Тобы: Тарих-11 Факультет: Тарих және өнер Практика жетекшісі


Практиканың 4-ші күні 25.01.24ж



бет4/4
Дата11.02.2024
өлшемі3.4 Mb.
#491600
1   2   3   4
шокан

Практиканың 4-ші күні 25.01.24ж

Бүгін сабақ математика пәнінен басталды. Балалардың қаламын жинап алып, бақа ойынын ойнатты. Яғни 3 сұрақ беріледі дұрыс жауап бермесе бақа суға кетеді. Бұлда балаларды қызықтыру үшін жақсы әдістердің бірі деп ойлаймын. Көркем еңбек сабағында бүгін қыздар матаға қарапайым тігіс түрін үйренді. Инені дұрыс ұстап, қауыпсыздық шараларын инені тігіп болғансоң жіпке немесе матаға шаншып қою керегін білді. Келесі сабақтар тарих пәнінен Тасмола мәдениетін өтіп, толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Музыка сабағынан хакас халқының мухыкалық дәстүрі мен олардың аспаптарымен, башқұрт халқының музыкалық дәстүрімен танысты. Қазақ әдебиеті пәнінен бүгін Бердібек Соқпақбаевтің өмір баянымен танысып, үйге «Менің атым Қожа» фильмін көруге берді.








Практиканың 5-і күні 26.01.24ж

Әдеттегідей сабақ математика сабағынан басталды. Бүгін сабақта 23 оқушының ішінен 8 оқушы сабақта болған жоқ. Сабақтарды артта отырып бақыладық. Жас мамандарға жиналыс болғандықтан орыс тілі, көркем еңбек сабақтары болған жоқ.Орыс тілі сабағында мұғалімнің берген тапсырмасын орындап отырды, келесі көркем еңбек сабағында оқушылар өз беттерінше сурет салып отырды. Сонымен бірге 29.01.24ж болатын 5-7 сыныптар арасында өтетін көрініске дайындықты бастадық. Оның аты «жұлдыздар бір сыныпта оқыса қалай болар еді» тақырыбында болды. Сыныптың тең жартысы көрініске қатысады. Біз оларға көмек ретінде сценарий жазып беріп, әркіи не айтатынын түсіндірдік. Дегенменде балалар 3 орынды иеленді. Бірақ оқушылардың еш көңіл күйлері түскен жоқ.Бәрі ойдағыдай өтті.





Мектеп іші көріністері




Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық


педагогикалық институты,
«Тарих және өнер» факультетінің
«Тарих» ББ-ның 1-курс студенті
Қаржау Айгерім оқу-танысу
тәжірибесінен өткені туралы

Есебі
Мен, Қаржау Айгерім 22.01.24 – 26.01.24 оқу жылының аралығында Арқалық қаласының «Шоқан Уәлиханов атындағы №1 мектеп» жалпы орта білім мектебінде оқу-танысу іс-тәжірибесінен өттім. Тәжірибенің алғашқы күнінен бастап мектеп жұмысының құрылымы мен қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөлу тәртібі мен қызметтік бағыну жүйесін түсіну,негізгі ұйымдастыру принциптерімен таныстым.Тәжірибенің алғашқы күні директордың оқу жөніндегі орынбасары Бикенова Шынар Хамитқызымен таныстым. Мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары мен мектеп психологы бізді мектеп ішіндегі ережелермен таныстырып , сыныптарға бөлді. Маған түскі ауысымда оқитын 5 «Ә» сыныбы бекітілді. 22 қаңтар күні мен 5 «Ә» сынып жетекшісі Ғабдолла Гүлсім мұғалімімен таныстым. Директордың оқу жөніндегі орынбасары бізге өз жұмысына қатысты 15 түрлі папкамен толық таныстырды. 23 қаңтар күні сынып жетекшінің құжаттарымен толық танысып, сыныптың сабағына қатыстым және олардың сабаққа қалай араласатынын, сынып ұжымымен және мұғалімдермен қарым-қатынасын сырттай бақыладым.Сонымен қатар 5 «Ә» сыныбы мектепте өтетін іс-шараларға да белсене қатысатынын байқадым. 24 қаңтар күні мұғалімлердің оқушыларға қолданатын жаңа әдіс тәсілін көре отырып, олардың оқушыларды шабыттандыратынын оқуға ынтасын ашатынын байқадым. 25 қаңтар күні мұғалімінің қызметімен, «kundelik.kz» электрондық журналымен,жиынтық бағалау крийтериімен,сабақ жоспарларымен,сынып жетекшісінің қызметімен таныстым. 26 қаңтар күні мектептің жұмыс жоспары,іс-шаралар жүйесін зерделеу мен тапсырмалардың орындалуын бағалауды үйрендім.Мектепте жұмыс істейтін үйірме жұмыстарының ұйымдастырылуымен таныстым.Соның бірі «Домбыра» үйірмесі. Үйірменің мақсаты рухани адамгершілік және азаттық-патриоттық тәрбиелеу,қазақ халқының нақышы киелі домбыраны жас буын ұрпаққа үйрету.


Қорыта келе, оқу-танысу тәжірибе арқылы мен мектептің жұмысымен толық таныса алдым. Сыныппен, оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін түсініп, сыныптың сабақтарына қатысып, әр оқушыны зерттей алдым. Және сынып жетекшінің жұмысымен де танысып,сыныппен қандай қарым-қатынаста болу керектігін біле алдым. Сондықтан да мен үшін педагогикалық-психологиялық тәжірибенің маңызы өте зор болды.

Тәжірибеден өтуші: Қаржау Айгерім


Қолы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет