Тобы: БӘД-011. Түркістан 2022 жоспар


Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты



бет2/4
Дата19.04.2023
өлшемі97.48 Kb.
#472430
1   2   3   4
Б ж та ырыбы Критериалды ба алау ж йесіні т жырымдамалы негіз

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға; • Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға; • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін: • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға; • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; • Сабақ берудің сапасын арттыруға; • Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге Ата-аналар үшін: • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға; • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; • Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді; • Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет