Төкенова Бақытгүл ҚТӘ


Алдыңғы Азия, Иран, Орталық Азияның әр түрлі халықтарының исламдық мәдениеттің қалыптасуына қосқан үлесін шынайы түрде бағалау



бет3/3
Дата05.04.2023
өлшемі16.93 Kb.
#471781
1   2   3
Т кенова Ба ытг л Т

Алдыңғы Азия, Иран, Орталық Азияның әр түрлі халықтарының исламдық мәдениеттің қалыптасуына қосқан үлесін шынайы түрде бағалау.
 VII ғ. Ислам діні араб түбегінде қалыптасып, енді өсіп келе жатқан шағында, солтүстігінде көрші тұрған Византия мен Сасанид империялары дүркіреп тұрған кезі болатын. Жаңадан қалыптасқан, жас мұсылман елі Мұхаммед Пайғамбардың әкелген дінін өзгелерге жеткізу мақсатында өзінен әлдеқайда қуатты елдерге жорық жасаудан тартынбады. Бұл мақалады мұсылмандардың дінді жаюға әсер еткен негізгі қозғаушы факторларына және аймаққа исламның орнығу себептеріне тоқталдық. Көптеген халықтардың, оның ішінде түркі халықтарының да төл сеніміне, мәдениетіне айналған Ислам діні
Джо-Анн Гросстың айтуынша, «Орталық Азия мәдениетін қазіргі таңда түрік-иран мұрасы айқындайды, Орталық Азия халықтарының басым көпшілігі бұдан бұрыңғы тарихи кезеңдерде түркіленгендігін ескеру керек. Ислам бұл жерлерге VIII ғ. бастап арабтардың келіп орталық қалаларды басуымен енді. Жүздеген жылдарға созылған исламдандыру үрдісі күрделі, әрі түрлі жолдармен болды»
Орталық Азияда өзгерістердің орын алу үдерісін түсіну үшін, ең алдымен түпкі фактордан, жаңа өркениеттің қайнар көзінен, ауқымды аймақтардың тұрмыс-тіршілігін түрлендірген – ислам дінінен бастау керек. Себебі, «ол – мұсылмандарды дінді жаюға итермелеген негізгі рухани өзек болып табылады. Осы діннің шеңберінде және сол арқылы жаңа әлеуметтік қоғам қалыптасты. Ислам жеткен аймақтардағы халықтарға олар үшін жаңа болған сауалдарды қойды, өмір және әлем жайында жаңа ой негіздемелерін ұсынды.
Сөзсіз, ислам сенімі адамның тегіне, этникалық түріне қарай бөлінбейді. Ол бүкіл адамзаттың бір тектен туындау принципін ұстанады. Исламда адамдар нәсіліне, тегіне қарап емес, сеніміне қарай ажыратылады. Ислам ибрахимдік болып табылатын, пайғамбарлар арқылы жеткен монотеистік діндерді мойындайды және оларды «Кітап иелері» деп атайды. Бұл дегеніміз, ислам діні христиан және иудаизм сенімдеріне қанша сыни көзқараспен қарағанымен, олардың тарихи маңыздылығын, оларға өте жақын сенімдер екенін айтып, әрі байланысын жоққа шығармайды
А.Зарринкуб «Кітап иелерін» ислам қабылдауға мәжбүрлеген жоқ деп жазады. Еврей христиан елдерінен гөрі, ислам елдерінде әлдеқайда еркін, амандықта өмір сүрді. Сол сияқты шығыстық христиандар – несториандықтар, яковиттер және т.б. Римдік империядан гөрі, исламдық жерлерде тыныш ғұмыр кешті. Ал ислам иелігінде өмір сүрген зороастрийлер төлеп жүрген джизия салығы кезінде сасанид билігіне төлеген жан басы салығынан бірнеше есе төмен болды.
аймақтағы халықтардың арасында исламның таралуына себеп болған келесі факторлар бола алады:
- бұрыңғы наным-сенімдердің, секталар мен ағымдардың құлдырауы;
- әлеуметтік-экономикалық сипаттағы факторлар;
- саяси факторлар;
- Сасанид елінде бірлік идеяларының болмауы;
- салықтардың көптігі халыққа ауыр келуі;
- Сасанилердің мемлекеттік құрылымның құлдырауы және мемлекеттік жүйенің әлсіреуі;
- ұлттың және оның дәстүрлі-моральдық негіздерінің ескіруі;
- касталық жүйе және әлеуметтік-әділ қатынастардың болмауы;
- тиімсіз экономикалық жүйе;
- адамның құқығын таптайтын сот және заң жүйесі;
- ислам ілімін толық мойындау, оның әділ сипатын және Құдайдың алдындағы барлық адамдардың тең құқылығын қабылдау;
- жаңа діннің көркемдігі және т.б.

Сасанид империясының және өзге де аймақтардағы халықтардың исламдануына әсер еткен факторлардың ішінде жергілікті халықтардың исламды ерікті, саналы түрде қабылдауы маңызды орын алады. Аймақтарға келген жаңа араб нәмеңгерлері ауыр салық салумен, арабтарды өзгелерден жоғары санаумен қоғамда наразылық тудырғанымен, ислам ілімі өзінің әділдігімен, адамдардың Құдайдың алдындағы теңдігімен, өзге дін өкілдеріне деген ерекше толеранттылығымен жаппай қолдау тапты. Осындай қасиеттерге ие болған Ислам ілімі түркі халықтарының исламдануына түрткі болған басты фактор болып табылады.
Ислам дінінің таралуы орта Азия елдеріне тигізген әсері олардың өркениетінде кенінең көрсетіледі әсіресе әдет-ғүрып салт-дәстүрлеріне

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет