Ток тізбектері 1 Тұрақты ток электр тізбегі


Резисторларды тізбектеп қосу



бет4/4
Дата25.01.2022
өлшемі48.84 Kb.
#454812
1   2   3   4
дәріс 1

Резисторларды тізбектеп қосу


Электр тізбегінде әр түрлі кедергісі бар бірнеше энергия тұты-нушылар болуы мүмкін.

Генератордың сыртқы тізбегі (4-сурет) R1, R2, R3 кедергілері бар үш энергия тұтынушыларынан тұрсын дейік. Әрбір тұтынушының тұйықталған бір электр тізбегіне бірінен соң бірін тізіп жалғауды тізбектеп қосу деп атайды. Мұндай тізбекте барлык тұтынушылардан бірдей ток өтетініне көз жеткізу киын емес. Ал сыртқы тізбектің кедергісі тұтынушылар кедергісінің қосындысына тең болады. Біздің жағдайда Ом заңы формуласы мынадай түрде болады:
I = E/(r0 + R1 + R2 + R3) (1.15)
Сонымен, тізбектеп қосылған үш өткізгіш болғанда, тізбектің жалпы кедергісі R = r0 + R1 + R2 + R3, ал сырткы тізбектін кедергісі R'= R1 + R2 + R3.


4 Сурет – Резисторларды тізбектеп қосу

Энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу, сырткы тізбекке түсірілген кернеуге тең, ягни
U= Е - Ir0 = I (R + R2 +R3) (1.16)
мұндағы Ir0 —энергия көзінің ішкі кедергісіне түсетін кернеу.

Тізбектеп қосылған энергия тұтынушыларының қысқыштарын-дағы кернеу, токпен кабылдағыш кедергісінің көбейтіндісіне тең, яғни

U1 = IR1
U2=IR2
U3 = IR3
U1 + U2 + U3 = U
Сонымен, тізбектеп қосылған тұтынушылардағы кернеулер қо-сындысы энергия көзінің қысқыштарындағы кернеуге тең.

Тізбектеп қосылған тұтынушылардан тұратын тізбектің барлық учаскелеріндегі ток бірдей болғандықтан, кернеулер олардың ке-дергісін тура пропорционал немесе өткізгіштігіне кері пропорцио­нал болады, яғни
U1 *U2*U3 = R1*R2*R3=l/g1*l/g2 *l/g3 (1.17)
Тұрақты кернеу кезінде ток тізбек кедергісіне тәуелді болады. Сондықтан тізбектеп қосылған тұтынушылардың бірінің кедергісі өзгерсе, онда ол тізбектің жалпы кедергісі мен әрі ондағы токтың өзгеруіне алып келеді. Бұл кезде барлық тұтынушылардағы кернеулер де өзгереді.

Тізбектеп қосылған қосымша резисторлар іс жүзінде кернеулерді төмендету үшін (іске косқыш және реттегіш реостаттар) және де өлшеуіш аспаптардың, мысалы, вольтметрлердің өлшеу шегін кеңейту үшін қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет