Тохтамишова Валида Бастауыш мектеп 5 2013 Сын тұрғысынан ойлау – ой қозғау



бет2/2
Дата18.05.2022
өлшемі29.29 Kb.
#457021
1   2
Сын тұрғысынан ойлау - ой қозғау

I фаза .Қызығұшылықты ояту .
Үйрену процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады . Үйренуші жаңа ұғымдарды ,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі .Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі , не айта алатындығын анықтаудан басталады . Осы арқылы ойды қозғау , ояту , ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады . Осы кезеңге қызмет ететін «Т оптау» , «Түртіп алу» , «Ойлану» , «Жұпты талқылау » , «Болжау », «Әлемді шарлау » т.б.
деген аттары бар әдістер жинақталған . Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру , өйткені үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс- әрекет екені даусыз . Оқушы өз білетінін еске түсіреді ,қағазға жазады , көршісімен бөліседі ,тобында талқылайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап , оны байырғы білімін ұштастырады.
II фаза. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі – мағынаны тану(түсіне білу).
Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады , тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар , тақырыппен танысу барысында
V-«білемін»,
– –білмеймін
+–мен үшін жаңа ақпарат ...
– ? мені таңғалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT–оқығанын түсінуге , өз ойына басшылық етуге , ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал . Бір әңгіменің соңына тез жету , оқығанды есте сақтау , мәнін жете түсіну күрделі жұмыс .Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл- желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі .
III фаза . Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі .
Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне , басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады.
Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақта аса қажетті мəнді, маңызды əрекет болып табылады. Дəл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үокен əлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тəрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған < Бес жолды өлең> , < Венн диаграммасы> , < Семантикалық карта> , < Т кестесі> сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқүшылардың бір- бірімен ой алмастыруын, ой түйістерін қамтамасыз етеді, əр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлаудыдамыту жобасын пəн ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші, сыныпта шешім жасаушы жəне үкім кесуші мұғалім емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырылады, яғни, оқушы басты тұлғаға айналады, мұғалім рөлі төмендейді, тіпті 2 -3 есе жоғарылайды, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс- əрекеттерді əр баоаға лайықтап ұйымдастырушы, баланың қабілет көзін ашушы тұлға. Сөйтіп өз тəжірибемізді осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір – бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын көріп отырамыз. Дəл осы тоғысудан ізденгіш мұғалім өзі үшін көп нəрсе алары сөзсіз.
Біз балаларымыздың , оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылықтарын көрсете білуін жəне оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мүғалім оқушының нышандарын оянуына , оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда < Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту> жобасы өз уақытында қолға алынған, дидактиканың бүгінгі күні көкейтесті мəселесін шешуге бағытталған технология деуге əбден болады. Оқушының шығармашылығын шыңдайтын, ойы оқшау азамат етуге ықпалы мол əдістер жүйесі деп таныған жөн. Бағдарламамен жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің сабақтары жəне өз тəжірибемізді талдау, зерттеу осыны байқатады.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болуы керек, оның кəсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің перделерін дəл тауып, оны айта билу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан жəне баоа жүрегіне жол таба билуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта, өзіндегі барды асқан мейрімділікпен жеткізе білу ұстаз шеберлігінің бір қыры.
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылтайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шəкірттеріне нұр қуятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын.

Пайдаланылған əдебиеттер:

  1. < Мектеп> журналы 2009 ж.

  2. < Бастауыш мектеп> журналы.

  3. Əрекеттегі RWCT философиясы мен əдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет