Тобы: Журналистика



бет1/13
Дата10.06.2023
өлшемі0.53 Mb.
#474922
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Abduvositova Maftuna F 1178 1240 -611 Zakiryaeva Zilola Zhunaydullaeva Dinora


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.



Факультеті: Әлеуметтік-гуманитарлық


Тобы: Журналистика
БӨЖ

Тақырыбы: Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орны.


Қабылдаған: филос.ғ.к., доцент Шадинова. Г


Орындаған: Биболат Әсел
Түркістан - 2020

Мазмұны.


I Кіріспе..................................................................................................................................2


II Негізгі бөлім......................................................................................................................3

  1. ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясына жалпы сипаттама............................................................................................................................3

  2. Орыс философиясындағы экзистенциалистік сарындар.....................................6

  3. В.В.Соловьевтың «орыс идеясы»........................................................................10

  4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.......................................................13
    III Қорытынды.................................................................................................................16

IV Лев Толстой мен Достоевскийдің нақыл сөздері....................................................18
V Қайталауға арналған тест тапсырмалары..................................................................19.
VI Глоссарий..................................................................................................................22
VII Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................23


Кіріспе

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі — Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды. Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, көптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қаласында өткен халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі. «Орыс философиясы» деген ұғым туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, талдаудың мазмұндық және мағыналық шектерін көрсету қажет. Орыс философиясы ХІ ғасырдың бастапқы кезеңнің ХVІІ ғасырда қалыптасты. Өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады. Ол Киев Русінде пайда болып және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандыру ықпалымен байланысты болды. Өзінің пайда болуында, бір жағынан славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымның бірқатар белгілерін мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы Антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуынынң негізгі бағытына сай дами отырып, христиандырылған күйінде болса да, антиктік, византиялық ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін бастан қолданды. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіне негізделеді. Ең алғашқы орыс философиясы – киевтік метрополит Илларион (ХІғ) «Заң және береке туралы» сөзінде орыс жерінің қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік ағымға енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысына ресейдің тарихи және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдік мәнімен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет