен дыбысы» тақырыбын өткен кезде «Ұя» өлеңін мәнерлей оқи отырып, құстың ұясының неден жасалғанын, кім жасағанын, қалай жасалғанын сұраймын. Ұяның пішінін сипаттауды сұраймын. Қабырғасы шаршы немесе тік төртбұрыш, ал шатыры үшбұрыш фигураларына ұқсайтынын балалар айтады.

Дүниетану пәніне қолдану.Дүниетану сабағында ауа райын бақылаудың күнделігін толтырамыз. Әр бір шартты белгінің қандай фигураға ұқсайтынын айтқызамын. Күн ашық - дөңгелек, жаңбыр - төрт нүкте, мұз - үшбұрыш, найзағай - қисық сызық.
«Бунақденелілер» тақырыбын өткізген кезде бал арасының пішінін қандай фигураларға ұқсайтынын тапқызамын. Басы дөңгелек, кеудесі сегмент, құрсағы сопақша, қанаттары ұзын, мұрты қисық сызық. Өзінің еңбекқор жәндік екендігін айтамын. Оның омартадағы бал жинайтын «ұяшықтарының» қандай фигураларға ұқсайтыны айтқызамын. Орналасуын сегніз бұрыш фигурасы арқылы көрсетіп беремін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет